Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтануды үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сабақтың түрі: әңгімелесу



Дата11.01.2017
өлшемі54 Kb.
#7415
түріСабақ
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі» ММ

Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Кункенова Ж. А.

2014-2015 оқу жылы



Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтануды үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: әңгімелесу

Көрнекі құралдар: «Тамақ пирамидасы», «Дұрыс тамақтану» плакаттары, жеміс жидектің, көкөністердің суреттері.

Дайындық кезеңі: «Сіз қалай тамақтанасыз?» сауалнама толтыру, оқушылар дәрігер, диетолог болып рөлге бөлінеді.

Сабақ барысы:

Мұғалім: Адам болып өмірге келген соң бар мүмкіндікті пайдаланып дұрыс өмір сүру қажет дейді білімділер. Ал әр адам қандай өмір қалайтынын өзі шешеді. Салауатты өмір салты деген сөз соңғы уақытта жиі айтылады.

  • Салауатты өмір салтын ұстану деген не? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).

Мұғалім: Салауатты өмір салтының бірнеше құрамы бар, солардың бірі, өте маңыздысы – дұрыс толыққынды тамақтану. Бірақ біздің қабылдайтын тамағымыздың барлығы ағзаға пайдалы ма? Ұзақ уақыт денсаулықты сақтау үшін, ауырмау үшін қандай тамақ ішу керек? Осы мәселелер туралы бүгінгі сабағымызда әңгіме өткіземіз.

Сабағымызға балалар дәрігері мен диетолог маманы қонаққа келді (қонақтардың рөлін алдын ала дайындалған оқушылар атқарады).



  • Диетолог деген қандай маман? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).

  • Диетолог – диетология жөніндегі маман, ал диетология дұрыс тамақтану туралы ғылым.

Мұғалім: - Балалар тақтадағы мақал – мәтілдерді қалай түсінесіздер, астарын талдап беріңіздер.

  1. «Ас - адамның арқауы»

  2. «Ас біреудікі болғанмен, асқазан өзіңдікі»

  3. «Ас тұрған жерде, дерт тұрмайды»

  • Адам ағзасының тіршілік қабілетін сақтау үшін тамақ қажет. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалапты өсуіне, жұмыс істеу қабілетінің жоғарылауына, сыртқы жағымсыз әсерге қарсылығын күшейтуге көмектеседі.

  • Ал, қалай ойлайсыздар, тамақ қандай болу керек? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).

  • Дәмді, әр түрлі.

  • Не себептен?

  • Әр түрлі тамақта әр түрлі витаминдер, қоректік заттар болады.

Енді «Тамақ пирамидасы» плакатына назар аударайық.

1 қатарда – нан өнімдері, жармалар.

2 қатарда – көкөністер мен жеміс – жидектер.

3 қатарда – сүт тағамдары, ет, балық.

4 қатарда – қант, тұз, түрлі тәттілер.


Қант, тұз, түрлі тәттілер

Сүт тағамдары, ет, балық

Көкөністер мен жеміс – жидектер

Нан өнімдері, жармалар




Қорытынды: тамақ әр түрлі және толыққында болуы керек.

Сіздердің жастарыңыздағы балалар күніне белгілі бір уақытта 4 – 5 рет тамақ ішу керек. Сонымен бірге шамалы, орташа тоймай тамақтану өте маңызды, мамандар мұны денсаулықтың іргетасы дейды. Асқазанға артық тамақтанып салмақ түсіруге болмайды, тамақтанғаннан кейін 15 – 20 минуттан кейін адам өзінің тойғанын сезінеді. Сондықтан дастарқан басынан жеңіл тұру үшін аздап тойынбай тұрған дұрыс.


ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ:
Тамақтың әр түрлі болуы;

Тамақты уақытында ішу;

Орташа тоймай тамақтану
Сабақтың үстіне есікті қағып Жалқаубек келеді.

  • Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын білдім, балалармен бірге мен де тамақтанудың құпиясын білгім келіп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім. (Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады).

  • Ұялмандар, балалар, сендерге әкелдім.

Мұғалім: - Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипси тамақ ретінде қолдануға бола ма?

Дәрігер: Газды сусынның құрамында түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант кариестің пайда болуына себепкер болады. Жай тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды жоқ.

Мұғалім: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?

  • Қанттың кариес – тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден – ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірбиесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған жағдай кездескен, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар?

Мұғалім: - Сізге рақмет дәрігер, диетолог маманнан сұрайтынымыз чипси, қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынын бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және әр түрлі пластмасса мен бояу өндіруде қолданатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, конфет жейтін балаларда витамин жетіспейді, оқушының тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Мұғалім: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ).

  • Ал қандай тамақ пайдалы? (Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы).

Ал витамин дегеннің не екенін білесіздер ме?

Витамин адам ағзасына қажетті зат, егер витамин жетіспесе адам ауырып қалады. Витамин туралы бірнеше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тындайық.



1 оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.

2 оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп, көңілсіз жүрмеу ушін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сыр мен наннан алуға болады.

3 оқушы: - Ал егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қара қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болгар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

  • Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс – жидек пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитеті нығайтатын, күшейтетін көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.


Сабақты қорытындылау.

  • Дұрыс тамақтанудың еш құпиясы жоқ екеніне бүгінгі сабақтан хабардар болдыңыздар. Түсінбеген сұрақтарыңыз болса қайталап сұраңыздар.

Каталог: files -> work -> doc
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
doc -> Емтиханға қалай дайындалу керек?
doc -> №9 орта мектебі Келісемін Тәрбие ісі меңгерушісі
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру
doc -> Ата аналар жиналысы 18. 05. 2015 жылы Қатысқаны: Қатыспағаны: Күн тәртібінде
doc -> Хаттама №2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті. 25. 12. 2014 ж. Жалпы оқушы саны – 24 Қатысқаны – 13 ата-ана Күн тәртібінде
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ө


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет