Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ»



Дата24.05.2017
өлшемі48,29 Kb.
#16995
түріСабақ
Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ . Ыбырай Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен таныстыру.

Міндеттері:

А) Білімділік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айтуға үйрету

Ә) Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту.Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, интерактивті әдіс,ойын.

Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, Ы.Алтынсариннің суреті, үнтаспа.
Сабақтың барысы:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық.

(Өлеңді хормен айтады.)

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: . Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға барды).

Білімдерін тексеру: . «Жақсылыққа жамандық бар ма?» дегенді қалай түсінесің? Сенің пікірің?

Бағалау.

Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Үнтаспадан бұлақтың сылдыраған даусын тыңдату.

-Ненің даусы естіледі?

-Бұлақтың.

-Бұлақтың суы қандай деп ойлайсыз?

-Тап-таза, мөлдір.

-Олай болса бейне роликті тамашалайық .

- Көңіл-күйіңіз қандай? Алған әсеріңіз жайлы ой бөлісіңіз.

-Бұлақтың суы қандай екен?

-Бұлақ суының пайдасы бар ма?

-Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңызға нені елестетеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ .

Балалар, Ыбырай Алтынсарин кім ?

Тұңғыш ағартушы,тұңғыш хрестоматия авторы, мұғалімдер дайындады, тамаша педагог, дала жұлдызы, жазушы, қазақ даласына алғаш мектеп ашты.

Қандай әңгімелерін білесіздер?

Аурудан аяған күштірек, Әке мен бала…

Қандай өлеңдерін білесіздер?

- Кел, балала, оқылық, Өзен, Өнер білім бар жұрттар …

Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен таныстыру.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің мазмұнына сай суреттерді слайд арқылы көрсетемін. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айтып беремін.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

Сұрақтарға жауап алу.

1. Үш жолаушы бұлақ басынан қандай жазуды оқыды?

2. Бірінші жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы пікірі қандай болды?

3. Екінші жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы пікірі қандай болды?

4. Үшінші жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы пікірі қандай болды?

5. Сіз қай жолаушының пікіріне қосыласыз?

6. Үш жолаушы неге бірдей ойламады екен?

7. Егер де сіз сол жолаушылардың орнында болсаңыз,бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңіз?

8. Судың қандай қасиеттерін білдік?

Сергіту сәті.

Тамшы болып тамайық, (Бір орында секіреді.)

Арықпен бірге ағайық. (Екі-екіден бірігеді.)

Көлшік болып жиналып, (Төрт-төрттен бірігеді.)

Күнге қолды бұлғайық.(Қолдарын жоғары көтереді.)

Күн көзімен құрайық. (Жеке-жеке тарай бастайды.)

Әңгімеге тірек сөздермен жоспар құру.

1) Бұлақ басы.

2) Тастағы жазу.

3) 1–жолаушының сөзі.

4) 2–жолаушының сөзі.

5) 3–жолаушының сөзі.

Құраған жоспары бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелету.

Тапсырма.

1. Мәтіннен ағып жатқан бұлақты суреттейтін тұсты тауып оқы.

2. Мәтіндегі үш жолаушының пікірлеріндегі нақыл сөздерді тауып, дәптеріңізге жазыңыз.

Сен де адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің.

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе.

Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.

3.Әңгімені сахналау.

- Көңіл-күйіңіз қандай?

- Сізге рөлде ойнаған ұнады ма?

Ү.Сабақты қорыту.

Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Сізге бүгінгі сабақта не қызықты болды?

Біз не істедік? Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Досқа тілек арнау.

Мен сіздердің бұлақтың суындай мөлдір, тап-таза болып өскендеріңізді тілеймін.

Оқушының білімі мен белсенділігін бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма:

Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып, мазмұнын әңгімелеп айту.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет