Сабақтың мақсаты: Канада мемлекеті туралы білімдерін ғылыми тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі378,35 Kb.
#34978
түріСабақ
1   2
§15 Жердің ішкі құрылысы.
а)Өз өзіңді тексер! (Берілген сызба бойынша жердің ішкі құрылысын топтап беру.)

1.Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау неше шақырымға дейін барады?


2.Жердің осіне дейін неше шақырым?
3.Матариктік жер қыртысының қалыңдығы қанша шақырым?
4.Таулы аудандарда олардың қалыңдығы ше?
5.Мантия шамамен неше шақырым тереңдікке барады?
6.Жер қыртысының жоғарғы қабаты қандай жыныстардан тұрады?
7.Ядродағы температура неше градусқа дейін жетеді?
8.Мұхиттар жер шарының қанша шақырымын алып жатыр?
9.Қазақстанның қай аймақтарында жер сілкінісі көп болады?
10.Цунами дегеніміз не?

Білімділік:

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық
жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,
көлік кешендері туралы қосымша деректерді, картаны, оқулық текстін
пайдалана отырып,оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Дамыту:


Оқулықтағы сурет, сызба-схема, атласты, кестелерді пайдаланып қосымша деректермен
сарамандық жұмыс, тест орындау арқылы өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып,
оқушы ойын, қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен
шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың түрі:

Білім, іскерлік пен дағдыны қолдану,
дамыту мен бекіту
сабағы.

Сабақтың әдісі:

танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру иллюстративті (бейнелі), репродуктивті-жартылай ізденушілік, сұрақ-жауап, баяндау, пікір айту, шығармашылықпен жұмыс жасау.

І. “Миға шабуыл” стратегиясы Тест сұрақтары

1.Орталық Қазақстан неше облыспен шектеседі?
а) 9
ә)10
б) 4
2.Орталық Қазақстанда халықтың сирек қоныстанған ауданы?
а)Солтүстігі
ә) Батысы
б) Шығысы
3.О.Қ. қандай пайдалы қазбаға бай?
а)мұнай-газ,көмір
ә) көмір,мыс,маргенец
б) хром-никель
4.Қорғасын-мырыш өндіретін кәсіпорын қандай өндіріс бірлестігіне топтасқан?
а)Сарыарқа-полиметал
ә)Атасу-Аят
б) Теміртау-Қарағанды
5.О.Қ. экономикалық ауданының солтүстігі қандай мал шаруашылығын дамытуға қолайлы?
а)етті-сүтті ірі қара мен жылқы
ә) қой шаруашылығы
б)түйе шаруашылығы

І топ.●.Салыстырыңыз.Оқулық мәтінін және картаны (62және 123-сурет)пайдаланып,Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп топтарында қандай металл түрлерін балқытады (негізгісінің астын сызыңдар).Олар түсті металдың қандай тобына жатады?Комбинаттары қандай шикізат базасының негізінде жұмыс істеуде? Негізгі салалардың дамуына қандай салалар көмектесуде?Жұмыстың қорытындысын кестеге жазыңыздар. ІІ.топ.●. “Жүйрік ой”. Орталық Қазақстанның өнеркәсіп өнімдерінің жеке түрлерін шығаруы бойынша үлесі қандай?2004 жылғы дерек бойынша (қосымшаны пайдаланыңыз).Жауаптарыңызды өздеріңіздің есептеріңіз бойынша дұрыстығын пайызбен тексеріңіз.Қандай өндірістерді Орталық Қазақстанның мамандану аласына жатқызамыз.Ол үшін мамандану коэффицентінің формасын пайдаланып есептеңіздер.Нәтижесін төмендегі кестеге жазыңыздар. (кесте оқулық ІІ бөлім 141-бет). ІІІ топ.●.Дәлелдеңіз.Картаны қолданып (122-сурет)Орталық Қазақстанның ауа бассейні қандай өндіріс орындарының әсерінен ластануда?


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан аймағының шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Оңтүстік Қазақстанның көрші Орталық Азия елдерімен ұқсастықтарын және республиканың басқа аймақтарынан айырмашылықтарын атап көрсету.

Міндеттері:


Білімділігі: Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайлары мен шаруашылығының дамуына баға беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың практикалық жұмысты орындауда салыстырмалы сипаттама беру, диаграмма тұрғызу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оңтүстік Қазақстанның шаруашылығының даму барысында пайда болған түрлі экономикалық жағдайлары жөнінде түсінік беру.
Көрнекіліктер: Қазақстанның экономикалық картасы, Оңтүстік Қазақстан экономикалық көрсеткіштері көрсетілген таблица.

Сабақтың типі: Жаңа білімді өзекті ету.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау

Оқушылар білуі тиіс:


1.Оңтүстік Қазақстанның маманданған салаларын
2.Оңтүстік Қазақстанның минерал шикізат ресурстарын
3.Басқа аудандармен салыстырғандағы ауыл шаруашылығының даму барысын
4. Оңтүстік Қазақстанның қазіргі кездегі даму проблемалары
Оқушылар орындай алуы тиіс:
1.Картадан маңызды пайдалы қазбалардың кен орындарын көрсете алуы ;
2.Картадан ірі өнеркәсіп орындарын,ауыл шаруашылық зоналарын,темір жол,автомобиль жолдарын көрсете білуі ;

Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның пайдалы қазбалары


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары
туралы жалпы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды
іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,
экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке,
елеін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

Сабақтың тегі: жаңа сабақ


Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Электронды оқулық,


Қазақстанның физикалық картасы

Пән аралық байланыс: Хмиия, әдебиет

Сабақтың барысы

І Ұйымдастару кезеңі:

ІІ Үй тапсырмасын сұрау және қорыту

1. Биік таулы өлкеге қандай таулар жататынын сұрау және оны картадан таптыру


2. Алтай тау жоталарын картадан таптыру оның биік шыңы қалай аталады биіктігі
қанша? ( Неге Батыс немесе кенді Алтай деп аталады?)
3. Сауыр мен Тарбағатайдың ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау
4. Жоңғар немесе Жетісу Алатауы таулы өлкесі жайлы түсініктерін сұрау
5. Солтүстік, Батыс Тянь-Шань тау ларын картадан табу.

Қорыту: Электронды оқулықтан Биік таулы өлкелер деген бейне фильмді


көру.

ІІІ Жаңа сабақ.

1. Пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету
(Мына суретте не көріп тұрсыңдар)

2. Пайдалы қазба дегеніміз не? (Ережесін сұрау) оқушы ойын


толықтыру
3. Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы жалпылама тоқталу
Біз Қазақстан аймағындағы таулар мен жазық жерлер туралы алдыңғы тақырыптарда өттік ендеше биік және аласа таулар қатты бұзылып , күшті жемірілген сайын кенге бай тереңдегі жатқан тау
жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалады. Көбіне бұзылған таулардан кенді қазбалар табылады. Шөгінді жыныстырда көбінесе кенсіз қазбалар қалыптасады.

7. Электронды оқулық бойынша, картамен тапсырма.


1. Картадан көмір кендерін көрсет
2. Картаlан мұнай мен газ кендерін тап
3. Картадан темір және марганец кендерін тап
4. Еартадан алюмини мен алтын кен орындарын көрсет
5. Картадан полиметалл жіне мыс кен орындарын көрсет

8. Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай?.

9. Тиімді пайдалану дегеніміз не?

10. Анаграмма

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге патсырма: § 18-19 оқу


5 - тапсырмадағы жоспар бойынша жанатын пайдалы қазбалардың біреуіне
жауап жазып келу. Кескін картаға пайдалы қазба кен орындарын түсіру.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат кешендері
Сабақтың мақсаты: «Қазақстанның табиғат кешендері» тарауын қайталауға арнал-ған кіріктірілген саяхат сабақ. Тарау бойынша қайталау, жүйелеу, жинақтау, еске сақтауға бағыт ала отырып, басты мәселе туған өлкемізді тани беруге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, буклет табиғат кешендерінің, таулар түсірілген видео таспа, сөз жұмбақ, кеспелер, таблица, кескін карта.
Сабақ барысы: Сабақ ойын түрінде саяхатқа шығып, Қазақстанның табиғат кешендерін көріп білуге арналады.
Сабақ ойын түрінде басталады, оқушыларды бес ауылға бөлеміз. Ол ауылдарға ат қойылады.
1-топ Абай ауылы
2-топ Ыбырай ауылы
3-топ Ахмет ауылы
4-топ Шоқан ауылы
5-топ Қаныш ауылы
Саяхат «Шымкент-Алматы» жүрдек поездымен аралаудан басталады. Саяхатқа шығар алдында сапар бағыты, аялдамалар анықталды.
1-аялдама. «Табиғатты тану» ойыны. Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.
2-аялдама. «Табиғат белдемдері», «Ғажайып қоржын» ойыны.
3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын.
4-аялдама. Таблица: өзен, көл, тауларды, анықтау.
5-аялдама. Полиглот ойыны. Табиғат кешен аттарын орыс және ағылшын тілдерінде айту.
6-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу.
7-аялдама. Бәйге ойыны. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақты қорытындылау.
Бір оқушы диспетчер болып тағайындалады. Сол оқушы әрбір аялдаманы хабарлап, оқушыларға тапсырма береді.
Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Шымкент-Алматы» поезды жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар, - деп ескертіп отырып, оқушыларға тапсырма беріледі.
1-аялдама. «Табиғатты тану ойыны». Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.
1-билет
Каледон тау түзілісі қай заманда болды. Осы уақытта Қазақстанның қай аймағында көтеріледі?
2-билет
Кайнозон эрасындағы жыныстар қай дәуірлерде көтеріледі. Оған Қазақстан-ның қандай бөліктері жатады?
3-билет
Мұғалжар тауы қай эрада көтерілді?
4-билет
Орталық Қазақстанда қалыптасқан аласа биіктіктегі тауларды ата.
5-билет
Балқаш көлі мен Сарысу өзенінің аралығында орналасқан шөлді, үстіртті атап, сипаттама бер.
6-билет
Сауыр-Тарбағатай тау жоталары қандай эрада, қай аймақта бой көтерген.
7-билет
Қазақтың ұсақ шоқылы өлкесінің абсолюттік биіктігі қанша метр, сол шоқы-ларды ата.
8-билет
Мезазой эрасының дәуірлерін ата, осы уақытта Қазақстанның территориясын-да өзгерістер болды ма?
9-билет
Герцин тау түзілісі қай заманда болды, сол кезде Қазақстанның қай таулары көтерілді?
10-билет
Ежелгі шығыс платформа қай заманда қалыптасты, қай аймақтар көтерілді?
2-аялдама. «Табиғат белдемдері» ғажайып қоржын ойыны
1-билет
Бұл белдем республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қай белдем?
2-билет
Шөл белдем республиканың барлық аумағының 14 пайызын алып жатыр. 3 мыңнан астам көлі бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Өсімдіктерден айрауық, ши қоспасы, құрақ, қамыс өседі. Сүтқоректілерден ақ бөкен, дарақұйрық кездеседі. Бұл қай аймақ?
3-билет
Бұл табиғат белдемін Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 пайызы, көктемгі су тасу кезеңінде ағады. Егін шаруашылығымен өнеркәсібі дамыған аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан, бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс – Қарағанды) арқылы пайдаланады. Бұл қай белдем?
4-билет
Мұнда жалпы сырт қыраты, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты орналас-қан. Бұл табиғи кешен қалай аталады?
5-билет
Жер бедері біркелкі. Онда төбелер мен қыраттар кездеспейді. Жазық мезозой мен кайназой араларындағы тау бұзылу үрдісінде қалыптасқан. Бұл қай жер?
6-билет
Бұл жазық қазба байлыққа өте бай. Онда бор дәуірінің шөгінділерінен мұнай мен газ табылған. Мұнай, газ өндіретін кеніштер Маңғыстау, Қызылорданың солтүстігінде орналасқан. Бұл қай белдем?
7-билет
Жойылып кету қаупінде тұрған аң-құстарды атаңыз?
3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын.
№1. Түбектер: Бозашы, Маңғыстау, Құланды.
№2. Таулар: Мұғалжар, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар таулы өлкесі.
№3. Шығанақ: Маңғыстау шығанағы, қазақ шығанағы, Чернышев шығанағы, Сарышығанақ, Комсомолец.
№4. Аралдары: Каспий теңізінде Тюлень аралы, Дурнеев аралы.
№5. Шөлдері: Қызылқұм, үлкен және Кіші борсық құмдары, Арысқұм, Мыңтөбе құмы, Мойынқұм, Сарыесек, Атырау құмдары, Тауқұм.
№6. Үстірттері: үстірт, Торғай үстірті, Орал алды үстірті, Бетпақдала үстірті.
№7. Қыраттар: Жалпы сырт қыраты, Көкшетау қыраты.
№8. Жазықтар мен ойпаттар: Батыс сібір, Тұран жазығы, Каспий маңы ой-паты.
№9. Көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Шұбар теңізі, Сілеті теңізі, Мар-қакөл.
№10. Өзендері: Ертіс, Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шарын, Лепсі, Ая-көз, Сырдария, Талас, Шу.







medeu1301

medeu1301
Каталог: uploads -> doc -> 0197
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0197 -> Мазмұны Түйіндеме бет
0197 -> Сабақ: №14 Пәні: информатика Мектеп: №8 Оқытушының аты-жөні: Өмірзақ Р. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет