Сабақтың мақсаты: М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр сырын меңгерту, тереңдей бойлату; Сабақтың міндеті



Дата07.05.2017
өлшемі157,83 Kb.
#16114
түріСабақ
Тақырыбы: М. Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» 
Сабақтың мақсаты: М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр – сырын меңгерту, тереңдей бойлату;

Сабақтың міндеті:

Білімділік: М. Дулатұлының оқулықта берілген өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу; 
Дамытушылық: Оқушыларға өлеңді оқып талдату, сөздік қорын молайтып, рухани танымын кеңейту; 
Тәрбиелік: Оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: М.Дулатұлының портреті, кітап көрмесі, тірек – сызба, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география
Сабақ жоспары: 
І. Ізденіс кезеңі 
ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңі  
ІІІ. Практикалық дағды кезеңі

Сабақтың барысы: 

І. Ізденіс кезеңі :
- Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Сабаққа дайынбыз ба?

Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою.



  1. А.Байтұрсынұлы кім?

  2. Өмір сүрген жылдары

  3. Ақын өлеңі кімдерге арналған?

  4. Балаларды қандай болуға шақырады?

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабаққа қадам жасау.






1. 100 жасаған ақын

2. Введение сөзінің аудармасы

3. Герой сөзінің аудармасы

4. Враг сөзінің аудармасы

5. Қазақ тауы

6. Явление сөзінің аудармасы

7.Ум сөзінің аудармасы

8. Білім бұлағы не?

ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңі:


Міржақып Дулатов – қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын. Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариніргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпенкездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. 



1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетіндеқызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.


1885 жылы 25 қараша

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы

1897 жылы

Торғай қаласында білім алды

1904 жылы

А.Байтұрсынұлымен кездесуі

1907 жылы

“Жастарға” өлеңі жарық көрді

1909 жылы

“Оян, қазақ!” өлеңі жарық көрді

1910 жылы

“Бақытсыз Жамал” романы жарық көрді

1911 жылы

А.Байтұрсынұлы, “Қазақ” газеті

1924 жылы

“Қирағат кітабы”, “Есеп құралы”

1928 жылы

Қамауға алынады.

1930 жылы

Ату жазасына кесіледі

1935 жылы

Ауыр науқастан қайтыс болады.

1988 жылы 27 қазан

Ақталды

Сендерге «Шешенің балаларын сүюі» деген өлеңін ұсынып отырмыз. Өлеңді оқымас бұрын сөздікке назар аударамыз: 



Сүю – любить

Көз жасын көлдету- лить слезы 

Дамылсыз – без отдыха, непрестанно

Сағыну –скучать

Төбесі көкке жету – сильно радоваться

Қуаныш – радость 

Тербету – укачивать 

Шетке – за пределы

Қайғы – горе

Күю – горевать

Кірпік қақпау – не смыкать глаз

Байғұс – бедняга, беспомощный

Еркелету – ласкать, баловать 

Сергіту – взбадривать

Қамқор ана – заботливая мать 
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңі. Оқып мазмұнын ашу, талдау. Әр шумақты оқи отырып талдайды. Бұл өлеңде ақын ана баласы жақсы болса, қуанып, жалқау болса, уайымдайтындығын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.

 1-шумақ мұғалім

2-шумақ 1-қатар

3-шумақ 2- қатар

4-шумақ 3-қатар
ІІІ. Практикалық дағды кезеңі:

Сұрақтар. Пікіралысу. 


1. Ақын өлеңді кімге арнаған? 
2. Баласының қуанышына қуанатын, қайғысына күйінетін кім? 
3. Ана қай кезде көз жасын көлдетеді? 
4. Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе? 
5. Қарттар үйі болмас үшін не істеу керек? 

1-тапсырма. Сендерді тәрбиелеп отырған аналарыңа, әжелеріңе, әпкелеріңе өз махаббаттарыңды білдіріп, хат жазыңдар.

2-тапсырма. “Ана” туралы мақалдың жалғасын табыңдар.

1.Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

2.Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың.



3.Жұмақ ананың табанының астында.



Қорытынды сөз. 
Ана туралы толғанбаған жан кемде – кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтпаған. Дүниеде ана алдындағы парыды өтеу мүмкін емес. Сондықтан анамызды құрмет тұтуды азаматты міндетіміз деп ұғынамыз. 

Үйге тапсырма: Ақын өмірбаянын оқу. Өлеңді жаттау.

О. Сарғұнанов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ
Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Пән мұғалімі: Тоқсанова А.


5 «В»- сынып

2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 1227
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1227 -> Тест тапсырмасы 9 – сынып 2-нұсқа Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз
1227 -> Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Қыс көрінісі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет