Сабақтың мақсаты: М. Мақатаевтың өмірбаянын еске түсіру, алған білімдерін еске түсіру



Дата31.12.2019
өлшемі99,1 Kb.
#55339
түріСабақ
Тақырыбы: М.Мақатаев «Үш бақытым»

Сабақтың мақсаты:

  • М.Мақатаевтың өмірбаянын еске түсіру, алған білімдерін еске түсіру.

  • Өлеңнің тақырыптық-идеялық негізін ашу, тақырып мазмұнын түсіну.

  • Әр оқушының өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өлеңнен алған әсерлеріне пікірін айту, ақынның үш бақыты не екенін түйіндеу.

  • Өлең жолдарын талдау. Ақынның басқа шығармаларымен салыстыру, патриоттық тақырыптағы шығармаларын іріктеу.

  • «Үш бақытым» өлеңінен патриоттық ойларын жинақтау.

  • Оқушылардың патриоттық сезімдерін өлеңнің мән-мағынасы арқылы ояту. Өлеңнен алған әсерлеріне баға беру.

Тақырып жоспары:

  1. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Үш бақытым» өлеңі.

  3. Тақырыпқа талдау,салыстыру.

1-тақырыпша: М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы.

Сонымен балалар, бүгін біз жаңа сабағымызда қазақтың бір туар ақыны М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. М.Мақатаев туралы интер белсенді тақта арқылы танысамыз.



  • М.Мақатаевтың өмірбаянын 2 сыныптан өткенімізді еске түсірейік. (видеоролик көрсету)




Мұқағали Мақатаев






1931-1976

«Өмірталас» «Шекарашы», «Аманат»



Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы




  • 2 сыныпта М.Мақатаевтың қандай шығармаларымен таныстық еске түсіру

Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлеймен-ұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.

І деңгей тапсырмасы:

  • М.Мақатаев қай жылы дүниеге келді?

  • Өлеңді неше жасынан шығара бастады?

  • Оқушылар алған білімдерін еске түсіріп білім ағашын толтырып жеке жұмыс жасау.

2-тақырыпша: «Үш бақытым» өлеңі.

  • Өлеңнің тақырыптық-идеялық негізін ашу, тақырып мазмұнын түсіну.

- Балалар, бақыт деген не? (өзіндік пікірлерін білдіру)
Ендеше, біз сендермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Ақынның бақыты не екен? Қалай ойлайсыңдар?

- Балалар, сонымен ақынның үш бақыты не екен?


Халық Тіл Отан
- Балалар, ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
Халық

Қымбаттырақ алтыннан.
Тіл

Қасиетті тіл.
Отан.

Отан Оттан да ыстық.

  1. Бұл өлеңнің тақырыбы, идеясы-Ақынның халқына деген ыстық махаббаты, өз тіліне деген құрметі ана тілі болып есептеетін қазақ тілінің құдіретін ұлықтау және ақынымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына қалдырған қазақ халқының Отаны-Қазақстанды сүю, қорғау, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Сондықтан біз, осы ақын өлеңінде: халық, тіл, отан деген ұлы, киелі сөздердің құдіретін ешқашан ұмытпауымыз керек.


ІІ деңгей тапсырмалары:

  • Өлеңнің негізгі идеясы қандай өз сөзіңмен баянда.

  • Ақынның патриоттық тақырыпта берілген шығармаларын еске түсіріп, талдау жаса

  • Өлеңнен алған әсерлерін дәптер бетіне түсіру жеке жұмыс

  • Ақынның бұл шығармасы неліктен «Үш бақытым» деп аталған?

3-тақырыпша: Шығармаға сатылай кешенді талдау,салыстыру.

  • Оқушылардың патриоттық сезімдерін өлеңнің мән-мағынасы арқылы ояту. Өлеңнен алған әсерлеріне баға беру.

Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық
Сызба толтыру. Жұптық тапсырма

1. Авторы: М: Мақатаев.


2. Тақырыбы: «Үш бақытым.»
3. Жанр түрі: Өлең.
4. Шумақ: 3
5 Әр шумақ не жайлы?
Өлеңнің негізгі ойы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шексіз сүйіспеншілігі айтылады. Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш - қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.

Жұпта талқылау. Түсінгенін бір - біріне айтады.


Халық, Отан сөздерінің баламасын тауып көрейік.
Халық – ел, жұрт.
Отан – туған жер, атамекен.
Халық
1. Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар.
2. Елімізде 17млн. астам халық тұрады.
3. 130 - дай ұлт өкілдері тұрады.
Тіл.
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас құралы.
2. Қазақстанда 130 - дай тіл бар.
3. Қ. Р - ның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Отан.
1. Отан ол – әр адамның туып өскен жері.
2. Отан ол – сенің отбасың.

ІІІ- деңгей тапсырмалары:

«Үш бақытым» өлеңін «Отан туралы» өлеңімен салыстыру



Ақынның өлеңдері

Өлеңнің негізгі тақырыбы

Өлең туралы сенің пікірің

Үш бақытым 3 сынып







Отан туралы 2 сынып
















Топтық жұмыс:

1 - топ: Екі өлеңдегі ұқсастықтарды табады,Венн диаграммасын құрады.

2 - топ: Ақын үшін қымбат құндылықтарды тауып, мағынасын ашады,

3 - топ: Ақын сезімін білдіретін жолдарды тауып, мәнін анықтайды.

Өлеңнің идеялық мазмұнын кластер арқылы көрсету.

Топтық жұмыс:

1 – топ: Отан туралы әңгіме жазу.


2 – топ: Мен қазақ тілін жақсы білемін эссе жазу.
3 – топ: Достық мекені - Қазақстан тірек сөздер арқылы шығарма.

Ақиық ақын М.Мақатаевтың осы өлеңдегі қанатты сөздері халық,тіл,Отан жайында ұнамды жеткізген сөздеріне мысал:



Бірінші бақытым -халқым

Екінші бақытым - тілім

Үшінші бақытым - Отан




























Бағалау

Өлең мазмұны бойынша оқушының өз ойын білдіреді.



Тақырыпқа байланысты эссе жазу.

Үй тапсырмасы: «Бақыт деген не?» тақырыбында сұхбат.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет