Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру



Дата19.02.2017
өлшемі50,32 Kb.
#11044
түріСабақ
Бастауыш сыныптар мұғалімі:Курмангалиева Айымгуль Таласбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова
Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.



Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар,
оқулық.
Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

«Әдебиеттік оқу» кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.



«Туған өлкем - тұтан шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4 сөз, 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.
- Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елғе қай халық ие?

- Қазақ халқы.

- Қазақ қандай халық?

Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.




өнерлі

қонақжай




ҚАЗАҚ

ақылды

батыр



азат

Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.



- батыр - қонақжай - өнерлі

Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді.

Мысалы:

1-топ батырлықты дәріптейді.

2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.

3-топ өнерлерін көрсетеді.

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі оның мимикасы мен бас изеуінен, таңданғанынан көрінуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.

- Балалар, сендердің де осындай нағыз қазақ болатындарыңа мен сеніп тұрмын.

II. Мағынаны тану.

- Ақын Күләш Ахметова «Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

Осы сұрақтар талданған кезде сабақ басындағы топтауға қайта оралып, ақынның көркемдеуіш сөздері қызыл маркермен жалғастырылып жазылады. Топтауға үңіле түсіп, балалардың сөздерімен синонимдес болған ақынның ойларын табу. Мысалы, окушы: «батыр» десе, ақын: «жауынгер» деген екен... Бұл арқылы балалардың сезімдері ақынның ойына жақын екенін сездіру, байқату. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.



III. Ойтолғау.

Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.


Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру
...Сәйгүлікті кұйрық-жалы таралған

Сүйетұғын қазақ осы,

Қараңдар! Қазақ осы:

Күй шығарып,

Ән салып, -

Көкпар тартып,

Қыз қууға жаралған.

...Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды - тіл» дейтін.

... Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы:

Ашық, жарқын қабағы,

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады...

Қадыр Мырза Әли


Өлеңді мәнерлеп оқыту.

а) «Венн» диағраммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңдерді салыстыру

ә) Сабақ басындағы топтауға қайта оралып, Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны жасыл маркермен толықтыру. Мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші.

Енді топтаудың төбесіне «Қазағым менің» деген сөз жазылады. Ілерде қазақ туралы тағы басқа ақындардың жазғандарын оқи берсеңдер, халқымыздың басқа да көптеген қасиеттері жазылатыны сөзсіз. Бүгін біз сабақта топтау арқылы не жасадық? Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық. Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?

Сабақ кезінде, тапсырмаларды орындағанда, топталып жұмыс жасаудың, қайдай жақсы жақтарын байқадыңдар?

Мұғалімнің уақытты үнемді пайдалануы - басты өлшем.



Қазақ бейнесін (образын) шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуына да болады. Немесе «Бақыттымын» атты эссе жазуды да тапсыруға болады.

Қазақстан картасын пайдалану арқылы да сабақ түрлендіріледі.
Каталог: B33B8879AAAD214A
B33B8879AAAD214A -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
B33B8879AAAD214A -> Тайбай орта білім беру мектебінің логопедиялық ашық сабақтың жоспары Мұғалім-логопед : Ахмет Д. Ж
B33B8879AAAD214A -> Ерейментау ауданындағы №1 орта мектепте өткізілген «Үздік педагог 2015» конкурсынан қазақ тілінен ашық сабақ Тақырыбы: 3 сынып
B33B8879AAAD214A -> Бекітемін: Тайбай ом директоры А. Р. Ералинов
B33B8879AAAD214A -> Тайбай орта мектебі Халықаралық зерттеу «Мәтінді оқу және түсіну» pirls 2016 Оқушыларға арналған сауалнама
B33B8879AAAD214A -> Ерейментау аудандық білім бөлімі Тайбай орта мектебі
B33B8879AAAD214A -> Білімділік бір билікке шығар саты
B33B8879AAAD214A -> Сабақтың мақсаты: Белгілі ө нер адамдарының балалық шағы туралы ә ңгіменің идеясын ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет