Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу



Дата17.06.2018
өлшемі15,78 Kb.
#42278
түріСабақ
Тілдер мерекесіне орай өткізілген «Қызықты грамматика» сабағы

Қазақ тілінің білгірлері

Мен 8Б сыныптар арасында өзге ұлт оқушылардың арасында «Қазақ тілінің білгірі» атты сайыс сабағын өткіздім.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу.

2.Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру.

3.Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

4.Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау.

Осы сайысқа8Б-сынып оқушылары қатысады

1.Танысып қояйық.Әрбір қатысушы өзі, отбасы жайлы мәлімет айтып, таныстырады, әңгіме, өлең түрінде айтуға болады.

2. .«Кім жылдам». Тақтаға қатысушыларға арналып 3 сөздер шашырап жазылған, бұл сөйлемдерді қай топ жылдам, дұрыс, сауатты жазады.

3. Қызықты ұйқастар. Оқушылар өлеңді мағынасына қарай ұйқастыра айта білуі керек.

4.Карточкамен жұмыс. Оншақты сөздерге көп нүктенің орнына көптік жалғауларды қою

5. «Жазушы» Қатысушылар тақтадан тақырыптарды таңдап алады, осы тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазады. Әңгімесін әділ-қазыларға оқып береді.

6.«Менің Қазақстаным» тесттік тапсырмаларды орындайды. Тестілеу бағдарламасы 10 сұрақты қамтиды.Сұрақтарға қатысты берілген 3 жауаптың дұрысын белгілеп, әділ-қазыларға тапсырады.

7. «Аудармашы». Қатысушыға билет түрінде дайындалған орысша сөздер беріледі. Қатысушы бұл сөздердің қазақшасын тауып-жазып, айтып беруі тиіс. Барлығы 10 сөз.

8. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы». Қатысушыларға белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер ұсынылады. Олар осы өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

Әділқазылар бағаларын айтып бергенше уақыт беріледі.

Мұғалім: Балалар, өмірде ең жұмсақ, ең қатты, ең тәтті не?

Оқушылар жауабы: Ең жұмсақ ананың алақаны, ең қатты ананың ашуы, өкпесі, реніші, ең тәтті ананың сүті.

Мұғалім: Тіл ананың сүті арқылы балаға дариды. Қазір бәріміз аналарымызға арнап Ш.Қалдаяқовтың «Анашым» әнін шырқайық

Балалардың әр тапсырманы дұрыс ұғып, сауатты жазып, ауызекі сөйлей білу нақышын сайланған әділ-қазылар бағалап, әр топтың кезеңмен жинаған ұпайларын айта отыра, жалпы ұпай санын айтып шықты. .

Барлық тапсырмаларды үздік орындап, «Қазақ тілінің білгірі» атағына ие болған 8Б-сынып оқушыларының «Қыран» тобы жеңіске жетіп, мадақтамамен және сыйлықпен марапатталды

«Бүркіт» тобы оқушыларға сыйлықтар мен мадақтамалар тапсырылды. Сайыс жоспар бойынша өткен «Анашым» әнімен аяқталды.



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүнісова М.

16.09. 2015ж
Каталог: 3C093023A11E79A7
3C093023A11E79A7 -> Сабақ тақырыбы: «Кодтау сағаты 2015»
3C093023A11E79A7 -> Математика- жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің 2014- 2015оқу жылындағы II- жарты жылдық есебі
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»
3C093023A11E79A7 -> Етістіктің шақтарын қайталау Сынып: 7 «А» Пән: қазақ тілі Өткізген
3C093023A11E79A7 -> Сайыстың тақырыбы
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың тақырыбы: «paint графикалық редакторы»
3C093023A11E79A7 -> Сабақа тақырыбы: «Әлемде талай қызықбар!»
3C093023A11E79A7 -> Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет