Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы білімдерін арттыру, ақпаратты өз бетінше меңгеруге ықпал ету. Сабақтың міндеттері



Дата31.01.2018
өлшемі85,8 Kb.
#36316
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы білімдерін арттыру, ақпаратты өз бетінше меңгеруге ықпал ету.

Сабақтың міндеттері:

-Ұжымдық түрде білім алуға баулу,қала жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, тақырып бойынша сөйлем құрастыру және тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

-Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру , сыни тұрғыда ойлануға дағдыландыру, өз бетімен іздену дағдысын дамыту;

-Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір –біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Мағынаны тану», «Детектор лжи», математикалық ойын, тест жұмысы, «Сабақтан алған әсерім» рефлексиясы, «Шаттық шеңбері».
Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Психологиялық дайындық. Сабағымызды ардақты ана тілімізден бастайық.

Герасименко Иван:

Туған тілім - бабам тілім – өз тілім,

Туған тілім - анам тілім – өз тілім,

Туған тілім - далам тілім – өз тілім,

Туған тілім - адам тілім – өз тілім.
Үй жұмысын сұрау.

Отан тақырыбына жазылған шығарманы тексеру.



Өткен сабақты бекіту мақсатында қойылатын пысықтау сұрақтары:

1.Отан деген не?

2.Қандай адам бақытты деп ойлайсыңдар?

3.Отан неден басталады? (слайд)



Жаңа сабақ.

«Астана – Отанымыздың жүрегі»

Н.Ә.Назарбаев

Сұрақ.

1.Сендер Астанада болдыңдар ма? (оқушылар жауабы тыңдалады)

2.Астана қандай қала?

3.Астанада болғанда қандай әсем жерлерді көрдіңдер?

Астана тақырыбына байланысты оқушылардың салған суреттерінен шағын көрмеміз бар.

-Міне, сендердің айтып отырған Астананың әсем жерлері тақтада берілген (фото суреттер).

-Тақтада қандай суреттер берілген? (оқушылар жауабы тыңдалады)
Ортаға екі оқушы шығып Астана жайлы әңгімелейді. Слайд: «Байтақ дала төсіндегі мұхит тамшысы»

1-ші оқушы.

Есіл өзенінің сол жағында жаңа Астананың символына айналған, "Бәйтерек" монументі орналасқан. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерек -Астананы биіктен көрсетеді. «Бәйтерек» бейнесі — өмір ағашы деген мағынаны білдіреді. Бәйтеректің ішінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар. Келген қонақтар қолдарын қойып, тілек тілейді. (Власенко Владислав)



2-ші оқушы.

"Думан" ойын сауық орталығының ішінде акула, сегіз аяқ, теңіз жұлдыздары, медуза сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде "Джунгли" аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар.Оның іші өте қызықты және әдемі. (Садовенко Данил)


Мусульманбеков Руслан:

Астана – бас қала,

Жаңа қала, жас қала.

Зәулім сәнді үйлері,

Үлгі болған басқаға.

«Астана, өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты» деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы туралы айтқан болатын.

-Ендеше, бәріміз Астана қаласының тарихымен танысайық.

-Кәне, бәріміз бері қарайық. Менің қолымда үш аяқтың ізі бар. Бұл кімнің ізі екенің білесіңдер ме?(оқушылар өз жауаптарын айтады)

-Балалар, мына жерде жатқан көк,қызыл, жасыл түсті іздер кімнің іздері сендер білесіңдер ме?

-Балалар: Жоқ,білмейміз.

-Менде хат бар. Хатта: «Мен саяхатшы Дарамын.Осы жолдан өту шартын дұрыс орындап шықсандар менімен кездесесіңдер» делінген.

-Ал,қанекей балалар, жолдан өту шартын дұрыс орындап шықсандар Дарамен кездесесіңдер. Ол үшін сендер Астана жайлы мәлімет жинауларын қажет. Мәлімет жинауға сендерге келесі топтар көмектеседі.

1.Кешегі Астананы бізге «Тарихшылар» тобы баяндайды.

2.Бүгінгі Астананы бізге «Журналистер» тобы әңгімелеп береді.

3.Болашақ Астананы бізге «Сәулетші» баяндайды.

Іске сәт!


Сұрақ:

-Сендер Астана қаласының тарихын білесіңдер ме?

-Қазақстанның тағы қандай қалалары астана болды?

Олардың тарихына шолу жасайық. Ол туралы мәліметтерді «Тарихшылар»

тобы айтып береді.

Оқушыларды тыңдау:

Слайд көрсетіледі.

1.Қызылорда қаласының тарихы бай. Қызылорда XIX ғасырдың ортасында Ақмешіт бекінісі деп аталған. 1925 жылдан бастап Қызылорда деп аталды. 1925-1929 жылдар аралығында Қазақстан астанасы болды. (Сания)

2.Алматы Қазақстан Республикасының екінші астанасы. Алматы ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі, кейін Верный қаласы болды. Ал, 1929-1997 жылдарға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды. (Алина)

3.Астана қаласының бұрынғы аты Ақмола Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. Қаланың негізі 1861 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Президентіміз Н.Назарбаев жарлығымен 1997 жылы 10 желтоқсанынан бастап А қмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды.(Андрей)

4.1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.(Сания)

Астана болған қалалар:

1925жылы Қызылорда (Ақмешіт)

1929жылыАлматы(Верный)

1997жылы Астана (Ақмола)

1998жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
«Бір күні түнде, дәлірек айтқанда түнгі екіде жаңа астананың аты Астана болады деген ой келді маған. Астана ол Астана! Қай тілде де, ұғымды, ұран тәрізді»-деді кейін өз шешімі туралы Елбасы.
Математикалық ойын. Дәптерге жазу.

1…... Қазақстанның астанасы Қызылорда деп аталды.

(1000+900) +25 =1925

2…. Қазақстанның астанасы Алматы қаласы.

1900+29=1929

3…... Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды.

2000 - 3 = 1997

4. …. 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

(1998+30) - 30 = 1998
Мамченко Сергей:

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның

Мақтанышы астанам.
-Енді, екінші із кімдердің ізі екенің анықтағыларын келе ме? Бүгінгі Астана қаласы жайлы «Журналистер» тобы сұхбат жүргізеді. (тіл дамыту, рөлдік ойын)

Слайд

Журналист: — Сәлеметсіз бе?

Турист: — Сәлеметсіздер ме?

Журналист: — Сіз Астан қаласына бірінші рет келіп тұрсыз ба?

Турист: — Жоқ, мен Астана қаласына екінші рет келіп тұрмын. 10 жыл бұрын болғанмын.

Журналист: — Осы 10 жыл ішінде Астана қаласында өзгерістер болып па?

Турист: — Иә, әрине.Астана қаласы осы 10 жыл ішінде таң қаларлықтай тез өсіп көркейіпті.

Журналист: - Астананың қандай жерлеріңде болдыңыз?

Турист: - Бәйтерекке шықтым, Думан ойын сауық орталығында болдым.

Журналист: - Сіз әлі көп жерде болмапсыз гой. Жүріңіз сізге Астананы көрсетейік.

Журналист: -Сіз қазақша біледі екенсіз?

Турист: - Иә, үйреніп жүрмін

Журналист: -Онынызға ризамын.

(Слайд көрсетіледі)

Журналист: -Астана сізге ұнады ма?

Турист: - Иә, өте әдемі қала екен.

Журналист: — Астана қаласына қандай тілек айтар едіңіз

Турист: — Менің айтар тілегім мынадай: көркейіп, гүлденіп өсе берсін, әлемдегі ең сұлу, әдемі қалалардың қатарларына қосылсын.

Журналист: — Тілегіңізге көп рахмет, сау болыңыз!

Турист: — Сау болыңыздар!
«Детектор лжи». 2-тапсырма 72 бет.

1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –Астана.

2.Астана Ертіс өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

3.Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Шаңырақ» қонақ үйі салынды.

4.Астана қаласында 50-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

5.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.

Дұрыс –

Қате –
Дұрыс жауап слайдта көрсетіледі.



Афанасьев Дмитрий:

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Мәңгі қалар есіңде.
Болашақтағы Астана қаласы жайында «Сәулетшіге» сөз берейік. Бұл топтағы балалар Астанамызды болашақта қалай елестететінін әңгімелейді. (слайд)

Васильева Наталья:

Мен Қазақстанның астанасы- Астана қаласын болашақта осылай елестетемін:

1.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында.

2.Көлік кептелісі мәселесі шешіледі.

3.Зәулім сарайлар бой көтереді.

4.Халық бақытты да бай, куатты елде өмір сүреді.


Слайд. Саяхатшы Дарамен кездесу.

Бекіту. Тест

1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

а) Алматы ә) Атырау б) Астана

2. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?



а) Есіл өзенінің жағасында ә) Ертіс өзенінің жағасында

б) Әмудария өзенінің жағасында

3.Қай жылы Қазақстанның астанысы Қызылорда қаласы болды?

а)1925-1929жылдары ә)1925-1927 жылдары б) 1927-1929 жылдары

4. Астананың символын ата.

а) Думан ә) Ханшатыр б) Бәйтерек

5. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

а) 99метр ә) 97 метр б)100 метр

6. Бәйтеректің ішінде кімнің қолтаңбасы бар?

а) Мұғалімнің ә) Елбасының б) Депутаттың

7.Астананың бұрынғы аты:

а)Ақтөбе ә)Алматы б)Орал

8.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:

а) Астанада сұлу қала ә)Астана ұқыпты қала б)Астана ең сұлу, жас қала.
Слайдта дұрыс жауап көрсетіледі. Оқушылар бір-бірлерінің жауаптарың тексереді.

«Шаттық шеңбер». Қазір көзімізді жұмып 1-ден 10-ға дейін санап Дараны шығарып салайық.

Хормен:


Жаса, жаңа жас қалам,

Жайнай бер менің Астанам!



Үйге берілетін тапсырма Астана қаласы туралы шағын шығарма жазып келу. Тақырыбы «Менің Астанам».
Бағалау. Төмендегі фигуралар бойынша оқушыларды бағалау.


  • - 5 , - 4, - 3 .

Каталог: uploads -> doc -> 0779
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0779 -> Сабақтың тақырыбы : Жер-қазына
0779 -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет