Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу; Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру



Дата20.01.2020
өлшемі29,76 Kb.
#56164
түріСабақ
Байланысты:
әдептіліктің алтын ережелері
1 - аралық бақылау тапсырмалары (1)
Бекітемін: Күні: 11.09.2019

Сыныбы: 7 «А»

Тақырыбы: " Әдептілік алтын ережелері "

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;

2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;

4. Дүниетанымдарын кеңейту;

Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;

Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.

Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Мұғалімнің кіріспесі.

а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.

ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.

2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы

а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.

ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам

кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;

б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,

кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,

сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын

сыйлау;


в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып

орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа

абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –

түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің

пікірлерімен санасу, т. б.

г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,

басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;

ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол

ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға

орын беру, т. б.

ІІІ. Қорытынды бөлім

1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну

ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят

АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,

ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат

НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.

2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту

3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Сәлем – сөз анасы.

Әдептілік ережелер

1. Иманды болу. Құдіретті өмір заңдылықтарын жанжүрекпен сыйлап, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың көркем көрінісі. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білу. Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету. Адам баласына, табиғатқа тек пайда келтіру. Иманды болу-ұлттық мәдениеттің, яғни әдептіліктің мәдени көрінісі. Иманды болу – адамгершілік парыз.

2. Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.

3. Ізетті болу. Адамзат баласымен тек сыйласымдылық әдеппен қатынас жасай білу. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді, ұлтты, жалпы адам баласын қадірлей білу. «Адам да –құдірет де, Әманда құрметте» қағидасын ұстау. Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу. Ізеттілік- мәдени әрекеттің көркем көрінісі.

4. Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз

5. Мейірімді болу. Адам баласына, табиғатқа мейір-шапағат көрсету. Адам баласының жақсылық жақтарын көріп, бағалай білу. Ата-ананың балаға деген мейірім-шапағаты. Жақсы адамдардың жанашырлық іс-әрекеттері. Жанжүрегімен беріле жақсы көрудің көркем көріністері. Ата-ананың немереге деген мейірімділігі, оларды ерекше жақсы көруі. Ата-ананың мейірім-шапағаты әдептің шыңы, жүрек сезімінің шындығы.

6. Салауатты болу. Сабырлы, салтанатты тұлғаның өмір қиындықтарын жеңе біліп, саналы әрекет жасауының көрінісі. Артық сөзден, арақ ішуден, темекі тартудан, құмар ойындарынан аулақ болу әрекетінің көркем көріністері. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білудің нәтижелік белгісі. Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-өнеге көрсету арқылы байқалған, әдепті тұлғаның абыройлы бейнесінің көрінісі.

7. Білікті болу. Ғылыми, мәдени, әдеби құндылықтарды жан-жақты жақсы біліп, оны әдеппен іс-әрекетке пайдалана білу қабілеті. Білгенін басқаларға үйрете білудің көрінісі. Көп оқып, көп үйренудің тұлғалық нәтижесі. Инновациялық тәсілдер мен жаңаша технологияны жақсы игеріп, оны жан-жақты пайдаланудың кәсіби-танымдық көріністері.

8. Қамқоршы болу. Адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің әдепті көрінісі. Ата-ананың балаға, адамдардың бір-біріне, табиғатқа қамқорлығы әдеппен қалыптасып, адамгершіліктің биігінен көрінеді. Әрбір әдепті адам қамқорлық сезімін қалыптастыра білуге міндетті.

9. Сабырлы болу. Әрқашанда шыдамдылықты, байсалдылықты, төзімділікті, ақылдылықты сақтай білу үлгісі. «Сабыр түбі- сары алтын» деп, қазақ халқы ұрпағын сабырлы болуға тәрбиелейді. «Асығыс түбі- өкікш, Ойланып алмақ- сабыр сол» дейді Абай дана. Сабырлы болу-әдептіліктің көркем көрінісі.

10. Жауапты болу. Әдептіліктің аса зор қажетті түрі. Әрбір адамның өзіне, өз әрекетіне, борышына, міндетіне, парызына жауапкершілікпен қарауы-адамдықтың, әдептіліктің белгісі. Отбасына, тәрбиеге, еңбекке, білімге, кәсіпке, өмірге, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау- адамзаттық парыз. Отбасылық, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік жауапкершілік сияқты әрбір адамда құқықтық жауапкершілік бар. Жауапкершілігі жоқ адамның адамгершілігі де жоқ.

11. Ұлтжанды болу. Жеке тұлғаның ең әуелі өз ана тілін, ұлтын сүюін, бүкіл адамзатты қадірлей білетінін көрсететін әдеп. Ұлтжандылық әдебі ұлттық намыс, перзенттік парыз арқылы қалыптасады. Ұлтжанды тұлға өз ұлтының әдептілік құндылықтарын жоғары бағалап, оларды өмірге пайдаланады. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» . Ұлтжанды болу- отансүйгіштіктің үлгілі белгісі.

12. Ұжымшыл болу. Ұжымды ардақтап, оның мақсаттар мен дәстүрлерін бұлжытпай орындаудың әдептік көрінісі. Отанға ұйымдасып қызмет етудің көрінісі ұжымнан басталады. Ұжымдық жауапкершілік, дәлдік, қамқорлық, салтанаттық, өнерпаздық, зерттегіштік, білімдарлық дәстүрлерін іске асыруда ұжым мүшесі өз міндетін әдепті орындауға тиіс. Ұжымшыл болу – көпшілікті, халықты, әулетті, жалпы адам баласын сыйлай білудің өнегелі үлгісі.

13. Іскер болу. Жеке тұлғаның іс- әрекеті шеберлігі мен әдептілігінің белгісі. Іскерлік кәсіптік білім мен іске құмарлық, қарымды қабілет, дархан дарын арқылы дамып, қалыптасады. Іскер болу біліктілікпен де тығыз байланысты. Мәдениеттілік әрекет арқылы іскерлік пен шеберлік айқын танылады.

14. Намысты болу. Ұлттық тұлғаның өз ұлтының құндылықтарын, ұлттық ерекшеліктерін жоғары бағалап, оны дамуға , қорғауға жанқиярлықпен беріліп, қызмет етудің әдептілік көрінісі. Ұлттық намыс көркем- өнерде, спортта, Отан қорғауда ерекше орын алып, жеңіске жетуге қозғаушы күш болады. Мейірімді, қайырымды, шебер, шешен, иманды, ер жүрек халықтың намысын қорғай білу – зор мақтаныш.

15. Перзенттік парызды өтеу. Әрбір ұлттық тұлғаның Отан алдындағы, ата-ана алдындағы қасиетті міндеттері-перзенттік парыз деп аталады. Отанға қызмет ету, Отанды қорғау, ата-ананы сыйлау, оларға қызмет ету білім алудан басталады. Перзенттік парызды өтеу әрекеті ұлттық әдеппен тікелей байланысты. Ата-ана алдында әдепті болу-перзенттік парызды өтеудің алғышарты болып табылады.

16. Шыншыл болу. Әділеттілікті сақтай біліп, шындықты қорғау. Әдептіліктің айшықты айғағы-шыншылдық. «Өтірік өрге бастырмайды», «Міншіл болма, шыншыл бол» деп, халық ұрпағын шыншылдыққа тәрбиелеген. Дала даналары шындық үшін жан қиған. Өмірде, өнерде, әдебиетте шындықты танып, оны айта білу керек. Шындық айтылмаса, мәдениет бұзылады. Шыншыл, әділетті болу – адамзаттық парыз.

17. Өнерпаз болу. Өнерге құмарланып, оны үйрене білу. «Өнерпаз болсаң, арқалан» дейді Абай дана. «Өнерлі жігіт өрге озар» деп, халық ұрпағын өнерпаздыққа тәрбиелеген. әрбір ұлттық тұлғаның өз өнерпаздық нышандары, белгілері, дарындық қасиеттері болады. Өнерді дамыта білу өнерпаздың ар –намысына, талабына, дарынына, еңбекқорлығына байланысты. Өнерпаз болу-әдептің (мәдениеттің) беделді белгісі.

18. Ұқыпты болу. Жеке тұлғаның өз ісін ықтияттап,ұқыптылықпен уақытысында орындай білу, өз заттарына, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарап, жинақы, тиянақты болу. «Олақтан салақ жаман» деп халық ұрпағын ұқыптылыққа үйреткен. Жауапкершілік пен ұқыптылық- ұлтық әдептің (мәдениеттің) құнды белгілері болып табылады. Ұқыпсыз адам көп нәрседен опық жейді.

19. Арлы болу, ұят сақтау. «Жаным-арымның садағасы» деп, қазақ халқы арын жанынан да артық көреді. Ар мен намыс бірлікте болып адамды мақсатқа жетуге жетелейді. Арды үміт пен сенім, еңбек мақсатына жеткізеді. Арлы адам

Кері қайту

Әдеп (араб.: أدب‎ адаб) - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы.[1]

Әдеп - 1. Моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым. Белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық. Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіреді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты.

2. Халықтың әдет-ғұрпында қалыптасқан этикалық тәртіп. Игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыпппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек негізі.

Әдептің қоғамдағы басты қызметі[өңдеу]

Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған.Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.[2]

Әдептің қалыптасуына әсер еткен факторлар[өңдеу]

Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді.



Олар : жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, Әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы Әдеп көріністері: “қанға қан, жанға жан” (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының қауымдық мүдделермен тежелуі т.б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы Әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Әдеп жүйесі жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Әдеп жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді

Тақырыбы: Әдептен озбайық! Мақсаты: 1) Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру. 2) Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру. 3) Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру. Көрнекілік: нақыл сөз жазылған плакаттар «Сәлем - әдептіліктің белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» Жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Ой қозғау 1. Көрініс арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу. (екі оқушының телефонмен сөйлесуі) ІІІ Мағынасын ажырату 1. Топқа бөліну. Топпен жұмыс -Сәлемдесудің қандай түрлері бар? ІҮ Ой толғаныс 1. Мақал-мәтел айтысы 2. Көріністер (Ата мен жігіттің, әже мен қыздың амандасуы ) Ү Қорытынды Сәлем сөзін топтастыру. Гүл шығару. Сабақтың барысы: -Балалар, сабақта болмаған Әселдің телефон арқылы әңгімесін тыңдап көрейік. (екі оқушы телефонмен сөйлесіп, көрініс көрсетеді) Телефонды Самалдың анасы алады. Әсел: - Самал үйде ме? Телефонға шақырып жіберіңізші. Телефонды анасы Самалға береді. Әсел: -Әй, Самал, математика пәнінен қандай тапсырма берді? Самал: -Сәлем, Әсел! Халың қалай? Кешір мен де кеше сабаққа бара алмадым. Әсел: - Жарайды, онда - деп телефон трубкасын қояды. -Әсел қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? -Әсел амандасуды, сәлемдесуді ұмытты. -Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ? Тақырыпты оқушылар өздері шығарады. -Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сөз анасы – сәлем» деп аталады. Топқа бөліну І топ – инабатты ІІ топ – ізетті ІІІ топ – кішіпейіл Бір-біріне жақсы сөз, тілек айту. - Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (топпен жұмыс) І топ: Сәлем - әдептіліктің белгісі Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандасуы тиіс. ІІ топ: - Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді. ІІІ топ: Сәлемдесу түрлері: -Сәлеметсіз бе? -Сәлеметте болыңыз! -Аман-саусыз ба? -Аман-есенсіз бе? -Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба? -Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма? Әсіресе араб тілінен енген: -Ассалаумалейкум! яғни - Сізге амандық тілеймін! -Уа алайкум салам! яғни - Сізге де амандық тілеймін! Ойын: Ішкі ритм. «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл-күйде айту. Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала... -«Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті» -деген мақал бар. Ал оған керсінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер» - деген аталы сөз бар. -Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді. -Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық: - Ассалаумагалейкум «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» -демекші, қалыңыз қалай? - «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» - деуші еді. - Келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. - «Қонағын сыйласа, төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын. - «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» - деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз. - Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» - «Досыңның тамағын қасыңдай іш» - демекші, ала отырыңыз. - Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» - демекші, алла риза болсын» - «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» - қой қайтайын. -«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын. - «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз. - «Кәрі – кәрінің сөзі дәрі» - дегендей о, не дегеніңіз? -«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» - дегендей, келіп тұрыңыз. -Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруға болады? 1-оқушы: - Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен кішіге байлансты емес. 2-оқушы: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз. 3-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр. -Ал, енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрін көріп, салыстырайық. (екі бала шығып, қарт пен жігіттің сәлемдесуін көрсетеді) Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата! Ата: Уғәлейкумассалам, балам! Жігіт: Дені-қарныңыз сау ма, аман-есенсіз бе? Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз. Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма? Ата: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр. Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба? Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы. - Енді екінші көрініс. Әже мен қыз бала болып екі оқушы. (Әже мен қыз баланың сәлемдесуі) - Армысыз әже? - Бар бол, балам! - Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба? - Тәңірге тәубә,барлығы күйлі-қуатты, аман-есен. - Ылайым жақсы болсын. - Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам! -Осы екі көріністі салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтыңдар. 1-оқушы: - Кездескен кезде жасы кіші адам жасы үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. 2-оқушы: - Сәлем беру – амандықтың, инабаттылықтың, көргендіктің, мәдениеттіліктің белгісі. 3-оқушы: - Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан адам түсіп, айырықша құрметпен сәлем беретін болған. 4-оқушы: - Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады. 5-оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырлауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлесу керек. Қорытынды: - Балалар, бүгінгі өтілген тәрбие сағаты бойынша өздеріңе қандай ой түйдіңдер? (топтастыру)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет