Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру. Сабақтың міндеттері



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі0,5 Mb.
#18131
түріСабақ
  1   2
1-тоқсан

Дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары

4-сынып

1 -сабақ күні


Cабақ тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік Окушыларға Жердегі тіршіліктің пайда болуын түсіндіру;ежелгі адамдардың басынан өткен қиындықтар туралы әңгімелеу.

2.Дамытушылық Жердегі тіршіліктің пайда болуын туралы тарихи құжаттарды пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрісін

дамыту.


3.Тәрбиелік Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу.

Көрнекілігі:тарихи дереккөз,оқулықтары суреттер,жердегітіршіліктің пайда болуы туралы бейнетаспа,сөзжұмбақ жазылған плакат,<<Адам>> деген тірек-кесте.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.



2. Психологиялық дайындық .

Балалардың назарын оқулыққа аудару.

3. Өткенді қайталау.

Сөзжумбақты шешу.

1 А - 1. Жыртқыш аң

2 Д - 2. Ертегіде жыланды жеңген жәндік

3 А - 3. Бал жинайтын жәндік

4 М - 4. Шағатын жәндік

-Сөзжұмбактың шешуі нелердің аты?Олар туралы не айтуға болады?

-Созжұмбақтың шешуі болған атауларды сипаттау.

4. Сабақтын такырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Сөзжұмбақ тігінен белгіленген бағаны бойынша қандай сөз шыкты?

-Адам.

-Бұл-біз оқитын тараудың аты.Бүгін Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқып білеміз.Біз Жердегі тіршіліктің пайда болған кезіне, яғни өткен өмірге саяхатқа шығамыз.Бұл керемет саяхат болмақ! Өткен өмірден қайтып оралғаннан соң,сендер оны қазіргі уақытпен салыстырасыңдар.



5. Тірек-сызба құрастырылады.

Өткен өмір

Тарихшы ғалымдар Археологтар

Мұрағаттар Музейлер Тарихи құжаттар Қазба жұмыстары
6. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді оқыту.Оқушылар мәтінінді оқи отырып,жаңа мәліметтерді,өздеріне түсініксіз сөздеді белгілеп отырады.

2.Топпен жұмыс.

Оқушылар Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы сызбаны толтырады.Бұл жұмысты барлық топ орындайды.Сонан соң оқушылар өз пікірлеррін ортаға салады.Тақтаға мәтін бойынша кұрастырылған сызба ілінеді.

Уақыттың барлық кезеңдері салыстырылады.

-Осы уақыт аралығында Жерде не өзгереді?

(Оқушылар табиғатта болатын өзгерістерді талдайды).

-Жедегі тіршіліктің пайда болуы туралы жаңа әрі қызықты қандай мәліметтермен таныстыңдар?

-Осыны білудің қажеті бар ма?

Сергіту сәті

"Телефон ойынын ойнату"-Бұл ойында әр балаға мұғалім сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап отырады.


7.Пікір алмасу.

Сабақты қорытындылау.

(мәтін соңындағы сұрақтар қойылады).



8. Үйге тапсырма беру.

<<Тіршіліктің пайда болуы>>мәтінін түсініп оқу. Ғаламтордан,тарихи жинақтардан тіршіліктің пайда болуы туралы оқып,зерттеу жұмысын жүргізу.

Дүниетану пәні

4-сынып

2 -сабақ күні


Сабақтың тыкырыбы: Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам,қоршаған орта туралы білімін кеңейту,ежелгі адамдар,олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру арқылы танымдық әрекеттерін дамыту,тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:<<ежелгі адамдар>> бейнетаспасы.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Психологиялық көңіл күй.

Адам болам десеңіз,

Бес нәседен қашық бол-

Өтірік өсек мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ.

Абай


Өлең жолдарын талдау.

2.Зерттеу жұмыстарын тындау.

Оқушылар жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқыған мәліметтерін ортаға салып әңгімелейді



3.Адам-ақыл-есі бар тіршілік иесі.Қайталау.

-СөздіктеАдам-сөйлеу,ойлау қаблеттері бар,құрал-жабдықтар жасап,оларды пайдалана алатын тіршілік иесі дегінген.Соныменадам-табиғаттың бір бөлігі.Осыны дәлелдеңдер.(Адам тыныс алады,дамиды,өседі,өмірге бала әкеледі,өледі).

-Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы неде?(Оқушылардың жауабы тыңдалады).

-Айырмашылығы мынада:Адам-ақыл-есі бар тіршілік иесі.



4.Жаңа материалды меңгеру.

1.Уақыт машинасымен өткен өмірге саяхатқа шығу.

-тарих дегеніміз не?(тарих-бұл адамзат қоғамының өткені туралы ғылым)

-Тарих дереккөз деп нені айтады?

-Тарихи деректемелерге қолжазбалар,кітаптар,монеталар,т.б жатады.

-Тарихтан өткен өмір туралы не білгілерің келеді?(Оқушылар жауап береді).

2.Мұғалім оқушы жауаптарын қортындылап, жауаптарды толықтырады.

3. Бейнетаспадан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы деректі фильм көрсетіледі.

Оқушылар өздерін тарихшығалым ретінде санап,деректі фильмге дауыстап тусініктеме беріп отырады.

а)Адам қолымен еңбек етудің арқасында денесін тік ұстап жүре бастады.

ә)Миы дамып,ойлау,сөйлеу,қиялдау қабілеті дамыды.

б)Адам шығармашылығы мен іскерлігінің арқасында еңбек құралдарын жасай басталды.

Оқушылар қорытынды жасайды.

5. Оқулықпен жұмыс.

а(Мәтіннің бірінші бөлігін оқыту.Мәтіннің мазмұнын бейнетаспадан көрген сюжетпен салыстырады.

ә)Ежелгі адамы көз алдына елестету.Оны сипаттап айту.

б)Кестені толтыру.



Ежелгі адам Қәзіргі адам Ұқсастығы

1.

2.

3.

4.
Оқушылар мәтінді оқып, кәзіргімен ежелгі адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын кестеге толтырады. Өз пікірлерін айтады.

в) топен жұмыс

1-топ. Ежелгі адамдар қалай аң аулаған?

2-топ. Қоғамдық өмір

3-топ. Жартастағы суреттер
6. Сабақты қорытындылау.

Әңгімелеу.

1. Ежелгі адамдардың іс -әрекеті.

2. Миллиондаған жылдар бойғы адамзаттың дамуы


7.үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқу.Энциклопедиядан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы оқып,зерттеу жұмысын жүргізу.



Дүниетану пәні

4-сынып

3- сабақ күні


Сабақтың тақырыбы:Адамды адам еткен еңбек. Мемлекеттің басты мәселесін кім шешеді?
Сабақтың мақсаты:

<<Адамды адам еткен еңбек>> деген ұғымның мағынасын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігін бақылауды уйрету.

Адам-ттабиғаттың бір бөлігі деген тұжырымды дәлелдеу.

2. Адамның іс-әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту,есте сақтау,шыдамдылық,жіті бақылау,логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.

3.Сабақ барысында еңбекқорлыққа,қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі:<<Жануарлар әлемі>>бейнетаспасы,суреттер,<<тарихи деректеме>> кестесі.
Сабақтың барысы:

1. Психологиялық көңіл күй.

Көңіл-күй сәттілігін тілеу



1.Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғат туралы өлең оқылады.

-Бүгін адамның табиғаттан не үйренгенін оқып білеміз.

2.Сабақтың тақырыбы жәнә мақсатын хабарлау.

3.ПІКІР АЛМАСУ.

-Адам табиғаттан нені уйренді?(Оқушылылардың жауабы тыңдалады)

-Дұрыс.Бүгін тағы өткен өмірге саяхат жасаймыз.

Сабақ барысында<<Тарихи дереккөз>>кестесі толтырылады.

Сергіту сәті:

"Үй тұрғызу ойынын ойнату."

3 оқушыдан бөлініп тұрады. Бір дегенде балалар үй шатырын жасап тұра қалады. Адам дегенде үй ішіндегі адамдар орындарын ауыстырады.Қалып қойған бала,оқушылар қойған сұрақтарға жауап бері отырады.

2.Оқулықпен жұмыс

1. "Адамды адам еткен еңбек" мәтінін оқып, негізгі мағынасын белгілету.

2. Мәтін бойынша қәзігі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу.




Тірек сызба



Қазіргі заман адамы

жануарлар

Үй қабырға қоршаулар соғады

аралар құстардың ұясы



Үй қабырға қоршаулар соғады аралар құстардың ұясы


Құстардың ұшуы






Оқушылар салыстыруды жалғастырады.

3. Бақылау.

Оқулықтағы әңгіме оқылады.



Эканомика

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекеттік басты мәселелерді призидент шешеді .

Парламент жобаны талқылап призидентке қол қоюға жіберіп отырады.
Елдің экономикасын дамытуға Қазақстан үкіметі қандай жағдайлар жасап отыр?

Қазақстанда қандай өнеркәсіп дамыған?

Балаларға арналған қандай заңдар бар?

Еліміздің конститутциясы қашан қабылданды?

Сен қандай негізгі заңдарды білуге міндеттісің
4. Сабақты қорытындылау.

-Тарих дегеніміз не?

Ғалымдар ненің арқасыда көне заман туралы біледі?

5. Үйге тапсырма.

"Адамды адам еткен еңбек" мәтінін оқып, мазмұндау.

Дүниетану пәні

4-сынып

4- сабақ күні


Сабақтың тақырыбы:Әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет.

Сабақтың мақсаты:әлемнің мәдени-тарихи мұрасы- әлемнің жеті кереметімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштерімен таныстыру. Бұл кереметтердің бәрі адам қолымен шыққандығын,яғни адамның ақылойының дамып,қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғындыру.

1.Сұлулықты сезіне білуге баулу.

2. Эстетикалық тәбие беру. Оқушы санасына тарихи құнды ескерткіштерді сақтау керектігін ұғындыру.

көрнекілігі<<Әлемнің жеті кереметі>>суреттері.

Сабактың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін жақсартып алу.



2.Графикалық диктант.

-Егер берілген пікірмен келіссеңдер,үшбұрыш белгісін,ал келіспесеңдер,төртбұрыш белгісін қойыңдар.

-Адам- табиғаттың баласы, өйткені ол-табиғаттың бір бөлігі.

-Адам-табиғатты билеп-төстеуші,бағындырушы.



3. Жаңа тақырыпты меңгеру.

1.Көрнекілікпен жұмыс.

<<Жердің асыл қазыналары адамзаттың қорғауында>> деген плакат ілінеді.

-Осы сөздің мағынасын қалай тусінесіңдер?

Пікірталас өткізу.

2.Мұғалімнің түсіндіруі.

4.ОҚУЛЫКПЕН ЖҰМЫС.

5.Сызба құрастыру.

Қазақстан мұралары


табиғи мәдени

Балқаш көлі Алматыдағы Кафедралық шіркеуі

Ескіден қалған Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

Шетен тоғайы Айша бибі кесенесі

Тянь-Шань шыршалары Арыстан баб кесенесі

Шарын шатқалы Қарахан кесенесі



6. Сабақты қортындылау.

Пікірталас өткізу.

-Мұндай зәулім құрылысты бір адам тұрғыза ала ма?Дәлелде.

Ақпараттар нені дәлелдейді.

-Адам-қоғам мен табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелдейді.

7.Үйге тапсырма беру.

<<Әлемнің жеті кереметі туралы жалпы мәлімет>> мәтінді оқып келу. (9-10 бет)

1-тоқсан

Дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары

4-сынып

5-сабақ күні
Cабақ тақырыбы: Топсеруен. Өткен тақырыпты қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам тарауын қайталату.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік Оқушыларды ежелгі адамдардың қалай өмір сүргенімен таныстыру.

2.Дамытушылық Окушыларға әлемнің жеті кереметін еске түсту ой-өрістерін дамыту

3.Тәрбиелік Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу.



Көрнекілігі:тарихи дереккөз,оқулықтары суреттер,жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы бейнетаспа,сөзжұмбақ жазылған плакат,<<Адам>> деген тірек-кесте.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.



2. Психологиялық дайындық .

Балалардың назарын оқулыққа аудару.

3. Өткенді қайталау.

(Тас және қола дәуірлері)
Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар – ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «малта тас мәдениеті» (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979). Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.

Қазақстанда тау-тасына қашалған 200-ден астам бейнелер бар. Солардың қатарында Сыр өңірінің Шиелі ауданында орын тепкен Сауысқандық жотасындағы суреттер саналады. Бұл маңда мұндай ескерткіштер өте мол. Ауқымы да үлкен. Археолог Мадияр Елеусінов бұл жотадағы тасқа қашалған таңбалардың молдығы әйгілі Таңбалы тастан бір мысқал да кем түспейтінін айтады. Алайда Қаратау қойнауындағы көне жәдігерлердің насихаты өте кемшін түсіп тұр.

Жалпы, бұл өңір – көне заманның түп-тамырына үңілетін археолог ғалымдарға әлі де ашылмаған арал тектес. Себебі аталмыш орындарға күні бүгінге дейін өз деңгейінде назар аударылған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, ғалымдар білек сыбана кірісе қоймады деуге болады. Оның түрлі себептері де баршылық. Кезінде қаражат жоқтығы қолды байлады. Осының салдарынан жұмыс кейінге ысырылып келеді. Бұл қашанға дейін созылмақ? Әзірге бізге белгісіз.

Одан қалды, көне ескерткіштер адамдар тарапынан да жойылып барады. Ғалымдар ескі жәдігерлердің оннан сегізі жұмыр басты жандардың қолынан бүлінетінін тілге тиек етеді. Қалғаны табиғаттың әсерінен бастапқы бейнесін жоғалтады екен. Өкінішке қарай, Сауысқандық жотасындағы тастағы жазбалардың біршамасын адамдар қолмен қиратып бүлдірген. Тау басына барған жандар өткеннің ескі шежіресінің бағасын білмейді. Тасқа қашалған суреттерді қорғаудың орнына өз «қолтаңбасын» да қалдырып кетуді дұрыс көреді. Олардың үстіне өздерінің аты-жөнін баттитып жазғанды өзіне «мәртебе» санайды. Осыған қарай отырып, бұл тастағы жазбалар неге арнайы қорғауға алынбай отыр деген ой туады.



Әлемнің 7 керекметі

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді. [1] [2]



6.Оқулықпен жұмыс.

а)Оқулықтарды суреттерді өздерінің табиғат аясысындағы бақылауларымен салыстырады.

ә)Топ бойынша өзекті сұрақтарға жауап береді.

7. Сабақты қорытындылау.

Мәтін соңындағы 1-8-сұрақтарға жауап беру.



8.Үйге тапсырма берe.

Айша бибі, кесенесі жайында мағлұмат жинап келу



Дүниетану пәні 4-сынып

6- сабақ күні



Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері.

Мемлекеттік салық.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі:Оқушыларды Қазақстанның мәдени-тарихи ескерткіштерімен таныстыру.

б) Дамытушылығы:Шығармашылықпен жұмыс істейтін адамның табиғат пен қоғамды орнын,маңызын түсіңдіре отырып, мәдени ескерткіштерге деген көзқарастарын қалыптастыру.

в)Тәрбиелігі:Ақыл-ой қуаты мен қол шеберлігінен шыққан туындыларға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.



Көрнекілігі:Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштерінің суретті.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

1. Ми шабуылы.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Адамзат үшін құнды нысанда тобы қалай аталады?

<<Мұра>>деген сөдің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әлемдік дегеннің мағынасы қандай?

Әлемдік мұралар неше топқа бөлінеді?

Мәдени мұра сызбасын естеріңе түсіріп,құрастырыңдар.

Мәдени мұра ескерткіштерін атаңдар.
2. Психологиялық көңіл күй.

Бала жататын бесікті аялау." Тәрбие басы - тал бесік" деген мақал осыдан қалғанын балаларға түсіндіру



3. Үй тапсырмасын сұрау.

4.Өткенді қайталау.

5.Жаңа сабақ.

Бірінші сабақ. Осы тақырыптың бірінші сабағын музейде өткізуге болады.Егер музей болмаса,онда оқулықтағы мәтінді пайдаланып бейнетаспа көрсетуге болады. Топсеруен сабақтары тиімді,өйткені оқушылар музейде сақталған заттарды көздерімен көреді.Әсіресе киіз үйдің қалай ққурылып,қалай тез жиналатынын көрсетсе,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген көшпенділердің ақылды, шебер болғанына көздерін жеткізеді.

6.Оқулықпен жұмыс.Топпен жұмыс.Мәтін бөліктерге бөлініп оқытылады.

1-топ Киіз үй туралы оқиды

2-топБалалар туралы бөлікті оқиды.

3-топ Ескерткіш туралы бөлікті оқиды

4-топ сараптаушылар.

Сараптаушы топ әр топтың жауабын тыңдап отырады.



Эканомика

Мемлекеттік салық дегенді қалай түсінесің?

Астана қаласында қанша аудан бар?

Салық қызыметкерлері қандай жұмыс атқарады?

Салық мемлекетімізге не үшін керек ?

7. Сабақты қорытындылау.<<Адам>>тарау бойынша қорытынды жасау.

а)Сұрақ-жауап әдісі арқылы аталған тарау бойынша алған білімдері пысықталады.

8.Үйге тапсырма беру.<<Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері>>мәтінін оқып келу. Зерттеу жұмысы: Өзің тұратын жерде қандай ежелгі құрылыстар бар?Ересектерден олар туралы сұрап-біліп,сыныпта әңгімелеу(11-12 бет)

Дүниетану пәні

4-сынып

7- сабақ күні


Сабақтың тақырыбы:Айналаны бағдарлау тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:Құбыланама бойынша көкжиек тұстарын анықтай білу дағдылырын жетілдіру.

Көрнекілігі:Құбыланама,альбом парағы,қарындаш

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,әңгімелеу ,Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сабақ міндеттерімен таныстырады. Сабақтың,яғни топсеруеннің бақта(тоғайда,саябақта)өтетіндігін және зерттеу жұмыстарының бағытын хабарлайды.Бірден жол бойы бақылау үшін тапсырма береді.

1.Мұғалім оқушылардың кеңістік туралы алған білімдерін естеріне түсіреді.

-Адам қай жерде болмасын,оны кеңістік қоршап тұрады.Біз оның жартысын ғана көреміз.Кеңістіктің бізге көрінетін бөлігін көкжиек деп атайды.

2. Сарамандық жұмыс. Оқушылар өздері тұрған жердегі көкжиек тұстарын анақтайды.Оның суретін салады,дәптерлеріне жазады.

2. Психологиялық көңіл күй.

Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім өзекті сұрақ қояды:

-Күн көзі мен жұлдыздар көрінбейтін бұлтты күндері көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болады?

Оқушылар құбыланамен не анықтайтынын,оны қалай қолданатындарын айтады.



3. Үй тапсырмасын сұрау.

13-беттегі сұрақтарға жауап беру



4.Өткенді қайталау.

Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері туралы түсінгендерін сұрау.



5.Жаңа сабақ.

Табиғат

Туған өлке табиғаты. Жер бедері

.

6.Оқулықпен жұмыс.

а)Оқулықтарды суреттерді өздерінің табиғат аясысындағы бақылауларымен салыстырады.

ә)Топ бойынша өзекті сұрақтарға жауап береді.

1-топтың сұрағы:Орманға ауылдың оңтүстік жағынын кірдіңдер.Қайтарда қай бағытпен қатасыңдар?



7. Сабақты қорытындылау.

Мәтін соңындағы 4-5-6-сұраққа жауап алынады.



8.Үйге тапсырма берe.

Оқулықтағы мәтінді оқу. Жаңбырдан соң ғимарат қабырғаларының қай жағы жылдам кебетіндігіне бақылау жүргізіп келу.




Дүниетану пәні

4-сынып

8- сабақ күні



Сабақтың тақырыбы:План жене карта. Мемлекеттік қаржы.

Сабақтың мақсаты:план мен карта туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:план құруды үйрету;маштабпен таныстыру; жеке заттардың суретін планмен салыстыру;жасалған жоспар бойынша орындалған сарамандық жұмысты қорытындылау;жергілікті жердің планы туралы білімдерін кеңейту;жергілікті жердің планын қолдана білуін уйруту;топографиялық диктант алу арқылы білімдерін бекіту; географиялық карта туралы түсінік беру;карта бойынша бағдарлай білу тәсілін,картадан табиғаттағы нысандарды шартты белгілер арқылы оқи білу тәсілін,елімізді картадан көрсетуді үйрету.

Көрнекілігі:сызғыштар,өшіргіштер,түрлі түсті және жай қарындаштар,дәптер,альбом парағы,географиялық карта.

Сабақтың әдісі:

Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық көңіл күй.

1.Жұмыс текшелер мен қораптардың суретін салдырудан басталады.

2.Сарамандық жұмыс.

Оқушылар текше мен қорапты қарындашпен сызып қошап қояды.

Бұл-осы заттардың планы екені айтылады.План-бұл сызба.Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар сарамандық жұмыс арқылы алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады.

3.Өзекті мәселе тудыратын жағдаятты шешу.Мұғалім сынып бөлмесінің,мектептің планын сызуды тапсырады.Оқушылар бұлардың мөлшерін кішірейтіп сызбаса болмайтындығын

3. Өткенді қайталау.

4. Жаңа сабақ.

Топографиялық диктант.

Біздің мектеп оңтүстікте орналасқан. Оның батыс жағында бақ бар.Бақ 90 метрге созылып жатыр,оның артында гүлзар жайылып жатыр.

Мектептен солтустікке қарай тау созылып жаныр,ал шығыста спорттық алаң, оның арасында жол.(Мұғалім өзінің нұсқасын ұсынуына да болады).

Пікірталас.

Венн диаграммасын құрастыру: Картада Жер бетінің

План-йналадағынәрселердің Ерекше кішірейтіліп берілген кескіні,

сызбасы;он,жүз есе кішірейтіп шартты қашықтықтар мың,миллион есе

салынады. белгілері кішірейтіледі.
5.Оқулықпен жұмыс.

1.Оқушылар план мен карта туралы алған білімдерін<<План мен карта>>мәтінін оқу арқылы салыстырады.

2.Сарамандық жұмыс.

3.Картадан тау,дала,өзен,көл,қалалардың орналасқан орындарын анықтайды.

4.Оқулықтағы мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап береді,тапсырмаларын орындайды.



Эканомика

Мемлекеттік қаржы дегенді қалай түсінесіңдер?

Отбасы дегеніміз не?

Отбасы қаржысын қалай үнемдеуге болады?

Өзіңе жіберілетін қаржыны есертеп көр.
6. Сабақты қорытындылау.

Карта дегеніміз не ?

Планды қалай оқиды және бағытты қалай табады?

7.Үйге тапсырма беру

15-17 бет оқу мазмұндау.



Дүниетану пәні

4-сынып

9 - сабақ күні



Сабақтың тақырыбы:Жазықтар.

Сабақтың мақсаты:Жер бедері туралы түсінік қалыптастыру;Қазақстан аумағындағы жазық,таулармен таныстыру;оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру;картамен жұмыс жасау,бақылау жасау,жинақтау,саралау,қорытындылау сияқты дағдыларды дамыту, жетілдіру.

Каталог: 735CF3A9ACC46BC7
735CF3A9ACC46BC7 -> Сабақ жоспары" "қысқа мерзімді сабақ жоспары"
735CF3A9ACC46BC7 -> Сабақ 1 Күні: Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Қ. Ахметова. Сабақтың мақсаты
735CF3A9ACC46BC7 -> Сабақ жоспары Сабақтың мақсаты: Алдыға аунауды үйрету, әр түрлі биіктіктегі кедергілерден тез және оңай секіру дағдысын, сонымен қатар кеңістікті тез бағдарлай білуге тәрбиелеу
735CF3A9ACC46BC7 -> Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек
735CF3A9ACC46BC7 -> Сабаққа эпиграф «Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың шегін көру мүмкін емес» Д. И. Менделеев «Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет