Сабақтың мақсаты: Оқушыларды т дыбысы мен әрпімен таныстыру; Оқушылардың тіл байлығын дамыту



Дата30.01.2017
өлшемі30,52 Kb.
#8344
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Т дыбысы мен әрпімен таныстыру;

2.Оқушылардың тіл байлығын дамыту;

3.Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер

Сабақтың барысы:

ІҰйымдастыру


  • Қазір, қандай сабақ?

  • Сауат ашу сабағы.


ІІ Өткен сабақ

«Жапырақ жинау» ойыны:



  • Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі. Күз мезгілінде ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастайды.

  • Дыбыс, әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Сөз неден құралады?

  • Сөйлем неден құралады?

«Тәуелсіздік» деген сөз шықты.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл 20жыл толады. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан теңіз, әлі де берері тіпті мол.

Тәуелсіздік тірегі білімді – ұрпақ.
ІІІ Жаңа сабақ


ТЕЛЕФОН сөйлем құрау, сызбасын сызу.

  • Осы сөздерде ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Т дыбысы

  • Балалар біз бүгін жаңа дыбыс және әріп Т дыбысымен танысамыз. Т дыбысын бірігіп айту. (Т әрпін тақтаға ілу)

  • Т дыбысы созылып айтылмайды, кедергіге ұшырап айтылады.

  • Олай болса, Т дыбысы дауыссыз дыбыс.

  • Тт дыбысының баспа түрі газет – журналдарында жазылады. Жазба түрін 1 сыныптан бастап үйренеміз. Кісі аттары, жер, су атттары бас әріппен, кіші әрпі сөздің ортасында , соңында жазылады.

Оқулықпен жұмыс

Суреттің атын атау

ТАҚИЯ, ДӘПТЕР, ХАТ (буынғак бөлу, сөйлем құрау)



  • Т дыбысы сөздің қай жерінде кездесип тұр? (басында, ортасында, соңында)

  • Т-А байланысып ТА буынын құрайды (хормен айтқызу)

  • А-ТА, АТА (бірігіп оқу, мағынасын ашу, сөйлем құрау)

  • А-ТА сөзінде неше буын, неше дауысты дыбыс бар? (Дыбыстық талдау жасату, тақтаға орындату)


Өзіндік жұмыс


Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,

Қарындаш болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қайта отырып жазайық.

Дәптермен жұмыс

Тт әрпінің баспа түрін жазып үйренеміз.

Мен бірінші тақтаға қарай бір сызық сызайық, оның үстіне солдан оңға қарай сызамыз.
Т әрпін қолдарымыздағы таяқшамен құрастырайық

Тақтаға 1-2 оқушыға жазғызу



  • Енді Т әрпін дәптерімізге жазып үйренейік, әдемі, таза етіп салайық.

Қорыту

«Санамақ айту»



«ҚАЗАҚСТАН»

  • Қандай дыбыспен , әріппен таныстық?

  • Т дыбысы қандай дыбыс?

  • Қандай текшеменбелгілейміз?

  • (Балаларға көгершін тарату)

  • Қолдарыңдағы қандай құс? Көгершін

  • Бейбітшілік құсы. «Көгершін» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.

Каталог: uploads -> doc -> 028e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
028e -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың ағартушылық мұраттары. Сабақтың мақсаты
028e -> 11 сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан билеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет