Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word мәтіндік редакторында



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі301,97 Kb.
#12875
түріСабақ
  1   2   3
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы
  1. «Нұрлы-көш орта мектебі» КММ

информатика пәні мұғалімі Бисеналина Н.Б.




  1. Класс:6 Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру.

  2. Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Word мәтіндік редакторында кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға,біріктіруге, кестелерді қоршауды үйрету


Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, бағалау парақтарын тарату



"Компьютерлік сауаттылықтан - ақпараттық мәдениетке ..." (А.П.Ершов)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Кім жылдам! (Тест жұмысы таратылады)



ІІІ Жаңа сабақ

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.

Кестелік мәліметтермен біздер күнде жұмыс жасаймыз. Мысалы: сынып журналы, күнделік, көбейту кестесі барлығы кестелік түрде ұйымдастырылған.  Олардың ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан (жолдардан) тұрады. Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құрудың екі тәсілі бар. Кесте құрудың бірінші тәсілі: Кесте (Таблица)→Кесте қосу (Добавить таблицу), ал екінші тәсілі: Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) – Кесте қою (Вставить таблица) командасын орындаймыз.. Экранда Кесте қою (Вставка таблицы) диолгтік терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім бойынша Баған саны (Число столбец) өрісінде 2 баған ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.



Кесте (Таблица)→Баған қосу (Добавить столбцы) командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Жол саны (Число строк) операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Кесте (Таблица)→Жол қосу (Добавить строки) командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

  • Макет- Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

  • Макет- Разбить ячейки

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

Word мәтіндік редакторында жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар (границы) қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:

  • Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау

  • Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.

  • Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.

  • Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.

  • Соңында ОК-ді басу керек.

Кесте ішіне деректер енгізу  немесе редакциялау үшін деректері бар ұяшыққа шертіп, басу  және редакциялау үшін пернетақтадағы әдеттегі пернелерді пайдаланыңдар. Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады.

  • Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «TAB» пернесін басыңдар.

  • Бір жолда кейін қарай  (солға қарай) қайтып оралу үшін «Shrift+tab» пернелері үйлесімін басыңдар.

  • Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланыңдар.

Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақтармын,
Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.(Шығыс нақылы)

Оқушыларға тапсырмалар тарату, дербес компьютерде орындату.



Тапсырма:

  1. Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) – Кесте қою (Вставить таблицу) командасын орындау арқылы 5 баған, 4 жолдан тұратын кесте құрыңыз.

  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

  3. Кестенің соңына 1 баған 4 жол қосып электронды пошта адресі деп жазып, толықтырыңыз

  4. Кестенің соңына жол қосып, барлық ұяшықтарды біріктіріп, «6 «В» сыныбы» деп жазыңыз

  5. Формат → Шекаралар және құю (Границы и заливка) командасы арқылы жиектеу орналастыр

  6. Орындаған тапсырманы мұғалімге көрсетіңіз

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар

Көзді дем алдыру жаттығулары:

Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;

Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;

Көзді жұмып және оны қолмен жауып 30 секунд отыру.

ІV. Қорытынды

«Ақпараттық диктант»

1.  Таблица →Вставить Таблицу командасының көмегімен ……… құруға болады.

2.  Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.

3. Число строк өрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.

4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін басамыз.

5. Жолдан жолға өту үшін ...... немесе ....... пернелерін пайдаланамыз.

«Ақпараттық диктант»  жауаптары:

1. Таблица → Вставить Таблицу командасының көмегімен КЕСТЕ  құруға болады.

2. Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН  санын енгіземіз.

3. Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.

4. Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін TAB пернесін басамыз.

5. Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланамыз.

V.Бекіту

Рефлексия жүргізу

Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім










VI. Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау. (кезекші жинастырады)



Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Қорытынды

Барлық ұпай

Баға

Кім жылдам! (Тест жұмысы)

әр дұрыс жауап 5 ұпай



Тапсырма (практикалық жұмыс)

5 ұпай


Ақпараттық диктант

әр дұрыс жауап

1 ұпай


1

Тынымбек Айым

























60-80 ұпай – «5», 50-70 ұпай – «4», 30-40 ұпай – «3»

VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, «Менің күнделігім» атты кесте құрып келу (Электронды түрде)

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Тексерілді

ОІЖО Уразтаева А.К.

24


  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
    2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
    2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
    2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
    2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
    2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
    2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
    2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
    2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
    2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
    2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет