Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің морфология саласынан білімдерін дамыту. Сабақтың міндеті



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,91 Mb.
#27887
түріСабақ
1   2
Балалар, қазір күз мезгілі жемістер, көкөністердің барлығы самсап пісіп тұр.

Тақтадағы суретке қарап, жемістердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қалай аталуын айтсақ, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.




1.Алыстан мұнартып не көрініп тұр?

2.Таудың бөктерінде жап-жасыл нелер жатыр?

3.Қыраттардың етегінде аппақ не тұр?

4.Алты қанат ақ үйдің ішінде кімдер бар?

5.Үйдің жанында кімдер отыр?

6.Әжейлердің жанында не тұр?

7.Аспанда не күлімдеп тұр?

Сонымен, кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір заттың немесе құбылыстың атауы болатын сөздерді зат есімдер дейміз.


IV. Сергіту сәті. «Қаражорға»

2. Интерактивті тақта арқылы  зат есімнің мағыналық түрлерін сызбалар  арқылы көрсету.

Ережесі. Түрлері. Мысал:

Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер Жалпы есім: Тау , құс, адам, өсімдік, т.б

Арнайы берілген есімдер мен атаулар Жалқы есім: Алатау, Ақерке, Жетісу, т.б

Нақтылы  тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп , қолмен ұстауға болатын зат есімдер Деректі зат есім: кітап, маман, дос, су, т.б

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары Дерексіз зат есім: Ауа, ой, бақыт,  арман, т.б

Балалардың жаңа сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында семантикалық картаны толтыртамын.



Рет саны

Мысалдар

Деректі

Дерексіз

1

Ақыл







2

Білім







3

Дәптер







4

Көңіл







5

Тұз







6

Қуыршақ







7

Ұстаз







8

Аброй







Мысалы :     жалпы есім жалқы есім

Адам---------------------------?

?------------------------------Балбырауын

Ән -----------------------------?

?-----------------------------Астана

Әнші--------------------------?

?------------------------------Алатау

Өзен--------------------------?

?-----------------------------Қызғалдақ

Жаңа сабақты бекіту

V.Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 110–жаттығуды орындаймыз. Берілген сөздерді төрт топқа (дерікті, дерексіз, жалпы есім, жалқы есім ) бөліп жазыңдар . (Тақтамен жұмыс)

Ақпан, шаттық, Жасұлан, Астана, Алтынай, ел, ата-ана, шабындық, қала, дәптер, жайлау, тау, өзен, сезім, ар-ұждан, алтыбақан, көл, бала, әке, туған-туысқан, амал-айла, Қазақстан, бозбала, малшы, ой, жұмыс, бұйражапырақ (өсімдік), Жолдыаяқ, парта, қалам, кітап, көл, көңіл, ауыл, жолдас-жора, Айша бибі, Қаратау,«Қаракесек», Бекболат, «Арман», жолбарыс.

Деңгейлік тапсырма

112 – жаттығу. Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар.

Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек, қыран, бақыт.
I-деңгей Мәтін құрастыру.

II-деңгей Жұмбақ, жаңылтпаш шығару.

III-деңгей Өлең шығару.

IV. Бағалау. Балаларды жетондар арқылы бағаладым.

ҮІ.Үйге тапсырма: 111-жаттығу. Зат есімдерді  теріп жазып, мағыналық түрлерін атап беріңдер.
VII. Рефлексия

“Сауалнама” түрі арқылы

1. Мен сабаққа қатыстым белсенді / енжар.

2. Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / риза емеспін.

3.Мен үшін сабақ қысқа / ұзақ болып көрінді.

4.Сабақ барысында шаршадым / шаршамадым.



5.Менің көңіл-күйім көтерілді / төмендеді.

6.Сабақтың тақырыбы маған түсінікті / түсініксіз
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет