Сабақтың мақсаты Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтінді, негізгі ойды, идеяны меңгерту



Дата03.07.2018
өлшемі37,63 Kb.
#46222
түріСабақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Құбай Әсия Дүйсембайқызы

Пәні: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «ғ»

Тақырыбы: Оразбек Бодықов «Аққұс туралы аңыз»


Сабақтың мақсаты

1.Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтінді, негізгі ойды, идеяны меңгерту.

2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын, шығармашылық ізденістерін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, әсемдікке, сұлулыққа өз Отанын сүюге және еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Оқыту әдісі

Топпен жұмыс, әңгімелесу, пікір талас, дәптермен жұмыс

Күтілетін нәтиже

Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» мәтінінің мазмұнын түсіну

Орындалатын жұмыстар

  1. Оқушыларды топқа бөлу

  2. Топпен топ ережесін шығару

  3. Сабақтың мақсатын түсіндіру

  4. Сабақтың тақырыбын ашу

  5. Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату

  6. Рефлексия

Көрнекіліктер

Автордың суреті, Ш.Қалдаяқов, Бетховен, Байқадамов суреттері, үнтаспа Шәмші әні.


Пән аралық байланыс

музыка, дүниетану

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтын мақсатын түсіндіру

2. Оқушыларды түгендеу

3.Психологиялық дайындық

Сәлем достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Бізге білім үйреткен,

Ұстаздарым аман ба?

Шәкірттерін ойлайтын,

Ұстаздарым аман ба?

4. Топқа бөлу (құстардың суреттері арқылы: аққу, қарлығаш, көгершін. Әр топ өздерінің сол құсты не себептен алғандығы туралы түсіндіру)



1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады. Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады



Үй тапсырмасын тексеру

Әбілхан Қастеев

(3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау)



Оқушылар мәтіннің мазмұны бойынша айтады

Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақ-жауап:

1.Әбілхан Қастеев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?



(1904 жылы Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегінде дүниеге келген)

2.Ә Әбілхан Қастеев сурет салуды қайдан, кімнен үйренген?



«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен»)

3.Әбілхан Қастеевтің өмірдегі ұстанымы... ("Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу - әр адамның өз қолында.

Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес",- дейді.)
4. Әбілхан Қастеевтің қанша туындысы жарық көрген?(Мыңнан астам туындысы жарық көрген)

5.Дарынды суретші Әбілхан Қастеев қайда оқыды? Дарынды график-суретші Алматы, Сәскеу көркемсурет студияларында оқыды.)

6. Әбілхан Қастеевтің анасы Айғанша қандай қол шебер түрлерімен айналысты?(Әбілханның анасы Айғанша кілем, алаша, басқұр тоқу түрлерімен айналысты)

Тақтада қандай сурет пайда болды? (табиғат)

Бұл сурет кімнің салған суретінің көшірмесі? (Әбілхан қастеевтің «Табиғат» суреті)

Олай болса, бейне баянға назар аударайық



Оқушылар суреттің қиындысындағы жазылған сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады

Экраннан бейне жазбаны көреді



Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Кіріспе:

-Бейне жазба не туралы?

-Не көрдік?

Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» автор Шәмші Қалдаяқовпен бетпе-бет отырып сөйлескендегі әңгімесі



Дәптермен жұмыс:

  1. Күннің жады

  2. Тақырып

Автор жайлы мағлұмат беру.

Оразбек Бодықов 1927 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Жазушы, аудармашы, драматург. Шығармаларынан «Қанжар мен домбыра» , «Дала тұтқыны», «Әл-Фараби» т.б.

(Мәтін туралы мұғалім қысқаша түсіндіріп өтеді.)

Мәтін бойынша жұмыс:

А)іштей оқу

Ә)дауыстап оқу

Б)тізбектей оқу



Әр топқа бөлімге бөлгізіп оқыту

1-бөлім: Автор мен Ш.Қалдаяқовтың әңгімесі

2-бөлім: Аққұстың әні

3-бөлім: Аққұс пен Қарақұстың оқиғасы



(Мәтінді оқып, таныс емес кісі аттарын түртіп алып, астын сызып отыру.)

Мәтіндегі кісі аттарына мағлұмат беру:

(слайд арқылы)

  1. Людвиг ван Бетховен
    1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзі секілді қарады. 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. 

  2. Байқадамов Бақытжан музыкаға деген әуестік болашақ композиторда бала кезінен-ақ пайда болды. Қазақ радиосында хор жетекшісі .Қазақ мемлекеттік хор капелласы Байқадамов Бақытжан есімімен аталады

  3. Ш.Қалдаяқов Шымкент облысы Отырар ауданы , Шәуілдір ауылында 193О жылы 30 тамызда дүниеге келген. Аса көрнекті сазгер, -Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, -300-ге жуық әндері бар. 

Дәптермен жұмыс:

Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп

Көл тынып-тыныш күйге еніп

Аспан егіледі-аспан жылағандай күйге енеді



Кубизм стратегиясы : Сұрақ-жауап
(Кубикте берілген сұрақтарға әр топ жауап береді )
-Автор мен Шәмшінің арасында қандай әңгіме болды?
-Қарақұс неліктен Аққұстың көзін жоймақшы болды? 
-Аққұстың ақырғы өтініші, ол ажалдан қалай құтылды?
-Аққұс ән салғанда табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?
- Автор Ш.Қалдаяқовтан не жайында сұрады? 
-Аққұс туралы әңгімені Шәмші аға кімнен естіген? 
-Автор әннің құдіретін не арқылы көрсеткен? 
-Қазақ хорының негізін салушылардың бірін ата.
- Неміс композиторы кім?
-Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?

Сергіту сәті

Топтық жұмыс: «Шәмшіге арнау » әні орындалады

1-топ: Аққұс пен Қарақұс туралы ұқсастығы мен айырмашылығын жазып, сипаттау

Аққұс Қарақұс
2-топ: Аққұстың әнінің әсері

Табиғатқа Адамға

3-топ: Табиғат ән құдіретіне қалай табынады?

Жел

Тау

Өзен

Ағаш

Жарық дүние
















Қойылған сұрақтарға жауап береді

Мәтінді әр топ оқушылары бөлімге бөліп оқиды, түсінгендерін айтады

Оқушылар мұқият тыңдап, мәтіндегі кездескен кісі аттарымен жақынырақ танысады, өз білгендері бойынша ой бөліседі.

Оқушылар дәптерлеріне сөздікпен жұмыс орындайды.

Оқушылар «кубизм» стратегиясы арқылы мәтіннен түсінгендері бойынша сұрақ-жауапқа жауап береді.



Оқушылар «Шәмшіге арнау » әнін тыңдай отырып, өздерінің топтарына берілген тапсырмаларды топтаса отырып орындайды.


Қорытындылау

1-топ: журналист ( 1-топ 2-топқа мәтін бойынша сұрақ қояды)

2-топ: куәгер (1-топтың қойған сұрағына жауап береді)

3-топ: диктор (мәтіннің желісі бойынша баяндап, қорытындылайды)

Топтық жұмыс арқылы сабақты оқушылардың өздері қорытындылайды


Рефлексия

Ақ құс қанатына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазыңдар .
-Әндерін ғасырларға жалғасатын,
Жаңғырып жанымызда қалар атың.
Дүбірлі дүниені түгел шолсаң,
Өзіңнен сазгер - әнші бар ма асатын?!-бүгінгі сабағымызды аяқтайық 

Оқушылар бүгінгі өткен сабақтын алған әсерлерін аққұстың суретіне жаза отырып, тақтадағы Әбілхан Қастеевтің «табиғат» суретіне жабыстырады. Өз пікірлерін айтып, бөліседі.

Үйге тапсырма

Ш.Қалдаяқов, Байқадамов, Бетховен, Оразбек Бодықов туралы қосымша мағлұмат жинап келу




Бағалау




Каталог: uploads -> doc -> 0eb8
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb8 -> Білім бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен қасқыр» (ертегі). Мақсаты: Білімдік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет