Сабақтың мақсаты Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше дерек көздердің ақпаратын салыстырып, қолданады



Дата01.08.2017
өлшемі139,69 Kb.
#22523
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Не себепті Кеңес үкіметі Жаңа экономикалық саясаттан бас тартты?

Мектеп: НЗМ ФМБ Астана

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Сыздыкова Р.Р.

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Әскери коммунизм және Жаңа экономикалық саясаттарының мәнін түсінеді

Сабақтың мақсаты

Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше дерек көздердің ақпаратын салыстырып, қолданады

Тілдікміндеттер

Топтар «Сәйкестік аймағына» Кеңес үкіметінің ЖЭС-тан бас тарту себептерін тмаңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады және өз ойларын дәлелдер келтіре отырып тұжырымдайды (айтылым дағдысы).

Оқушылардың бір бөлігін себептерге қатысты ой түйіндерін дәптерге жазуға тапсырма беруге болады (жазылым дағдысы)



Алдыңғыбілім

Қазақ Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуын біледі, Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайын түсінеді

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар (төменде келтірілген жазбаларды өзіңіз орындататын тапсырмалармен алмастырылады)

Дерек көздері

Басы
10 мин

Б Сыныпқа Әскери коммунизм кезіңдегі суреттер топтамасын көрсету.Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі тиіс

Не көріп тұрсыздар?

Қандай сұрақтарыңыз бар?

Қандай қорытынды шығарасыздар?

Оқушылардың мүмкін жауаптарын тыңдау, жетелеу сұрақтары арқылы «Әскери коммунизм» саясаттын ашу және сол арқылы Кеңес үкіметінің Жаңа экономикалық саясатқа көшу мәнін анықтау.Осыдан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.


Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. ҚазіргіҚазақстантарихы.

Алматы: Раритет, 2010

Қазақстанның қазіргі заман тарихы.



Ортасы
7 мин
15 мин

5 мин

15 мин

20 мин


10 мин



Зерттеу мен талдау

(Ж) Жұптарға ЖЭС және «Әскери коммунизм» саясаттары туралы мәтіндерді ұсыну.Жұптардың мақсаты мәтінді оқып, негізгі ойды бір-біріне айтып береді.

(Т) Осыдан кейін ЖЭС-ты оқыған оқушыларды бір топқа, «Әскери коммунизм» мәтінін оқыған оқушыларды бір топқа бөлу. Топтар аталмыш саясаттың сипатын ашу үшін «инфографика», «интеллект карта» немесе постер әдісін пайдаланып түсіндіреді.

Презентация критерийі:



  • Тақырып мәнінің ашылуы;

  • Фактілердің қамтылуы;

  • Креативтілігі

Б ЖЭС пен «Әскери коммунизм» саясатының айырмашылығы неде? «Әскери коммунизм» саясаттан бас тарту себептері неде? деген сұрақтар қою және жауаптарын тыңдау.
Т ЖЭС-тың жетістіктерін төмендегі кестеге салалар бойынша анықтауға және қорытынды шығаруға тапсырма беріледі.

Кесте

Саяси




Экономикалық




Әлеуметтік




Технологиялық




Қорытынды:


Т Осындай нәтижеге қол жеткізе отыра не себепті Кеңес үкіметі ЖЭС-тан бас тарты? деген сұрақ қойып оқушыларға себептерді анықтауға тапсырма береді.Оқушылар мүмкін себептерін стикерге жазады және мұғалім алдын-ала дайындалған себептері бар карточкаларды таратады.(Қосымша 3)

Мысалы,



  • Ауыр индустрияны дамыту ниеті;

  • Сауданы дамытып, жеке меншік қатынастарды нығайтты;

  • Сталиннің жеке көзқарасы;

  • Социалистік укладка ЖЭС -тың сәйкес келмеуі;

  • Байларды көбейтіп, кедейлер наразылығын тудырды;

  • Идеологияға қайшы келуі;

  • Лениннің орнына Сталиннің келуі;

  • Әміршіл-әкімшіл жүйенің әлсірей бастауы;

  • Капитализм қатынастары нығая түсуі;

  • Көтерлістердің өршуі.


ТТоптар жоғарыдағы себептерді талдай отырып, оларды «Сәйкестік аймағына» маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады және өз ойларын дәлелдейді.




Оқушылар нарықтық экономиканың заңдылықтарына негізделген Жаңа экономикалық саясаттың кеңестік идеологияға қарама-қайшы келгендігіне көз жеткізу керек.


Б «Неліктен Кеңес үкіметі ЖЭС-тан бас тарты?» деген сұраққа жоғарыдағы себептермен жұмыс жасай отырып, өз ойларын жазады.

Т. Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. - Алматы: Санат, 1997.



«Инфографика» мысал



Дахшлейгер Г.Ф.
Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана
. Алма-Ата:Наука, 1965.-

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.


Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. Өзекті мәселелері. Өнер, 2014

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Қазақ университеті, 1992.

Қойгелдиев М.Қ,, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?. Ана тілі, 1993.


Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралдары. Б.Аяған. -Алматы: Атамұра, 2005 ж.

Соңы

10 мин



Т Оқушылар топ мүшелерін бағалайды. (Қосымша4)
Оқушылар сабақ барысында сәтті өткен және жақсартуға болатын іс-әрекетті айтады.

  • Бүгін мен білдім…

  • Қызықты болды…

  • Қиын болды…

  • Мен орындадым…

  • Енді мен істей аламын…

  • Осы сабақтан алғаным…

  • Мен үйрендім…

  • Мен жасап көремін…

  • Мені таңқалдырды…

  • Сабақ мен үшін тәжірибе берді …

  • Менің ойға түйгенім...

  • Есте сақтаймын ...

  • Мен үшін әлі де ...




Қосымша ақпарат

Бөліпоқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар


Оқушылар Кеңес үкіметінің неліктен ЖЭС-тан бас тартқан себептерін «Сәйкестік аймағына» маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырған кезде дифференциацияны оңтайлы пайдалануға болады. Карточкаларда жазылған себептерді дайын түрде мұғалімнің өзі оқушыларға ұсынатыны белгілі. Осында қабілеттері жоғары оқушыларды өздері қосымша мүмкін болатын себептерді жазуға сұрауға болады.

Сабақ үстінде оқушылардың жеке, топтағы жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуына қарай бағалау жүзеге асырылады

Құндылықтар:

- патриотизм

- төзімділік

- бостандық

- ұлттық сана-сезім


Рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстыдегенсолжақтакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?


Әскери коммунизм»саясатының сипаты.

«Әскери коммунизм» саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуіне әкеп соқты. Ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, транспорт, киiм, аяқкиiммен т.б.үшiн карточкалық «паек» берiлдi. «Әскери коммунизм» саясатының көрінісі – азық-түлiк салғырты (продразверстка)болды. Азық-түлiк салғырты шаруалардан өндірген өнімінің өздерінің күнкөрiсiне жететiн шамалы бөлігінен басқасының бәрін армия мен қалалардың жұмысшы тұрғындарының мұқтаждығы(для нужд) үшiн берілді. «Артық өнімдер»(«лишние продукты») қарулы азық-түлiк отрядтарымен армияның көмегімен тартып алынды. Бұл мiндеттi тапсырулар қағаз ақшаның жаппай құнсыздануына әкелді.Сондықтан шаруалар азық-түлiк салғыртын тонаушылық әректі ретiнде қабылалды.

Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 250 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру - 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап бос қалды. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда - 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.

Сайып келгенде осының бәрі 1921-1922 жылдарда келесідей ашығушылыққа(привело к голоду) әкелді.Нақты фактімен келтірер болсақ, 1921жылы қараша – 1 558 927 адам, желтоқсан – 1 572 291 адам, ал 1922 жылы қаңтар – 1 554 197 адам, ақпан – 1 625 387 адам, наурыз – 1 719 234 адам, қараша – 2 286 486 адам, мамыр – 2 093 403 адам, маусым – 2 019 475 адам аштықтан көз жұмды.

Жаңа экономикалық саясат мәні (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру шешімі қабылданды. Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол берді. Нарықтық катынастарға көшу ақша айналысы ретке келтірілді. 1921 жылы жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі мен карточкалық жүйе жойылды.

Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады.

Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. 1925 жылы егін егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. 1925 жылы 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі есе өсті.Қазақстандағы өнеркәсіптің калпына келтірілді. 1925 жылдың соңына таман өнеркәсіп орындарының 60%-ынан астамы іске қосылды. Сауда дами бастады. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Экономикадағы жағдайдың жолға қойылып келе жатқанына темір жолдардың тоқтаусыз жұмыс істей бастағаны дәлел болды. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынған Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдалануға берілді. Сонымен қатар зауыт пен фабрикалар жанданып жұмыс істей бастады.
Қосымша 3 (себептер)


Индустрияны дамыту үшін


Сауданы дамытып, жеке меншік қатынастарды нығайтты


Байларды көбейтіп, кедейлер наразылығын тудырды


Лениннің орнына Сталиннің келуі


Сталиннің жеке көзқарасы


Социалистік укладка ЖЭС -тың сәйкес келмеуі


Идеологияға қайшы келуі


Көтерлістердің өршуі

Капитализм қатынастары нығая түсіуі



Әміршіл-әкімшіл жүйенің әлсірей бастауы







Қосымша 4
Өзін-өзі/сыныптасыңды бағалау

Төмендегі кестеде өзтобыңыздың мақсаттары мен іс-әрекеттеріне қатысты топтың әр мүшесінің ең мықты және ең әлсіз жағын анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеу үшін бір нақты мысал келтіріңіз. Өзіңізді енгізуді ұмытпаңыз!



Топ мүшесінің есімі мен оның топтағы ролі

Мықты жағы

Әлсіз жағы

Мысал









































Жетістік критерийлері


Оқу мақсаты:

Әскери коммунизм және Жаңа экономикалық саясаттарының мәнін түсінеді

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді


Дағдылар:

Білу және түсіну

Анализ

Әскери коммунизм саясатынан бас тартудың үш себебін біледі

Әскери коммунизм саясатының негізігі үш салдарын көрсетіп, талдайды




Оқу мақсаты: Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше дерек көздердің ақпаратын салыстырып, қолданады

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Дағдылар

Қолдану


Анализ

Сын тұрғысынан ойлау



Деректі пайдаланып, сұраққа жауап береді


Басты екі себепті және негізгі емес екі себепті ажыратады


Себептерді маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады және және өз ойларын дәлелдер келтіре отырып тұжырымдайды.

Каталог: site -> nis -> repository -> file -> 16%2004%202015
16%2004%202015 -> Қалыптастырушы бағалау. Қазақ тілі және әдебиеті, 2-сынып, 2-тоқсан
file -> 7 сыныпқа физика пәнінен зертханалық ЖҰмыстарға арналған әдістемелік ңҰСҚАУ
file -> Сабақтың тақырыбы:«ххі ғасыр көшбасшысы»
16%2004%202015 -> Сабақ тақырыбы: Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
16%2004%202015 -> Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Әр иммунитет барынша қарапайым сөздермен сипаттай алады
16%2004%202015 -> Құрамы Мектеп: Қарағанды қаласы ниш уақыты: 40 минут


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет