Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі97,32 Kb.
#22620
Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары мен қазақ басылымдары жайлы оқушыларға мағлұмат беру .

Сабақтың дамытушылық мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетін ой елегінен өткізіп, оқушыларға өз бетінше жұмыс жасата отырып, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тарихи кезеңдерге талдау жасай отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс,интерактивті әдіс

Сабақтың көрнектілігі: слайд, үлестірмелі материалдар, суреттер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Қолданылатын технология:ойын мен АКТ элементтері

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

1.  Ұйымдастыру

1. Мен өз елімнің тарихын сүйемін

2. Мен өзге елдің тарихын құрметтеймін

3. Мен өз елімнің патриотымын

2. Топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау

І-топ - әдебиет

ІІ-топ - өнер

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

1. Суретті сұрақ

1. Кітап – 1935 жылы профессор С.Асфендияровтың жарыққа шыққан еңбегі қалай аталады ?

Жауабы: «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» бірінші томы жарық көрді.

2. Кітапхана – 1924 жылғы кітапхана мен кітапханадағы кітап қоры қанша болды ?

Жауабы: 236 кітапхана, кітап қоры – 488 мың дана

3. Ғылым – КСРО ҒА-ның Қазақстандағы базасы қашан құрылды ? Алғашқы база құрылымдық жағынан қандай секторлардан тұрды ?

Жауабы: 1932 ж құрылды. Зоология және биология секторларынан тұрды, 1935 жылы геология және тарих секторлары қосылды.

4. Абай атындағы Опера және балет театры – 1946 жылы 1 маусымда Абай атындағы Опера және балет театрында өткен Қазақстанның Ғылым академиясын ашуға арналған салтанатты жиналыста Қ.И.Сәтбаев қандай тақырыпта баяндама оқыды ?

Жауабы: «Қазақстанда ғылым дамуының жағдайы мен негізгі міндеттері»

2. Үлестірмелі материалдар

1 оқушыға

Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы 1920 жылы құрған экспедициялық отрядтар Қазақстан жеріне қандай мақсатпен келді ?

Жауабы: Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климатын, аумағын, мәдениетін, тұрмысын,, тілін, кешенді ғылыми зерттеуге тиіс болды.



2 оқушыға

Тарихи диктант

Ауыл шаруашылық саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер ..................................................................... (1919ж.), ...................................................................(1924 ж), .................................................................................................. (1926 ж), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен стансылар құрылды.

Жауабы: Ауыл шаруашылық саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер Алматы жеміс-жидек стансасы (1919ж.), Өлкелік өсімдік қорғау стансасы (1924 ж), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен стансылар құрылды.

3 оқушыға

«Сауатсыздықты жою қоғамы» қашан құрылды ?

Жауабы: 1924 жыл

4 оқушыға

Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын кімдер алды ?

Жауабы: С.Көбеев, Л.И.Добронская, Н.Волков, С.Ақышев, А.Ақатев, Ш.Сарыбаев

5 оқушыға

Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғарғы оқу орны

Жауабы: Педагогикалық институт 1928 ж ашылды. Кейін Абайдың есімі берілді.

6 оқушыға

Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан кім ?

Қ.И.Сәтбаев

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:

1.Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының саны? Жауабы: 20

2. КСРО ҒА КСРО ҒАҚФ төрағасы ?

Жауабы: А.Д.Архангельский

3. 1926ж ежелгі Тараз қаласы орнында қазба жұмыстарын жүргізген кім ?

Жауабы: Массон

4. 1925-1929 жылдардағы Республика астанасы

Жауабы: Қызылорда

5. Республика астанасының Алматыға ауысқан уақыты ?

Жауабы: 1929 жыл

ІҮ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ жоспары


  1. 1920-1930 жж әдебиет

  2. 1920-1930 жж бейнелеу өнері мен музыка өнері

  3. Театр өнері. Кинематография

Жаңа сабақтың мақсатын айту

Тақырып бойынша қысқаша мағлұмат беру

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында мәдени мұра ішінде қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бөлігі ретінде қалыптасты. Қазақ әдебиетін жанрлық жағынан көркейтіп, мазмұнын кеңейткен әдебиет тарихында жаңа серпін, тың тақырып идеясымен келген ақын-жазушыларымыз көп еді. Өнер саласы да бұл жылдары үлкен жетістіктерге жетті.

1. Сұрақтар қою

Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы атақты жазушылардан кімді білесіңдер

Жазушылар қандай тақырыптарда шығармалар жазды ?

Қазақ өнері қалай дамыды ?

2. Постер қорғау (15мин)

Оқулықпен жұмыс: Екі топқа тапсырмалар беріліп, постерлерін қорғайды.



І - топ «Әдебиет» - 1920-1930 жж әдебиет

Жылдар_сөйлейді_._Театр_өнері._Кинематография_(Кесте_толтыру)'>ІІ - топ «Өнер» - 1920-1930 жж бейнелеу өнері мен музыка өнері

3. Жылдар сөйлейді . Театр өнері. Кинематография (Кесте толтыру)

І - топ тапсырмалары. Театр өнері




Құрылған жылы

Театрлар

Қалалары

Қойылымдары

1926 ж

Ұлттық қазақ театры

Қызылорда

«Еңлік-Кебек»

1932 ж

Корей драма театры

Владивосток

Қызылорда (1937)



«Любовь Яровая»(1937), «Жаулар», «Даңқ»(1938), «Отты ставка»(1939)

1933 ж

Орыс драма театры

Семей

«Любовь Яровая»

«Чапаев»(1935), «Түнгі сарын»(1937)



1933 ж

Кәсіпқой Ұйғыр ұлттық театры

Алматы

«Анархан», «Ғерип-Сәнәм»

Қозы Көрпеш-Баян сұлу(1937ж)



1933 ж

Абай атындағы Академиялық опера және балет театры

Алматы

Бірінші қаазақ балеті «Қалқаман- Мамыр»(1938)

ІІ - топ тапсырмалары. Кинематография




Жылдар

Болған оқиғалар, түсірілген кино атаулары

Киностудия атауы

1925 ж

Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру қолға алынды




1930 ж

1931ж


1933 ж

«Дала әні»

«Жұт»


«Қаратау құпиялары»

Востоккино

1929 ж

«Бүлік»

Ленфильм

1935 ж

«Жау соқпағы»

Мосфильм

1938 ж

«Амангелді»

Ленфильм

4. Мәтінмен жұмыс

1 топқа

Ырғалған көкке бойлап қарағайы

Қасында көк желекті аппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Қарағай биік шыңды қиялаған.

Еш адам оны барып кия алмаған,-

Шаңқылдап тау жаңғырып, шыңға қонып,

Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған

Сұрақ:


Бұл өлең жолдары қай ақынның қандай шығармасынан алынған үзінді ?

Жауабы: С.Сейфуллин «Көкшетау»



2 топқа

Шүйделі шоқтығы өрген, шідерлігі,

Серке сан, желмаядай тілерсегі.

Тау желін тартса жұтқан талыс танау,

Тынысты кеуде жатыр кеңірдегі.

Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ,

Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ,

Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ,

Шапса-жел, мінсе – жайсаң, тұрса – селсоқ.

Сұрақ:


Бұл өлең жолдары қай ақынның қандай шығармасынан алынған үзінді ?

Жауабы: І.Жансүгіров «Құлагер»


Ү. Бекіту .

1. «Математикалық ойын»

(320 2) + 1282 =1922 жыл – Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді

(455 3) + 562 = 1927 жыл С.Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу»романы жарық көрді

(380 4) + 407 =1927 жыл – Германияның Франк-Фурт каласында өткен музыка көрмесіне қатысқан қазақтың үздік әншісі Ә.Қашаубаев

(500+531) + 900 =1931 жыл – Алматыда қуатты радио тарату стансасы жұмыс істей бастады

(900+68) 2= 1936 жыл – Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті



  1. 4) + 519 = 1939 жыл – А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы ашылды

2. «Сәйкестендір»

М.Жұмабаев




«Ел қорғаны»

М.Әуезов




«Жүсіпхан» дастаны

Ж.Аймауытов




«Қазақ халқының 1000 әні»

А.В.Затаевич




«Түнгі сарын»




Ә.Қастеев




«Құрғақшылықта тасаттық беру» суреті

Л.Ансари




«Жолдастар» романы

І.Жансүгіров




«Таңғы сәуле»

Б.Майлин




«Азамат Азаматыч»



ҮІ. Қорытындылау. «Ой қозғау»

«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде- ұлт та ұлы бола алмайды» Ғ.Мүсірепов

ҮІІ. Үйге тапсырма:

«ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет пен өнер» тақырыбын оқу.

Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер туралы мағлұмат жинап келу



ҮІІІ. Бағалау

Сабақтың кезеңдері

Ұпай саны

Жалпы ұпай

Үй тапсырмасы







Суретті сұрақ







Үлестірмелі материалдар







Жаңа сабақ







Сұраққа жауап







Постер қорғау







Жылдар сөйлейді







Мәтінмен жұмыс







Жаңа сабақты бекіту







Математикалық ойын







Жаңа сабақты қорытындылау







Ой қозғау








ҮІІІ. Рефлексия

Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазып, тақтаға жапсыру
Каталог: uploads -> doc -> 0f03
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f03 -> Тақырыбы: «Аққала қонаққа келді» 25. 11. 2013ж. Білім беру саласы: Қатынас
0f03 -> Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері
0f03 -> 38 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі Р. А. Нұртазина Мектепке дейінгі балаларды оқытуда және тәрбиелеуде сыни ойлау стратегияларын қолдану тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет