Сабақтың мақсаты: «Шұғаның белгісі»



бет1/2
Дата08.05.2020
өлшемі22,09 Kb.
#66610
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 26.03.20
27.10.2020 Білім алушының таңдау пәні «Жұмысшы мамандығы бойынша практика», Табиғат бұрышы зерттеу бағдарламасы

Күні: 26.03.20

Топ:1-инфо-2

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Оқытушы: Аймуханбетова Гульназ Ахметовна

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Шұғаның белгісі» хикаяты.

Сабақтың мақсаты: «Шұғаның белгісі» шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдерін тереңдету, шығарма сюжеті негізінде өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу
Дәріс материалы:

Өмірбаяны. Көркем әңгіме, повесть жанрының шебері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Бейімбет (Бимағанбет) Жармағамбетұлы Майлин  1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында кедей малшының отбасында дүниеге келеді. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Байдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Байдас өлең  шығаратын, сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып тұрған. Осының         барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады.1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.  Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады.

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызылжалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.  Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан-жақты да терең суреттеледі. Оның көп жазғандығының бір белгісі-бүркеншік аттарының (псевдоним) көп екендігі. Ол барлық туындыларына өз есімін қоя бермеген. Бейімбет Майлиннің бүкіл өмірін, шығармаларын  зерттеп жүрген жазушы, профессор, ғалым Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің 74 бүркеншік аты бар екендігін анықтаған.  Олар: Шаңқан (аталарының аты), Малай (кедей отбасында дүниеге келген), Қоңыраушы, Газетші, Тілші, Жуас, Қайдауыл баласы, Мереке (өз баласының аты), Жолаушы, Жолдыбай (жолда көп жүргеннен кейін) атап кеткен. Гүлжамал Майлина - атақты жазушы Бейімбет Майлиннің жұбайы. Олардың ұлдары Мерекені  «айып батальонына» алып кетті, өйткені «халық жауының» ұлы еді. Қыздарын түрлі интернатқа жөнелтті. Қыздарының бірі Ғалия, Осакаров балалар үйіне түскен. Түрмеден босағаннан кейін анасы қызымен кездесіп, Қарағандыға, одан кейін Алматыға көшті. Ол жерде Ғалия медициналық институтты тәмамдап, дәрігер атанды. Қазіргі күні Ғалияның балалары мен немерелері Алматыда тұрады. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе - әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет