Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/4
Дата26.01.2018
өлшемі0,64 Mb.
#34020
түріСабақ
  1   2   3   4
сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға тарих пәнінің зерттеу объектісі, қоғамдық ғылымдар ортасындағы ролі, бесінші сыныпта тарих пәнін оқытудың ерекшіліктері мен тарихи кезеңдер туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Cұрақ-жауап, сұхбаттасу, көрнекіліктер арқылы оқушылардың тарих пәніне қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік: Отанының болашағына немқұрайлы қарамайтын, ұлтжанды, ел болашағына алаңдайтын азаматтарды тәрбилеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: ҚР -ның картасы, суреттер, кестелер, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,география



Сабақтың барысы:

Сабақтың эпиграфы: «Тарих - адамзат ақыл-ойының қазынасы»

  1. Ұйымдастыру бөлімі.Танысу (10 мин.)



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар! Міне, сендер мектептің негізгі буынына көштіңдер. Бесінші сыныптан бастап, сендер көптеген жаңа пәндермен танысып, зерттейтін боласыңдар. Қазақстан тарихы осы жаңа пәндердің бірі. Келесі жылы бәз еліміздің Тәуелсіздігінің жылдығын тойлайтын боламыз. Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке жету үшін еліміз қандай қиындықтарды басынан өткеріп, оларды жеңгендігі туралы сендер «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәнімен бірігіп жауап іздейтін боласыңдар. Қазақстан тарихы сабақтарында біз еліміздің өткен тарихын зерттейтін боламыз, үйткені елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын». Қазақстан тарихы біздерге еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен атабабаларымыз жайында әңгімелейді.

0-дік бақылау үзігін алу.

І нұсқа

  1. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары кімдер?

  2. Қазақстандағы Тілдер күні мерекесі қашан тойланады?

ІІ нұсқа

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы кім?

  2. Қазақстан халықтары бірлігі мен ынтымағы мерекесі қашан тойланады?



Үй тапсырмасы: «Менің отбасымның тарихы» тақырыбына қысқаша шығарма жазу

Сабақтың тақырыбы: Тарих пәні туралы. Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға «тарих» ұғымы, тарихтың қалыптасып дамуы, тарихтың аталары Геродот пен Сыма Цянь туралы білім беру.

Дамытушылық: Деңгейлік өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып, ізденіске ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі екенін сезінетін, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу

Сабақтың көрнекілігі: ҚР -ның картасы, суреттер, уақыт сызығы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,география


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар! Адамзат баласы пайда болғаннан қазіргі күнге дейін небір қызықты оқиғалар мен үлкендікішілі соғыстарды бастан кешірді. Ғаламның, табиғаттың қырсырымен таныс болды. Тарих ең алдымен жекелеген ірі тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері. Олар әр түрлі қиындықтарға қарамастан алға жылжыды.


  1. Терминдермен жұмыс. Сөздерге анықтама беру.

Тарих

Шежіре


Шежіреші

  1. Кестені толтыру «Ұлы тарихшылар»

    Тарихшы

    Өмір сүрген жылдары

    Еңбектері

    Ерекшіліктері

    Геродот










    Сыма Цянь










    Рашид ад-Дин










  2. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ: «Тарихты оқып білу не үшін қажет?»

  3. Уақыт сызығымен жұмыс. Қазақстан тарихының кезеңдері:

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы(V-XV ғғ. )

  3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIX ғғ.)

  4. Қазіргі замндағы Қазақстан тарихы(XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін)

Көмекші пәндер: археология, этнография, нумизматика, ономастика, демография, шежіретану, геральдика т. б.

Үй тапсырмасы: 1-ші параграф (оқу), Геродот, Сыма Цянь, Рашид ад-Дин туралы реферат жазу, баяндама даярлау

Сабақтың тақырыбы: Тарихтың қайнар көзі - деректер. Күні:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға ауызшаа, жазбаша деректер, олардың түрлері, көмекші тарих пәндері туралы білім беру.

Дамытушылық: Деңгейлік өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып, ізденіске ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Туған елінің өткен тарихын құрметтейтін, білімпаз жастарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,география


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест


  1. Тарих сөзін алғаш қолданған кімдер?

А) Арабтар; Ә) Қытайлықтар; Б ) Қазақтар;

2) «Зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіретін сөз.

А) шежіре; Ә) жылнама; Б ) тарих;

3) Ежелгі грек тарихшысы, жиһангезі Геродот қай жылдары өмір сүрді?

А) б. з. б. 484-425 жж.; Ә) б. з. б. 438-378 жж.; Б ) б. з. б. 468-415 жж;

4) Шығыстағы «Тарихтың атасы» деп кімді атаған?

А) Геродотты; Ә) Рашид ад-Динді; Б ) Сыма Цяньді;

5) Батыстағы «Тарихтың атасы» деп кімді атаған?

А) Геродотты; Ә) Рашид ад-Динді; Б ) Сыма Цяньді

6) Қытай тарихшысы Сыма Цянь қай жылдары өмір сүрді?

А) б. з. б. 125-76 жж.; Ә) б. з. б. 145-86 жж.; Б ) б. з. б. 167-98 жж;

7) Сыма Цянь қандай тарихи еңбек жазып қалдырды?

А) «Тарихи жазбалар»; Ә) «Тарих»; Б ) «Жылнамалар жинағы»

8) Рашид ад-Дин қай жылдары өмір сүрді?

А) 1257-1418 жж.; Ә) 1247-1318жж.; Б ) 1267-1338 жж;

9) Мұхамед Хайдар Дулати қандай тарихи еңбек жазды?

А) «Тарихи Рашиди»; Ә) «Жами ат-тауарих»; Б ) «Шежіре и-түрік»

10) Патша сарайындағы оқиғаларды жазып отыратын арнайы адамдар кімдер?

А) шежірешілер; Ә) тарихшылар; Б ) жылнамашылар;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар! Адамдардың ертедегі өмірі жайлы қалай білеміз? Адамзат пайда болғаннан бастап, өз дамуы барысында тарихи «іздерін» қалдырып отырған. Олардың сонау ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін тұтынған бұйымдары, киімкешегі, баспаналары, олар жазып кеткен мәліметтер тарихи дерек көзі саналады. Ғалымдар көне заманның осы жәдігерлерін зерттеп, адамзаттың тарихын жазады. Адамдардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді тарихи деректер деп атайды.



  1. Тірек сызбамен жұмыс. Тарихи деректер

ауызша жазбаша археологиялық этнографиялық антропологиялық



  1. Мәтінмен жұмыс. Оқулыққа сүйене отырып, кестені толтыру.



Тарихи деректер

ауызша

жазбаша

археологиялық

этнографиялық

антропологиялық


















  1. Терминдерге анықтама беру.

Нумизматика – тиындар, құйма ақша кесектері т. б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші пән.

Бонистика – қағаз ақшалардың тарихын зерттейтін көмекші пән.

Геральдика – елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи пән.

Антропология – адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы.



  1. Қорытынды.

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 2-ші параграф (оқу)

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша деректер. Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға жазу тарихы, алфавиттің пайда болуы, тарихи оқиғалардың қағаз бетіне түсуі туралы білім беру.

Дамытушылық: Деңгейлік өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып, ізденіске ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Туған елінің өткен тарихын құрметтейтін, білімпаз жастарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар:

Тарих деректер қандай түрлерге бөлінеді?

Ауызша және жазбаша деректерге не жатады?

Археологиялық деректер дегеніміз не?

Этнографиялық деректер дегеніміз не?

Нумизматика, геральдика, бонистика, антрополгия көмекші тарих пәндері нені зерттейді?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.


  1. Жазу тарихы.

  2. Алфавиттің пайда болу тарихы.

  3. Тарихи оқиғалардың қағаз бетіне түсуі.

  1. Жазу тарихы. Иероглиф(грекше «қасиетті жазу») - таңбалар ретінде заттың, өсімдіктің, жануарлардың, құстардың суреті бейнеленетін жазудың бір түрі.

Пиктография - тасқа, қышқа жазылған сурет жазулар.

Сына жазуы - б. з. б. IV мыңжылдықтың ортасында Евфрат және Тигр өзендеріне қоныстанған ежелгі шумер тайпалары ойлап тапқан.



  1. Алфавиттің пайда болу тарихы. Кестені толтыру.

Жазу түрі

Пайда болған уақыты

Ерекшіліктері

Финикия алфавиті







Грек алфавиті







Түрік алфавиті







Сақ жазуы







Араб жазуы







Қазақ әліпбиінің өзгеріске ұшырауы. 1929 ж. - латын алфавитіне көшу, 1940 ж. – латын алфавитінің кирилл әліпбиіне ауыстырылуы.

Жазуда қолданылған заттар:

Египет - папирус;

Қытай (б. з. ІІ ғ) - қағаз;

Пергам (б. з. б. ІІ ғ.) - пергамент;


  1. Тарихи оқиғалардың қағаз бетіне түсуі.

Тарихи ескерткіштер: Геродоттың «Тарих» кітабы, Вавилон патшасы Хаммурапидың «Хаммурапи заңдары», «Күлтегін жазулары», парсы патшасы Дарийдің «Бехистун жазбалары».

Жылнамашылар дегеніміз кімдер?

Тарихшылар дегеніміз кімдер?

IV. Қорытынды.



  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 3-ші параграф(оқу, сұрақтарға дайындалу).

Сабақтың тақырыбы: Заттай деректер. Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға археология, этнография ғылымдары туралы түсінік беру, заттай деректер туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар, мағынаны табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық қызметін дамытып, ізденіске ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Туған елінің өткен тарихын құрметтейтін, білімпаз жастарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар:


  1. Ертеде адамдарға жазу не үшін қажет болды?

  2. Пиктография, иероглиф дегеніміз не?

  3. Алфавит қалай дүниеге келді?

  4. Пергамен, папирус дегеніміз не?

  5. Кітап басуды кім ойлап тапты?

  6. Қандай тарихи еңбектерді білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.



  1. Археология ғылымының қалыптасуы.

  2. Археологиялық түсініктер.

  3. Этнография және этнология.

  4. Этнографиялық зерттеулер.

«Мағынаны табу».

Археология (грек «архайос»-ежелгі, «логос»-ғылым, сөз) - адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым. Археология термині б. з. б. IV ғасырда қолданыла бастады. Археолoгиялық зерттеулер Қайта өркендеу дәуірінде(XIV-XV ғғ.) жүргізіле бастады.

Этнография, этнология (грек «этнос»-ел, халық, «графо»-жазамын) – халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдетғұрып ерекшілігін зерттейтін ғылым. Этнография жеке ғылым саласы ретінде XIX ғасырдың ортасында Еуропада қалыптаса бастады.

IV. Қорытынды.



  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 4-ші параграф(оқу, сұрақтарға дайындалу).

Сабақтың тақырыбы: Өлкетану дегеніміз не? Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы, өлкетанумен тығыз баййланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шындықпен баяндап өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар:


  1. Археология ғылымы нені зерттейді?

  2. Тарихи оқиғаның уақытын анықтау үшін ғалымдар нені пайдаланады?

  3. Ежелгі еңбек құралдарының ерекшіліктері нені білдіреді?

  4. Этнография ғылымы нені зерттейді?

  5. Этнографиялық экспедициялар қалай ұйымдастырылады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

  1. Тарихи өлкетану.

  2. Тарихи география.

  3. Тарихи демография.

  4. Мұрағаттану.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Өлкетану дегеніміз туған өлкені жан-жақты зерттеп білу. Өлкетанудың басты міндеттері өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамақорлыққа лу, олардың сақталуын қадағалау. Сол жердің тарихын зерттеумен айналысатын археолог, этнограф, тарихшы т. б. мамандарға көмек көрсету. Бұл сендердің болашақтарың үшін, Отанымыз үшін зор үлес болып есептеледі.

Өлкетану ғылымының қалыптасуы: 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы І Петр қаулы шығарып, осы бойынша өлкеден табылған қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешкен.



Тірексызбамен жұмыс. Ономастика атаулар тарихын зерттейтін ғылым

антропонимика- топонимика- этнонимика- теонимия- космонимия-

кісі есімдері жерсу атаулары ру, тайпа, халық құдайлар есімдері жұлдыздар мен

атаулары планеталар

атауларының мағынасы

Терминдермен жұмыс. Тарихи география- адамзат тарихында халықтардың жер бетінде орналасу ерекшіліктері мен көші-қон жолдарын зерттейтін тарих ғылымының қосалқы саласы.

Тарихи демография - ір тарихи кезеңдерге қатысты халықтардың санының өсуін, азаюын зерттейтін тарих ғылымынң қосалқы саласы.

Мұрағат - көне замандардан бері жинақталған аса қүнды жазба құжаттар мен қолжазбалар сақталатын орын.

IV. Сабақты бекіту. Тест.



  1. Туған өлкені жан-жақты зерттеп, деректер жинайтын ғылым қалай аталады?

А) Өлкетану; Ә) Мұрағаттану; Б) География; В) Демография;

  1. Тарихи өлкетану қай уақытта жеке ғылым ретінде қалыптасты?

А) 1713 ж. 13 ақпан; Ә) 1714 ж. 19 наурыз; Б) 1716 ж. 25 мамыр; В) 1717 ж. 12 маусым;

  1. 1713 жылы 13 ақпанда қай орыс патшасының тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру туралы қаулысы шықты?

А) Николай ІІ; Ә) Петр І; Б) Екатерина ІІ; В) Елизавета І;

  1. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) топонимика; Ә) демография; Б) ономастика; В) геральдика;

  1. Кісі есімдерінің мағынасын зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) топонимика; Ә) антропоника; Б) ономастика; В) геральдика;

  1. Ру, тайпа, халық атауларының тарихын зерттейтін ономастика ғылымының саласы қалай аталады?

А) топонимика; Ә) антропоника; Б) этнонимика; В) теонимия;

  1. Құдайлар мен басқа да аңыз кейіпкерлерінің атауесімдерін зерттейтін ономастиканың саласы?

А) топонимика; Ә) антропоника; Б) этнонимика; В) теонимия;

  1. Жұлдыздар мен планеталардың аталарының мағынасын зертейтін ономастика ғылымының саласы.

А) космонимия; Ә) антропоника; Б) этнонимика; В) теонимия;

  1. Көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталатын орын.

А) мұражай; Ә) мұрағат; Б) ақпарат; В) насихат;

  1. Қаламыздағы тарихиөлкетану мұражай кімнің атында?

А) Ш. Уәлихановтың; Ә) Ә. Марғұланның; Б) Г. Н. Потанинның; В) Қ. Сәтбаевтың;

V. Қорытынды.



  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы: 5-ші параграф(оқу, сұрақтарға дайындалу).

Сабақтың тақырыбы: Тарих және уақыт Уақыты:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға уақыт, оның қажеттілігі мен әр түрлі елдердегі уақыт өлшемдерінің пайда болуы тарихын түсіндіру, қазақ даласында ертеде қолданылған уақыт өлшемдері туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларды уақыттың маңызын саналылылқпен түсінуге, салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Уақытты үнемді және дұрыс пайдалана білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі күнтізбелер, сағат, уақыт сызығы



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет