Сабақтың міндеттері: 1 Тақырыптың мазмұнын ашу, 2 оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі86,66 Kb.
#47292
түріСабақ
  1   2   3
Тексерілді: ________ Пәні: Қазақстан тарихы Күні: Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сарматтар. Сарматтардың қоныстануы

Сабақтың мақсаты: Сармат тайпалары туралы сипаттайды және тарихи деректерге сүйене отырып тұжырым жасау.

Сабақтың міндеттері: 1) Тақырыптың мазмұнын ашу,

2) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

3) Оқушыларды топпен жүмыс кезінде, сыйластыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілі:топпен жұмыс, ыстық орындық, сұрақ-жауап, постер құрастыру, топтастыру.

Табыс критерийлері:Тақырыптың идеясын ашады.

Контур картаға түсіріледі.

Өмірмен байланыстырады.

Көрнекілігі: АКТ, маркер, плакат, стикер.



уақыты

Деңгейлік тапсырма

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


10м



Білу

Ұйымдастыру кезеңі



Кіріспе бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал.

Жүректен-жүрекке.

Мазайка тәсілімен топқа бөлу.

«Бір қадам артқа» оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру.

Ыстық орындық.


Шаттық шеңберін құрап тұрып бір-біріне тілектерін айтады.

Суреттер арқылы топқа бөлінеді.


Әр топтан бір оқушы шығып ыстық орындыққа отырып берілген сұрақтарға жауап береді.



Түсіну

Жаңа сабақ



Ребус шешу.Жаңа тақырып бойынша мәтін бөліктерін бөліп беремін. Постер құрастыру

Ребус шешу арқылы бүгінгі тақырып шығады.

Тақырыпты өз бетімен оқулықтан оқып қорғайды.



15м

Қолдану

Топтар арасында бір-біріне бөліп берілген тапсырмалар бойынша сұрақ қою

Контур картамен жұмыс



Оқушылар берілген мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.


.5м

Талдау

Топтастыру

Оқушылар деректерге сүйене отырып, сарматтар атауын топтастырады.



Жинақтау

Сармат тайпасын қазіргі Адай руымен байланыстырады.

Электронды оқулықтан сармат тайпаларының мекендеген жерін көрсетем .АКТ



Оқушылар сармат тайпасын қазіргі Маңғыстау түбегін мекендеген Кіші жүз құрамындағы Адайлармен

байланыстырады.





Бағалау

Кері байланыс. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнамаса неліктен ұнамады?

Кері байланыс парағына стикерге өз ойларын жазып қалдырады.



Рефлексия

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерлерді толтыру



Үйге тапсырма

«Савромат- сарматтардың көне замандағы орны»деген тақырыпта әңгіме құрастыру.





Сабақтың тақырыбы Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сарматтардың тұрмысы, шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы оқушыларға мол мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың білімдік деңгейін көтеру, ізденіске, өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – тарихи ескерткіштерді    

 қадірлеп, жоғары білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

Сабықтың түрі:Ізденіс сабақ. 

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, Шаталовтың трек- схемалар технологиясы, өздігінен жұмыс жасату.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, карта, слайттар, 6 классқа арналған мултимедия,

тапсырмалар,Венн диаграммасы.  

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты  түгелдеу, сабаққа назар аудару .

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Балама тест (иә немесе жоқ).

1. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)

2. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ) 

3. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)

4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)

5. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап  кездеседі. (жоқ)

6. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)

7. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-масагертер. (жоқ)

8. Аландар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)

9. б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)

10. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)

ІІІ. Жаңа сабақ: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Жаңа сабақтың жоспары: 

1. Сарматтардың тұрмысы.

2. Сарматтардың шаруашылығы. 

3. Сарматтардың заттай мәдениеті.

4. Археологиялық ескерткіштері.

1. Сарматтардың тұрмысы. Көне деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап «Сармат» атауы кездеседі. Б.з.б. ІІ ғасырда олар қазіргі Батыс Қазақстан жеріне еніп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жеткен. Мәдениет негізі тұрмыста көрініс табады. 

2. Кесте арқылы түсіндіру: Сарматтардың шаруашылығы. 

                     Сарматтардың шаруашылығы

Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты Жылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді

Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көшті Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарады

Еділ- Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алды.

                                Зергерлік өнер жоғары дамыды

3. Сарматтардың заттай мәдениеті. Савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды.

Зерттеушілер Бесоба қорымынан абыз әйелдер жерленген обаны тапты. Обаның ішкі құрылысы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған. Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. 

Грек мәдениеті - сармат қоғамының дамуына әсер еткенін көрсетеді.

 

Савромат ескерткіштерінің зерттелгені  Елек өзені бойындағы — Сынтас қорымы



Қорымдағы бұл обаның ішіне үш савромат жауынгері жерленген. Екі жауынгердің ортасындағысы әскербасы болуы керек. Жауынгерлердің жанында жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар т.б. заттар қойған. 

Табылған жері- Атырау облысы Жылыой ауданы  Сармат көсемі қазақ жерінен табылған екінші алтын адам Қару-жарақ, жебе, қанжар сынықтары абыз асатаяғының бөліктері табылды.Көсемнің киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгенҚорытынды – Сарматтар жауынгер тайпа, өнерлі хылық.        

4. Археологиялық ескерткіштері.

Сарматтардың ескерткіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында.

    Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар да кездеседі. Олардың ішіне тас төселген, дөңгелектеп салынған дуал құрылыстары, құрбандық шалатын тас үстелдері бар. Айнала адам бейнесіне келетін діңгек тастар орнатылған. Олардың саны кейде 30-40-қа дейін жетеді. Ғибадатханалардан от жағылған орындардың белгісі көп кездеседі. Зерттеушілер пікіріне қарағанда дай-массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.

Хронологиялық жағынан сармат тайпаларының ескерткіштері негізінен үш кезеңге бөлінеді:

                               Оқиға               Уақыты

1) Ерте сармат кезеңі (прохоров) б.з.б. ІV – ІІ ғасыр

2) Орта сармат кезеңі (суслов) б.з.б. ІІ – б.з-дағы І ғасыр

3) Соңғы сармат кезеңі б.з-дың ІІ - ІV ғасыр

 

ІV. Тапсырмалармен жұмыс. Сематикалық картамен жұмыс.



№            Оқиғалар Бесоба Аралтөбе Сынтас Аралтөбе Жайық Бәйте

1            Сармат ескерткіштерінің 

               арасындағы жақсы зерттелген қорым   +

2 Абыз- әйелдері жерленген қорым  +

3 Сармат көсемі – екінші алтын адам   +

4 Мінажат жасау үшін салынған ғибадатхан      +

5 Сарматтар мекендеген теңіз жағалауы   +

6 1999 жылы зерттелген қорған  +

Тапсырмалармен жұмыс. Сөйлемді толықтыр.

    Обаларда  ___________  жасалған ыдыстар да кездесен, бірақ бұл ыдыстарды олар өздері жасамаған, _____________  елдерінен алғызған.

    Сарматтарда __________   және  _________________________   тұрмыспен  қатар   ____________________ та дамыды.

    Ескерткіштердің көпшілігі _________ , __________ , ________   өзендерінің бойында.

    Зерттеушілердің пікіріне қарағанда _______-________________  отқа табыну рәсімі болған.

 

Жауабы: шыныдан, шығыс, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық, Жайық, Елек, Жем, дай-массагеттерде.



V. Жаңа сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы. Алтын адам сақ пен сармат.

VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын

VІІ.  Үйге тапсырма: §29.  Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы оқу.«Сарматтардың әлемдік тарихта алатын орны» тақырыбына эссе жазу.




Сабақтың тақырыбы Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Сабақтың мақсаты:


 Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы ескерткіштерінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тарихи танымы жоғары дәрежеде қалыптасқан тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
 Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
 Әскери демократияның мәні неде?
 Сарматтардың әсемдік заттарын ата.
 Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?
 Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ерте темір дәуіріне шолу
2. Сарыарқа-ұлы дала
 Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста созылып жатқан Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр. Ал оңтүстікке қарай Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.
3. Сарыарқаның тұрғындары
 Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
4. Шаруашылығы
 Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.
Сабақты бекіту:Сарыарқа атауы қандай мағына береді?
1. Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.
2. Тасмола мәдениетінің алғашқы есерткіштері қай жерде ашылды?
3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?
Бағалау:       Үйге тапсырма: §25.  Ерте темір дәуіріндегі Орталық

 

1.Сарыарқа, Арқа- Қазақстанның қай бөлігін алып жатқан аймақ ?/Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып жатыр/



2.Ежелгі заманда Сарыарқаның  батысында қандай тайпа тұрған еді?/Аргиппейлер/

3. «Мұртты » қорғандар ненің ролін атқарды?/Бағдаршам рөлін/

4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?/ 2/

5. Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішіне қандай мәдениет, қай тайпадан қалған?/Тасмола мәдениеті, ол исседон тайпасынан/

             2.Бекіту сұрағы.

 

1.Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?/Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар/



2.Жұт дегеніміз не?/ Жерді қалың мұз басып, малдың қырылуы, шөп, жемнің жоқтығы/

3.Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеттеріндегі ұқсастықтарды ата?/ Ұлыбай атырабының ескеткіштері Тасмолаға ұқсас/

 

 

Тест сұрақтары



1. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар

 а) аргиппейлер ә) сарматтар б) исседондар

 в) аримаспылар г) савроматтар

 

2. Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан



 а) Іле ауданы ә) Зайсан ауданы б) Тасмола алқабы

 в) Алакөл ауданы г) Екібастұз ауданы

 

3. Берел кезеңінің уақыты



 а) б.з.б. 2-1 ғасыр ә) б.з.б. 5-4 ғасыр б) б.з.б. 2 ғасыр

 в) б.з-ң 3 ғасыры г) б.з-дың 8 ғасыры

 

4. «Аң стилінің» пайда болған мерзімі



 а) б.з.б.5 ғасыр ә) б.з.б. 6 ғасыр б) б.з.б.7 ғасыр

 в) б.з.б 8 ғасыр

 

5. «Аң стилі» дәстүрімен сақтардың танысқан жорығы



 а) Индияға ә) Алдыңғы Азия мен Қытайға

 б)  Алдыңғы Азия мен Иранға в) Қытай мен Үндістанға

 

6. «Алтын киімді адам» табылған қорған



 а) Есік қорғаны ә) Бесшатыр қорғаны

 б) Бөріқазған тұрағы в) Ботай қонысы

 

7.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы



 а) шағын қорғандар ә) үлкен обалар

 б) «мұртты қорғандар» в) патша қорымы

 

8. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі



 а)  көп адамдар жерленген ә) қыш ыдыстар қойылмаған б) алтын әшекейлер кездеспейді в) адам мен жылқыны қатар жерлеген

 

9. Тасмола  мәдениетін қалдырған тайпа



 а) аргиппейлер ә) исседондар б) аримаспылар в) дайлар

 

10. «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа а) аргиппейлер ә) исседондар б) аримаспылар в) дайлар



 

11.Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауыса бастаған кезеңі

 а) б.з.б.1 мыңжылдық ә) б.з.б. 3мыңжылдық

 б) б.з.б.6мыңжылдық в) б.з-дың 4 ғасыр

 

12.Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына әсер еткен мәдениет



 а) Беғазы-Дәндібай мәдениеті ә) Андрон мәдениеті б) Тасмола мәдениеті в) Шілікті мәдениеті

Ежелгі темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендегенб.з.д. II ғ. – б.з. V ғ . көшпелі тайпалар – сақ-савромат, ғұн-сармат, үйсін, қаңлылардың материалдық мәдениетінің, атап айтқанда, скиф-сақ аң стилінде жасалған өнер туындылары, қару-жарақтары, тұрмыстық және діни-ғұрыптық бұйымдары, әсіресе, сақтар мәдениетінің қайталанбас бірегей ескірткіштері Есік, Шілікті, Берель, Бесшатыр, Тасмола т.б. обаларынан табылған артефактлер мен Жалаулыкөмбесі (Б.з.д.V-III ғғ.), Қарғалы көмбесі ( Б.з.д I ғ.- б.з. –I ғ.), Шілікті обасы (Б.з.д. VI-V ғғ.), Берел (Б.з.д. V-III ғғ.), Покровка (Б.з.д. –V ғ.), Тарасу (Б.з.д. VI- V ғғ. ) ескерткіштерінен табылған көне археологиялық алтындар қамтылады.

Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

I.Қазақстандағы сақ және үйсін тайпалары мәдениеті (Б.з.д. -VIII ғ. Б.з. –III ғ.).

1.Тасмола мәдениеті (Б.з.д. VIII –III ғғ.)А.Х.Марғұлан, М.К.Қадырбаев, Ж.Құрманқұловтар басқарғанОрталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (1947-1991 жж.) 12-бет. 20-сурет.

2.Е.И.Агеев, В.Ф.Зайберт басқарған Павлодар археологиялық экспедиция (1955 ж.).

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Келтірілген деректер Еуразияда, соның бір бөлігі Орталық Азияда темір дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдарда пайда болғанын тілге тиек еткен. Бұл бірқанша алға кетушілік пікір деуге болады. Себебі, бұдан бұрынғы жарық көрген тарихи еңбектерде Орталық Азияда темір дәуірінің келіп шығуын б.з.б. 1-мыңжылдығына жатқызып келген болатын. Қолдағы археологиялық осы дәуірдің жәдігерлерінің ішінде алғашқы кезеңге жататын темір металдар табылды. Солай болса, Орталық Азия — темір дәуірінің алғашқы пайда болған аймақтарының бірі. Бірақ осы темір дәуірінде Орталық Азияда (Қазақ жерінде) көшпелі шаруашылық қалыптасты деудің қисыны келмейді. Бұрынғы қола дәуірінен адам баласының тарихи темір кезеңіне өтуі, олардың дамуының қызғынды пәтпен алға ілгерілегенін көреміз. Бұрынғы дәуірлерге қарағанда темір дәуірі қысқа уақыт ішінде орта ғасырға өткен. Бұл темірден жасалған құралдар тұрмыста кең қолданылып, өндіріс күші мен өндіріс қатынасының дамуын тездеткенін көрсетеді. Сол кезде темір кендерінде еңбек еткен адамдардың санын есептеп шығару оңай іс емес. Солай болса да, осы тарихи кезеңде Қазақстан жерінде көптеген кен орындардың болғанын геология және археология ғылымдары дәлелдеп отыр. Мұндай кен орындары Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан ашылды. Мысалы: Қарқаралы, Жетісу, Жезқазған, Қарағанды, Қолба, Нарым және т.б. Осы кен орындарында жұмыс істеген бабаларымызды көшпелі өмір сүріп, кеншілік қыруар жұмыстарды атқарды деу ақылға сыймайтын пікір. Олар біздің халқымыздың алғашқы жұмысшылары (кеншілері). Қазіргі кезде қазақ халқын көшпелі деп ешкім айта алмайды. Солай болса, еліміздегі өндіріс орындарында жұмысшылар, ауыл шаруашылығында диқаншылар мен малшылар және интеллигенттер жұмыс істеп жатыр ғой. Бірақ бұл мамандардың еңбегін алғашқы қоғамда еңбек еткендермен салыстыруға болмайтынын барша біледі. Әр тарихи кезеңнің өз ерекшеліктері болып келген және бола береді. Міне, темір дәуірінде жасаған қазақ жеріндегі бабаларымыздың темір кендерін ерте заманнан иеленіп, темірден бұйымдар істеген шебер-мамандар шыққан және олардың өздеріне лайықты қолөнер кәсіпорындары болып, олар да тұрақты. [5]

Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.

Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, «скиф-сақ аң стилі» деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін «скифтік үштік» (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.

Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен «патша» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар – қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге

Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар «Дала өркениеті» деген атауды ұсынды.Қазба жұмыстар Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII – III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады. [7]

Қазіргі уақытта шартты болса да, «мұртты» обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы «мұртты» обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы «мұртты» обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.

Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.

Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды:

а) қару-жарақтар;

б) ат әбзелдері;

в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.

Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.

Сатылар Бірінші саты Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай «хайуанаттық шытырман» деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның «алдыбел» ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.

Екінші саты

Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.

Үшінші саты

Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы – Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар. [5]

Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.

.

Ерте темір дәуірі. Темір дәуірі – тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.



Тарихы

Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.

Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.

Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII – VII ғасырларына жатады.


Шаруашылығы

Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.

Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін «көшпелі «жартылай көшпелі» шаруашылык деп атады.

Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.


Қоғам

Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, «скиф-сақ аң стилі» деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін «скифтік үштік» (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.

Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен «патша» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар – қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге

Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар «Дала өркениеті» деген атауды ұсынды.


Қазба жұмыстар

Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII – III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.

Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. «Мұртты» кешендер астрономиялық болжамдар үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұл оның құрылысында маңызды болмаған. Кейде осындай қорғандар бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан, кейбір обаларда екі мұртты қорғандар болған. Аспанды бақылау үшін бір обсерватория бар кезде екіншісін тұрғызудың қажеті қандай? М.К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын айқындады.

Қазіргі уақытта шартты болса да, «мұртты» обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы «мұртты» обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы «мұртты» обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.

Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр
МәдениетЕрте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы – Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.
Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпеліорталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.

Тексерілді: _________ Пәні: Қазақстан тарихы Күні:13 .03 Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Сарматтар. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты: Сармат тайпасының тұрмысын, шаруашылығын, мәдениеті мен археологиялық ескерткіштерімен танысады, мол мағлұмат алу. Сабақтың міндеттері: 1) Тақырыптың мазмұнын ашу,

2) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды топпен жүмыс кезінде, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: Балама тест (иә немесе жоқ ), «Болжам жасау», «Рөлдік ойын», «Үш қадамды сұхбат».

Көрнекілігі:АКТ, маркер, плакат, стикер.

Табыс критерлері: 1) Сарматтардың мәдениетінің негізі түрмыстары мен шаруашылығында көрініс табатынын біледі.

2 ) Өз пікірін еркін айтады.

3) Сарматтардың тарихи ескерткіштерімен танысады мол мағлұмат алады.

уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


15м


Білу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Түсіну
Жаңа сабақ




Кіріспе бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал

1.Балама тест ( иә немесе жоқ ).

2.Қызығушылықты ояту. « Болжам жасау» стратегиясы

«Бүгінгі сабақ»,

« Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы».Бұл тақырыпта не айтылуы мүмкін?деген сұрақ қоямын.

3.Мағынаны ажырату.

Ұжым 3 топқа бөлінген.

«Тарихшылар» «Археологтар»

«Этнографтар»

Стратегиясы бойынша әрбір топ өз саласына байланысты мәліметтерді тақырыптан анықтап алады.


Сандар арқылы топқа бөлу. 1,2,3.

Оқушылар қойылған сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беруі тиіс.
Оқушылар тақырыпқа байланысты әр түрлі пікірлер айтылуы мүмкін.

Анықтап алған мәтіні бойынша оқып түсіну.

Мысалы:

Тарихшылар-сармат тайпасының қандай щаруашылықпен айналысқанын айтады.



Этнографтар- олардың заттай мәдениеттердің түрлерін, киімдерін,ыдыс-аяқ түрлерін айтады.

Археологтар-сарматтар тарихын зерттеудегі қазба жұмыстарының нәтижелерінің маңыздылығыны деректерін келтіреді.





Қолдану

4.Ой толғау

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Әрбір топ келесі топқа сұрақ қояды.



Тарихшылар этнографтарға, этнографтар археологтарға, ал археологтар тарихшыларға сұрақ қояды.

10м

Талдау

Венн диаграммасы Алтын адам сақ пен сармат.

Оқушылар сақ пен сармат тайпасының алтын адамын салыстырады.



Жинақтау

Сыни тұрғыдан ойлау қағидалары.Олай болса балалар біз Қазақстаан аумағындағы алғашқы бірлестіктер туралы не білдік? Не үйрендік?

Оқушылар өз ойларын айтады.



Бағалау

Формативті

Смайликтер, мадақтама.



Үйге тапсырма

№29 Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы оқу. « Сарматтардың әлемдік тарихта алатын орны» тақырыбына эссе жазу.





Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан

Сабақтың оқыту мақсаты: Ерте темір дәуіріндегі Сарыарқаның тұрғындары, олардың шаруашылығы , ескерткіштерінің ерекшеліктерімен таныстыру


Сабақтың мақсаты: А Барлық оқушылар білуге тиіс: Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастыра алады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетінше аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, өз ойын қорытып үйренеді.
В Оқушылардың көпшілігі білуге тиісі өздігінен іздене отырып меңгеру, өзіндік түсініктеме беру қабілеттілігіне ықпалын тигізеді.
Сыни тұрғыда ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
С Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімдерін кеңейтіп жаңа дағдысын қалыптастыру өз бетінше алған білімді басқа салаларға қолдана білуге үйренеді.
Блум таксономиясы Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Әдіс -тәсілдер Бағалау
Психологиялық атмосфера қалыптастыру. Топқа бөлу. «Шаттық» шеңберінде тұрып, бір-біріне тілек айтады. Өзара ынтымақтастық.

Білу «Ой шақыру» 


Слайдтан суреттер көрсету Оқушылар суреттер бойынша өз ойларын айтады. АКТ ны қолдану.

Түсіну
«Мағынаны тану» 


Сарыарқа туралы мәліметтер Оқушылар өздері оқыған жаңа тақырып бойынша ойларын ортаға салады. СТО (миға шабуыл) Негізгі идеяны айта білді.

Қолдану Постер құрастыру. Төрт топқа төрт тапсырма беріледі. Сарыарқа жері туралы мағлұмат береді Қазіргі Қазақстан облыстарының қай бөлігін қамтыйды картадан көрсетеді Иссидондар, аримаспылар, аргиппейлер туралы мағлұмат береді

СТО, топпен жұмыс.

Өзін өзі бағалау

Талдау Постерлерін қорғату. Оқушылар кезекпен ортаға шығып,орындаған тапсырмаларын қорғайды. Диалогтік оқыту. жетонмен
Жинақтау Деңгейлік тапсырмалар орындауды ұсыну. А. Сарыарқа жерін көрсету
Мағлұмат беру
В. Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалар туралы айту
С. Тайпалардың мекендеген жерін картадан көрсетіп, шаруашығы туралы мағлұмат беру

СТО


Смайликтермен.

Бағалау. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорыту. Алған бағаларын жинақтайды. Қорытынды баға.

Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? V - + ?
Білемін Мен үшін түсі
нік
сіз ақпарат Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды
Диалогтік оқыту.


Каталог: uploads -> doc -> 07d5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d5 -> Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі Шығарма жазу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар
07d5 -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы : Ахмеn Байтұрсынұлы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы
07d5 -> Сабақ тақырыбы: «Шымбұлақ» шатқалы Сабақ мақсаты: Мәтіндер негізінде Шымбұлақ шатқалы оның аспалы жолдары туралы мәлімет алу
07d5 -> Сабақтың атауы Есептерді шешуде координаталарды қолдану Сілтеме
07d5 -> Ақсу негізгі мектебі Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
07d5 -> Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік
07d5 -> Қазақтың ұлттық ойындары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет