Сабақтың міндеттері



Дата22.08.2017
өлшемі38,74 Kb.
#24621
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты: Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы лепті сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білуге баулу.

Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.



Көрнекілігі: сызбалар, сөздер, аққала бөліктері, смайликтер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық кезең
ІІІ.Өткенді қайталау.

Сабақ барысында оқушыларға жауаптары үшін смайликтер беріледі. Сол арқылы бағаланады.

«Сөйлем» сөзіне топтастыру жұмысы
аяқталған ойды білдіреді сөздерден құралады
Сөйлем

сөйлемдегі сөздер

бөлек жазылады бірінші сөзі бас әріппен басталып

жазылады

соңынан тыныс

белгісі қойылады хабарлы сұраулы лепті
-Өткен сабақта қай сөйлемнің түрімен таныстық?

-Лепті сөйлемнің ережесін қайталау.

-Мысал келтіру.
ІҮ.Жаңа сабақ
Ойын «Сәйкестендір»

Өкіну                                Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Армандау                         Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным-ай!

Бұйрық                             Қане, күнделігіңді берші!

Ұрандату                          Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Ү.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.

Сурет астында жазылған сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлем түрлеріне қарай ажырат.
Хабарлы сөйлем: Әкем жұмыстан келді. Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған. Мақсат, бері келші.

Лепті сөйлем: Алақай, Астанадан әкем келді! Қуану. Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған! Таңдану. Мақсат, бері кел! Бұйрық.


ҮІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.

Қазақстан, қонақ сөздері жазылады.


Тақтада орындалады.

2-жаттығу. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.

Менің Отаным күн шұғылалы Қазақстан! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көл жағасы қандай керемет! Біздің міндетіміз жақсы оқу! Ертеңгілік тамаша өтті!
Сергіту сәті. «Көңілді үйректер» биі.
ҮІІ.Ойын. «Адасқан сөздер»

1 қатар берілген сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құрап жазады.

2 қатар хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.

3 қатар сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазады.


Бүгін ауа райы жақсы екен. Бүгін ауа райы жақсы ма екен? Ауа райы қандай жақсы!

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген. (Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?

Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!)
ҮІІІ. Тапсырма.

Берілген сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қой.


ІХ.Бекіту.

I қатар – «алақай», II қатар – «тамаша», III қатар – «жасасын» сөзін қатыстырып сөйлем құрау. Өздік жұмысына беріледі.


Х.Сабақты қорытындылау.

Аққала құрастыру.

- Сөйлемнің неше түрі бар?

-Бүгін қай сөйлемнің түрін қайталадық?

- Лепті сөйлем дегеніміз не?

- Ол қалай айтылады?

Бағалау. Смайликтерді санау арқылы бағаланады.

Щучинск қаласы

№ 1 мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:


Мұғалім: Абилкасимова А.Н.



2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0976
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0976 -> Сабақтың тақырыбы: Сөздік түрлерімен жұмыс Міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет