Сабақтың номері (пара) 6 Мамандық-біліктілік



Дата21.02.2020
өлшемі34,42 Kb.
#58571
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары модуль 6
сабақ жоспары модуль 6, сабақ жоспары модуль 6, сабақ жоспары модуль 6, 61 сабақ, 61 сабақ, емтихан 2020-21, примеры, примеры, Саба та ырыбы Цилиндрді , конусты , шарды ж не оны б ліктері, ГБЖ сатылары, Диктанты, тема 7, Тест №1

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс: І




Топ:

Гк-91а, Гк-92а

Сабақтың номері

(пара)

6

Мамандық-біліктілік:

0701000 - Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау (түрлері бойынша)

Модульдің атауы:

ЖПБ 12, Физика

Пән:

Физика

Сабақтың тақырыбы:

Термодинамиканың ІІ заңы. Жылу двигательдері.

Күні:




Ұзақтығы:

90 минут

Өткізу орны:

59 аудитория

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Термодинамиканың ІІ бастамасының заңдылықтарын, жылу мөлшерінің шамасын, физикалық мағынасын білу. Есеп шығарудағы басты формулалардың негізін, қолданысын білу; қайтымды және қайтымсыз құбылыстар ұғымын беру және оның   салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау жылу қозгалтқыштарының жұмыс істеу  принциптерінің физикалық мәнін ашып көрсету;

Дамытушылық: студенттің жеке қабілетін дамыту, белсенділік пен қызуғышылықты арттыру.

Тәрбиелік: студенттердің талдау және тандау талғамын, білімге деген жауапкершілігін арттыру шараларын ұйымдастыру.

Сабақтың міндеттері:



Жаңа тақырып бойынша білімдерін жетілдіру

Күтілетін нәтижелер:

Термодинамиканың ІІ заңы.Жылу двигательдері:

Термодинамика негіздері, термодинамиканың ІІ заңы, Термодинамиканын II занының әртүрлі түжырымдамасы: Клаузиус: Жылу өздігінен ыстық денеден суық денеге беріледі.


Кельвин: Салқын жүйеден жылу алып, оны жүмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес. т.б. корытындыларды баяндай білу.

Сабақтың типі:

жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:

  • түсіндірмелі-иллюстративті (Әңгімелеп айту, лекция, иллюстрациялық сурет)



Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

Кітап «Физика» 10 сынып., интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар, видео

Қосымша көздер (әдебиеттер):

«Физика» базалық тірек конспектісі

Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә: Кабзолданова А.С. 87755379171, laila.ks@mail.ru


Қолы:

САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ

Сабақтың барысы

Уақыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

Студенттердің әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

а) Топты түгендеу.

Б) Сабаққа әзірліктерін тексеру.



Қағаз, қаламдарын, оқулық алып дайындалады.




  1. Оқушылардың негізгі кезенде жұмысқа дайындығы

(актуализация)

5

  1. Термодинамика нені зерттейді?

  2. Термодинамикалық жүйе деген не?

  3. Термодинамикалық процесс дегеніміз не ?

  4. Ішкі энергия дегеніміз не?

  5. Жылу мөлшері деп нені түсінеміз?

Жұмыс деген не?

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Таратпа материалдар


  1. Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру

60

Жоспар:

  1. Термодинамиканың ІІ заңы

Жылу двигательдері

  1. Дәптерде жазбаша жұмыс: тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды жазады.

  2. Топ бойынша берілген тапсырмаларды орындау




Презентация 1-10 бет

Видео


5. Зерделенген материалды түсінуді алғаш тексеру

12


  1. Термодинамика нені үйретеді?

  2. Энергияның сақталу және айналу заңы.

  3. Термодинамиканың бірінші заңын түсіндіру

  4. Термодинамиканың екінші заңын тұжырымда

  5. Жылу қозғалтқыштары және оның жұмыс принципі

тақтамен жұмыс:

Әр құралдың қызметін айтып, қайда қолданылатынына жауап береді







6. Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін бекіту

5

1. Қандай процестер тұйық процестер деп аталады?

2. Жылу машиналары қалай жұмыс істейді?

3. Энтропия дегеніміз не? Энтропияның термодинамикалық анықтамасын

беріңіз.


3.     Термодинамиканың ІІ заңы қалай айтылады?

4.     Жылулық процестердің бағыты қалай анықталады?

5.    Жылу машиналарының құрылымы. Жылу машиналарының П.Ә.К.-і қандай шамаларға тәуелді?

6.    Абсолют ноль Кельвин температурада термодинамикалық жүйенің энтропиясы неге тең болады?



Мақал - мәтел физикамен байланыс

«Көсеу ұзын болса, қол күймейді» мақалының қандай құбылысқа сәйкес келетінін табу, сол құбылысты сипаттайтын мақал - мәтелдер айту

(мақал жылу өткізгіштікке сәйкес келеді. Көсеуді металдан жасайды, металдың жылу өткізгіштігі жоғары. Көсеу қысқа болса, жылу көсеудің қызған бөлігінен суық бөлігіне тез беріледі де, қолды күйдіреді )

- Тонның жылуы терісінен емес жүнінен
- Қол жұмылмай жылынбайды
- Нан піскенше күлше күйеді
- Астарлы шапан тоңдырмас

Сұрақтарға жауап айтады, есеп шығарады

Оқулық

11. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

3

Есеп – 1
Егер құты ішіндегі қысым 105 Па, ал ауа молекулалалрының орташа кинетикалық энергиясы 5*10-21 Дж болса, онда радиошам құтысындағы ауа молекулаларының концентрациасы неге тең?
Есеп – 2
Қысымы 103 Па ауасы бар ыдыстың көлемі 15м3. Оның көлемі 10м3 бос ыдыспен қосқандағы соңғы қысымын табыңдар.

Есеп – 3


Көлемі 20*10-3м3 баллонда массасы 2кг, температурасы 27 с болатын сығылған сутек бар. Газдың қысымы қандай?

Есеп – 4
Қысымы 2*105Па болатын газ молекуласының концентрациясы 5*1025м-3. Оның молекулаларының ілгермелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңдар.

Физика 10 сынып Қойшыбаев§5.5.10

№7.41,7.47



Дәптерлеріне белгілеп жазады.




12. Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу және рефлексия

3

Үйге тапсырма беріп болғаннан кейін, студенттерді берілген тапсырманы қаншалықты деңгейде орындағандарына байланысты бағалаймын.








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет