Сабақты өткізуге таңдап алған сыныбым, өзім жетекшілік ететін және топтық жұмыстар үнемі ұйымдастырылып жүрген 5



Дата13.08.2017
өлшемі106,88 Kb.
#23421
түріСабақ
Ақтау қаласы, №11мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Маржан Мурзагалиевнаның «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбындағы шеберлік сабағы бойынша

рефлексивті есеп

2015 жылдың мамыр айының 14-жұлдызы күні «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сабағын республикалық деңгейде қашықтан оқыту түрінде өткіздім.

Сабақты өткізуге таңдап алған сыныбым, өзім жетекшілік ететін және топтық жұмыстар үнемі ұйымдастырылып жүрген 5 «б» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: «Формулалар» тақырыбына есеп шығару.

Оқушылар топқа бөлініп, белсенділік пен ынтымақтыстықта, тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын, тікбұрышты параллелепипедтің көлемін формула бойынша дұрыс есептей отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы сабақ үрдісінде берілген тапсырмаларды толық орындап шықты.Оқушылар мектепте алған білімдерін өмірде қолдана алатындарын көрсете білді.

Сабақтың түрі топтық жұмыс.Оқыту әдістерім: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері (шағын топтарда), сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, АКТ.

Сабақты барлық оқушылар алдарындағы көңіл-күйлеріне қатысты «бізде бәрі жақсы» смайликтерін жоғары көтеру арқылы республика көлемінде амандасумен бастады.Оқушылар сабақ барысында фигуралармен жұмыс жасайтын болғандықтан, геометриялық фигуралар арқылы «Периметр», «Аудан», «Көлем» болып, «ақылды бейджиктер» арқылы (әр оқушының кеудесінде римше I ,II , III цифрлары бар бейджиктер бар.I–көлем, II-аудан, III-тобына) үш топқа бөлінді. Топқа бөліну кезінде әр топ өздеріне топ басшыларын сайлап алды.Топ басшыларына бағалау парақшалары үлестірілді. Формативті бағалау бойынша бірін-бірі қошеметтеп және смайликтер арқылы бағалап отырды.

Қызығушылығын ояту мақсатында әр топта,оқушылардың алдарындағы нотбукте «Айрен» бағдарламасы бойынша әзірленген тест тапсырмаларын топ мүшелері бірігіп орындады.Оқушылардың қалай орындағаны және жауабы интерактивті тақта арқылы экранға шығып тұрды. Берілген формулалар мен фигураларды сәйкестендіру,яғни маркермен сәйкестендірді.Бағалау-формативті.

Мағынаны ашу мақсатында оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар берілді. Күнделікті тұрмыста кездесетін есептерді шығаруда формулаларды қолдана білу.

1.Суретте қанша шаршы бейнеленген?

2.Бөлменің көлемін табуға беріледі.

Суретте биіктігі 22/5 м үш бөлмелі үйдің өлшемдері берілген. III бөлменің көлемін тап.

3. Берілген фигураны сырлауға қанша сыр кететінін табуға берілген есеп.

Қаңылтырдан төрт бірдей шаршы қиып алғаннан кейінгі қалған фигураның:

а) периметрін; б) ауданын; в) 1м2 қаңылтырға сырлауға 15г сыр жететін болса,онда осы фигураның екі жағын сырлауға қанша сыр кетеді? Есеп шығару барысында:

1.Оқушылар тапсырма бойынша түсінгендерін жұппен және топпен талқылады. Жауабын айтты.

2.Оқушылар жұппен және топпен талқылап, қалай есептегенін тақтаға шығарып көрсетті және ауызша түсіндіріп отырды..Формативті бағалау.

Топ басшысы дұрыс жауапқа смайликтерді таратты.

Сабақ барысында шығарылған есептер:

1.Оқулық, №771 есеп,4.13 есеп.

2. Қосымша оқулық А.И. Ершова,В.В.Голобордько, Самостоятельные и контроьные работы, 5

3.карточка

4.интерактивті тақта

Ой толғауға оқушылар «Үй макетін » құрастыру арқылы болашақта өз үйлерін тұрғызуды үйренді.(Практикалық жұмыс)

«Үй макетін » құрастыру үшін топтардағы оқушыларға нұсқаулық берілді.Нұсқаулықта өлшеу жұмыстары мен жұмыстардың бөлінуіне мән берілді.

Қолдарына берілген үй макеттерінің бөлшектері (едені, қабырғалары, шатыры, есік,терезелері) бойынша, , олардың ұзындықтарын енін ,биіктігін өлшей отырып, үй макетін құрастыратындықтары түсіндіріліп берілді.



Өлшеу жұмыстары:

1.Үйдің еденінің ауданын тап.

2.Үйдің еденінің периметрін тап.

3.Үйдің көлемін тап (шатырға дейінгі).

4.1 тастың ауданын S= 0,8 см2 деп алып,үйлеріңе қанша тас кететінін есептеп шығарыңдар.

5.Шатырдың ауданын тап.

6. 1 шифердің ауданын 20 см2 деп алып,шатырға қанша шифер кететінін есептеп шығарыңдар.

Жұмыстардың бөлінуі:

1.Үйдің еденінің ауданын табу-1 оқушы

2.Үйдің еденінің периметрін табу-1 оқушы

3.Үйдің көлемін тап (шатырға дейінгі).-1 оқушы

4.Шатырдың ауданын тап. -1 оқушы

5. 1 шифердің ауданын 20 см2 деп алып,шатырға қанша шифер кететінін есептеп шығарыңдар.-1 оқушы

6.1 тастың ауданын S= 0,8 см2 деп алып,үйлеріңе қанша тас кететінін есептеп шығарыңдар.-1оқушы

Аяқталуына қарай жоспар бойынша өз жұмыстарын қорғады.

Оқушылардың жұмыстары келесі критерийлермен бағаланды:


  • Үй макетінің өлшемдерінің дұрыс өлшенуі.

  • Тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын,параллелепипедтің көлемін табу формулаларын дұрыс жаза білу.

  • Және формулалар бойынша өлшемдерді дұрыс есептей білу.

  • Үй макетінің эстетикаға сай келуі.

  • Жұмыс уақытының сақталуы. Жұмыс уақыты-10 минут.

Оқушылар орындаған жұмыстарын кесте бойынша берді.Оқушылар «Үй макетін » құрастыру арқылы болашақта өз үйлерін тұрғызуды үйренді.

Үй макетін құрастыру үшін түрлі түсті картон қағаздар,клей, сызғыш, карандаш пайдаланды.

Сабақ топта оқушылардың жұмысы жинаған смайликтері бойынша қорытындыланды. Топ басшысы әр есепті шығарған оқушыны смайлик беріп бағалап отырды. Формативті және суммативті бағалау.смайликтер

Рефлексия. Оқушыларға стикер үлестіріледі Оқушылар стикерге «екі жұлдыз, бір тілек» жазып,тірек ағашына жапсырды.

Үйге тапсырма сы қосымша оқулықтан берілді. С-18 өзіндік жұмысын орындау.

(А.И.Ершова, В.В.Голобордько, Самостоятельные и контроьные работы, 5)

Сабақтың аяқталуында әр топты өзім смайликтер арқылы бағалай отырып, бағаларын қойдым.

Қорытынды:Мен осы сабақты өткізу кезінде сабақтың танымдық ,эмоциялық, әлеуметтік мақсаттарына көбірек назар аудардым.Өтілген материалды талдау,ережелерді еске түсіру арқылы тақырыптың идеялық мәнін аша білуге,күрделі есептерді оңай тәсілмен шеше алатындай танымдық,логикалық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасай отырып, тыңдаушылардың зейінін тұрақтандыруға, өзара қарым-қатынастарын,есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ете отырып;құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренуге; сыныпта диалогтік әңгіме дамытуға; топпен жұмыс жасай отырып ,оларды еркін ойлауға қалыптастырдым. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөлісті, талдады, жинақтады, қортындылады, бір-бірін бағалады.Өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артты. Сабақ үрдісінде негізгі идеялар:ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артты,танымдық қабілеттері дамыды.

Оқушыларға берілген материалдар нақты өмірге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтайтын кеңейтілген тапсырмалар болды.Бұл тапсырмалар негізінде оқушылар сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түседі немесе алған білімін практикада қолдана алады,яғни функционалдық сауаттылығы артады,

Және қоршаған ақиқат ортада пайда болатын ,математика арқылы шешіле алатын мәселелерді тани білуге;бұл мәселелерді математика тілінде құрастыруға; математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешуге; шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдауға; қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiруге; шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазуға қалыптасады.

Сабақтың соңында республика мектептері мұғалімдерінің « шеберлік сабағы терең жоспарланып, сапалы да жинақы мәлімет - ресурстармен толыққанды берілген. Маған қатты ұнағаны – әр ресурстің толық, жеткілікті берілуі» деп берген бағалау-пікірлеріне қарап ,сабағымның сәтті шыққанын байқадым.

Осы сабақты ұйымдастыруға тілек білдірген және ұсыныстары мен пікірлерімен бөліскен



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық Шеберлік Орталығы Ақтау қаласындағы

филиалының директоры Қатира Қарасаевна мен тренер Қайрат Тлеуовке көп-көп рахмет!

Сабаққа берілген коментариилар:

Арман Темиров: Участники вебинара, готовьте свои вопросы.

Kazschool: вебинар бітісімен сабақта қолданыста болған слайдты жібересіздерме

Мунайлы 3 мектеп: саламатсызба интернеттин акаулыгынан жай косылдык сабак такырыбы кандай

Kazschool: дұрыс көрсетпей жатыр сіздерден бізден бе?

11MФMM: Формулалар бойынша есептер шығару

Кайрат Тлеуов: Сабак такырыбы топтык жумысты уйымдастыру

Kazschool: вебинар бітісімен сабақта қолданыста болған слайдты жібересіздерме?

11MFMM: иа слайдты жіберуге болады

Катира Актау: Сабақ уақытында басталды сізде интернет уақытында қосылмаған

ОТППО: Мастер-класс аяқталғаннан кейін бүкіл ресуртар www.cpm.kz порталына орналастырылады.

nurzhanova aida: Катира Карасаевна, салем бердик. Бәрі жаксы көрінип тұр.

Катира Актау: Сабаққа байланысты сұрақтарыңыз болса қоя беріңіздер, жауап беріледі.

Shetpe_Lisei: Саламатсыздар ма

Shetpe_Lisei: жаксы коринип тур

ОТППО: Орналастырылатын ресурстар: Сабақ жоспар, ррт слайд, СМАРТ бейдж нұсқаулығы, оқушалрға берілген тапсырмалар жиынтығы

Гүлшарат 2: Саламатсыздар ма.

Kazschool: astkunaev.2014 почтасына слайдты жібересізбе

Катира Актау: Саламатсыздар ма, баласы атқа шапса , анасы тақымын қысадының күйін кешудеміз.

Гүлшарат 2: Сәттілік тілейміз!

Kazschool: astkunaev.2014@bk.ru почтасына

Катира Актау: рахмет!

ОТППО: Ресурстарды міндетті түрде жеке электронды поштаңызға жібереміз

Kazschool: Сабақ керемет! желіде отырған барша мұғалімдерге де осындай мазмұндыда мәнді сабақты өткізуді тілеймін!

Тупкараган.Таучик.Шахтинский: Сабақ жоғары деңгейде өтті.Бізге ұнады! Рахмет!

nurzhanova aida: Менде сұрак: Сабақтын мақсатына жеттініз бе?

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы №14 орта мектеп: Сабақ өте жақсы өтті, рахмет

Дидар: Рахмет!!!!

Есіл қаласының №3 орта мектебі: Рахмет,шығармашылық табыс тілейміз.

Тараз: Мұғалімге шығармашылық табыс тілейміз.

Нурланова Айман: Керемет апа!! Молодец!

nurzhanova aida: топтық жұмыс ойыныздан шыкты ма?

Kokshetau_cpm: Cәлеметсіздер ме! Менде сұрақ. Оқушылар бірін-бірі бағалағанда неге басымдық берді?

Гүлшарат 2: Сабақ өте жақсы өтті. Маржанға деніне саулық еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Көп рахмет.

Кайрат Тлеуов: сабак аякталды рахмет

Kazschool: слайдтты ұмытпаныздар

КУНДЫЗ: Cәлеметсізбе Маңғыстау обл Тупқараған ауд З.О.Баймырзаев мектебінен сабақ өте жақсы өтті. слайд жиберіңіз поштаға baimurzaev_shkola@mail.ru

Кайрат Тлеуов: Макет жасауда критерилер берилди

17 орта мектеп: mektep-17@mail.ru

Кайрат Тлеуов: Баска тапсырмаларда есептердин дурыстылыгына ман берилди

Мунайлы 3 мектеп: baiandy3@mail.ru

Гүлшарат 2: gulsharat.dosaeva@mail.ru

Кайрат Тлеуов: Сабак максатына жетти.

Кайрат Тлеуов: Аудио жауап берип жатыр. Маржан апай

Есіл қаласының №3 орта мектебі: Оқушыларды бағалау қалай болды?

ОТППО: Маржан Мурзагалиевна Сізге көп рақмет!

Шымкент: көп рахмет

Shetpe_Lisei: Көп рахмет

ОТППО: Ақтау қаласындағы ПШО филиалына рақмет! Жақсы ұйымдастырылды

17 орта мектеп: Рахмет, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз. Мүмкін болса сабағыңызды эл. поштаға жіберіңізші mektep-17@mail.ru

Кайрат Тлеуов: Багалау куралы аркылы багаланып, котерилген бас бармак. Мугалим сонында смаилик аркылы багалады

Казах.СШ№2 им. Абая г. Степняк: Маржан Мурзагалиевна сізге рахмет,сабағыныз өте қызықты өтті!

Есіл қаласының №3 орта мектебі: Барлық сынып оқушылары сонда өте жақсы бағасын алды ма?

Aiman Ibrayeva: Cәлеметсіздер ме, Мақсатқа бағытталған Сабақ үшін Маржан апай мен Ақтау қаласындағы ПШО филиалына көп рахмет!

Кайрат Тлеуов: Окушылар белсенди катысты. Топ мушесинин барлыгы катысты.Сондыктан сабак максатына жетип, балалардын бари багаланды

Кайрат Тлеуов: Катыскандарынызга рахмет

Abdikhalykov mektebi: Сабағыңыз үшін үлкен рахмет!

Aiman Ibrayeva: иә, шыныменде балаларда асқан қызығушылық пен белсенділікті байқауға болады, қалыс қалған бала жоқ сияқты

Отес ом: сабак унады!!!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет