Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет1/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімін қайталау және бекіту

Оқыту нәтижелері:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімін қайталайды және бекітеді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, сызба, плакат, маркер


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқушылармен амандасу

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Тұлға аралық байланысты орнату:

Түсті қағаздарарқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындайды.

Жақсы тілектер айтады.

5 топқа бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру, түсіну:

12 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 75-жаттығу (Берілген шылауларды қатыстырып, сөйлемдер құрап жазу.)

2. «Ой қозғау».

Сөйлемдерді оқу, одағай, қаратпа және қыстырма сөздерді табу, тыныс белгісін қою, ойын дәлелдеу:
3.Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды:

1-топ: Одағай дегеніміз не?

2-топ: Қаратпа сөз дегеніміз не?

3-топ: Қыстырма сөз дегеніміз не?

4-топ:Бұл сөздердің жазылу емлесі мен тыныс белгілері қандай?

5-топ: Бұл сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы

неде?


1. Жеке жұмыс: берілген шылауларды қатыстырып жазған сөйлемдерді оқиды, шылауды талдайды.

2. Топтық жұмыс: сөйлемдерді оқиды, талдайды, дәлелдейді

3. Топтық жұмыс: одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге тән белгілерді топтастырады, қорытынды жасайды


ІІІ. Жаңа сабақ:

Талдау және қолдану:6 мин

1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

77 - жаттығу. Мысал әңгімені оқу, одағай сөзді табу, мағынасын айту, қаратпа, қыстырма сөздерді табу, сөйлемдегі орнын, тыныс белгісін талдау, қорытынды жасау


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс: мәтінді оқиды, одағай, қыстырма, қаратпа сөздерді табады, талдайды, қорытынды жасайды.



6 мин

78-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады, одағай сөзді табады, мағынасын түсіндіреді:

Жеке жұмыс: жаңылтпашты жатқа жазады, одағайды табады, мағынасын түсіндіреді

Сергіту сәті:

2 мин


80-жаттығу. Сурет пен одағай сөздерді сәйкестендіру


Жеке жұмыс: сурет пен одағай сөздерді сәйкестендіреді, одағай түрін анықтайды

І\/. Сабақты қорыту:

Жинақтау:

12 мин


1. 81-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сөз таптарына талдау.

2. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу:

Мені танымай тұрсың-ау сірә. Бәріміз шынында да жас едік. Ата сізге қолғабыс жасайын. Апырай ата қонысым еді! Қап бәлем сені ешкіге айтпасам ба!


Жеке жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, сөз таптарына талдайды, тексереді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия: 1мин

1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

Қайталау

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Шылау

Сабақтың мақсаты:

Шылау және оның түрлері туралы алған білімдерін пысықтау және бекіту,

олардың жазылу емлесін меңгерту



Оқыту нәтижелері:

Шылау және оның түрлері туралы алған білімдерін пысықтайды және

бекітеді, олардың жазылу емлесін меңгереді



Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Тұлға аралық байланысты орнату:

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Жақсы тілектер айтады.

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру, түсіну:

15 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 70 -жаттығу (Сөйлемдерден үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айту).

2. «Ой қозғау». Шылауларды салыстыру, олардың бір-бірінен ерекшелігін айту, қорытынды жасау:

3. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

- Шылау дегеніміз не?

- Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? Неліктен?


1. Жеке жұмыс: сөйлемдерден үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.

2. Топтық жұмыс: шылауларды салыстырады, ерекшелігін анықтайды, қорытынды жасайды.

3. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды


ІІІ. Жаңа сабақ:

Талдау және қолдану: 7 мин

1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

72 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, шылауларды тауып, оларды талдау.


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс: мәтінді көшіріп жазады, шылауларды табады, талдайды.



6 мин

73-жаттығу. Көп нүктенің орнына шылаулардың тиістісін қойып мысалды оқу:

Жеке жұмыс: көп нүктенің орнына шылаулардың тиістісін қойып, мысалды оқиды, тексереді

Сергіту сәті:1 мин

Өлең оқып, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

І\/. Сабақты қорыту:

Жинақтау:

8 мин


74-жаттығу. Мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып жазу, тексеру, тұжырым жасау:

Жеке жұмыс: мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып жазады, тексереді, тұжырым жасайды

Бағалау: 3 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия: 1мин

1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

75-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі


Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Диктант

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптарды игеру және дағды деңгейін тексеру, білімін саралау

Оқыту нәтижелері:

Өткен тақырыптарды игеру және дағды деңгейін тексереді, білімін саралайды

Негізгі дерек көздер:

Диктанттар жинағы (Ұ.С.Ботабаева, К.Ә.Ерешева)


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.



Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады



ІІ. Жаңа сабақ:

28 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Диктант мәтінімен таныстыру, мәтінді оқу, мазмұнын талдау:

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі есептеп ойнауға құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап тапқан болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын. Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады. Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады. Шұңқырдың ішіне тоғыз-тоғыздан құмалақ салынады. (66)




1. Сабақтың мақсатын қояды
2. Диктант мәтінін тыңдайды, мазмұнын талдайды


1. Қиын деген сөздерді тақтаға жазу:

2. Диктантты жаздыру (бір сөйлемнен оқу, сөз тіркестерін оқу, барлық оқушының жазып отырғанын қадағалау)

3. Тапсырма: Есімдіктердің астын сызу.


Жеке жұмыс: диктантты жазады, тапсырманы орындайды

ІІІ. Сабақты қорыту:

7 мин


Қатені тексеру:

1) Диктант мәтінін оқып, қателерін тексерту.

2) Өз бетінше қатесін тексерту.


Жеке жұмыс: мәтінді тыңдай-ды, қателерін тексереді, өз бетінше қатесін тексереді, жұмысты жинайды

І\/. Бағалау:

3 мин


Бағалау

Өзін –өзі бағалайды

І\/. Рефлексия

3 мин


1. Тексеру қорытындысынан нені күтесің?

2. Қандай нәтижеге жеттім деп ойлайсың?

3. Неліктен?


Ауызша жауап береді

\/. Үйге: 1 мин

Қайталау

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Үстеу

Сабақтың мақсаты:

Есімдіктің сөз таптарының орнына жұмсалатындығы, жіктеу есімдігі жәнеесімдіктің

септелуі туралы алған білімдерін пысықтау, оларды орындықолдануға үйрету



Оқыту нәтижелері:

Есімдіктің сөз таптарының орнына жұмсалатындығы, жіктеу есімдігі жәнеесімдіктің

септелуі туралы алған білімдерін пысықтайты, оларды орындықолдануға үйренеді



Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, ребус, плакат, маркер


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Тұлға аралық байланысты орнату:

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Жақсы тілектер айтады.

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру, түсіну:

14 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 64-жаттығу (Есімдіктердің орнына кісі атын қойып, сөйлемдерді өзгертіп жазу.)

2. «Ой қозғау». Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:

3. Кестемен жұмыс:берілген үстеулерді талдау, кестеге орналастыру.




1. Жеке жұмыс: есімдіктердің орнына кісі атын қойып, сөйлемдерді өзгертіп жазады, оқиды.

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді

3. Жұптық жұмыс: кестемен жұмыс жасайды, үстеулерді талдайды, дәлелдейді

4. Топтық жұмыс: үстеулерге тән белгілерді топтастырады, қорытынды жасайды



ІІІ. Жаңа сабақ:

Талдау және қолдану: 5 мин

1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

66 - жаттығу. Мәтінді оқу, үстеулерді табу, талдау.


1. Сабақ мақсатын қояды.

2.Жұптық жұмыс: мәтінді оқиды, үстеулерді табады,талдайды, дәлелдейді, қорытынды жасайды.



5 мин

67-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу, үстеулерді табу, сұрақ қойып, мағынасын анықтау:

Жеке жұмыс: өлеңді жатқа жазады, үстеулерді табады, талдайды, тұжырым жасайды

Сергіту сәті:

2 мин


71-жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау:

«Жазғы демалыс»



Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы ребусты шешеді, әңгіме құрайды

6 мин



68-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жазу, үстеулерді талдау: осында, бұрын, ақырын, қазақша.

Жұптық жұмыс: берілген үстеулермен сөйлемдер құрап жазады, бір-біріне түсіндіреді, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту:

Жинақтау:

6 мин


69-жаттығу. Өлеңді оқу, үстеулерді тауып, мағыналарына қарай кестеге орналастыру:

Жеке жұмыс: өлеңнен үстеулерді тауып, мағынасына қарай кестеге орналастырады, дәлелдейді, тексереді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия: 1мин

1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты? 3. Қай тапсырма оңай болды?



Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

70-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Есімдік

Сабақтың мақсаты:

Есімдіктің сөз таптарының орнына жұмсалатындығы, жіктеу есімдігі жәнеесімдіктің

септелуі туралы алған білімдерін пысықтау, оларды орындықолдануға үйрету



Оқыту нәтижелері:

Есімдіктің сөз таптарының орнына жұмсалатындығы, жіктеу есімдігі жәнеесімдіктің

септелуі туралы алған білімдерін пысықтайты, оларды орындықолдануға үйренеді



Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, плакат, маркер

Каталог: uploads -> doc -> 0390
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0390 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары І сабақ мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары Күні: 20. 12 Сабақ: 2 Сабақтың тақырыбы
0390 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет