Сабақты оқушылармен психологиялық жағымды ахуал орнату үшін «Шаттық шеңберіне»



бет3/4
Дата04.07.2018
өлшемі1,05 Mb.
#47098
түріСабақ
1   2   3   4
постерлерін қорғады. Ойларын жақсы жеткізе білді. «Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған болатын. Әр топтан қол көтерген оқушылардан жауап алдым. Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмі бойынша көргендерін естеріне түсіріп баяндап берді. Түсіну бөлімінде әңгімені әр топқа түсініп оқуын тапсырдым. Әңгімені оқып болғаннан кейін жетекші сұрақтар арқылы түсінгендерін тексердім. Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді. Топ мүшелеріне әр тапсырма барысында өз тобының мүшелерін бағалап отыруды естеріне салып отырдым. Қолдану бөлімінде үш топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Бірінші топқа Қожа мен Жантастың мінез-құлқын салыстыру. Екінші топқа мәтіндегі барлық кейіпкерлерге мінездеме беру. Үшінші топқа әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып, талдау жасау. А оқушым өз тобындағы оқушыларға ой тастап, бірлесе ойлануға шақырып, белсенді жұмыс жасап отырды. В оқушымның да тобында жұмысқа белсеніп араласып кете алмаса да өз ойын жай ғана ортаға салып отырғанын байқадым. С оқушым өз тобының оқушыларының ойларын мұқият тыңдап отырды, бірақ бұрынғыдай емес баланың сабаққа деген қызығушылығы байқалады. Бірінші топ Қожа мен Жантастың мінез-құлқын Венн диаграммасына салып салыстырып берсе, екінші топ мүшелері мәтіндегі барлық кейіпкерлерге мінездеме беріп ішкі ойын талдап берді.Бұл тапсырмада бақыланып отырған оқушылармының ішінде А оқушым өз ойын айтып, ортаға шығып жауап беріп, белсенді болды.

Постерлерін жұпта қорғау сәттерінен көрініс

Ендігі кезекте мен оқушыларыма кері байланыс ұсынып «Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар мектептегі өздерінің бастарынан өткен қызықты оқиғаларын атып берді. Одан интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би билеп, балалар сергіп қалды.

Талдау бөлімінде топтар арасында «Мынау кім?» ойыны арқылы бір-біріне сұрақтар дайындап, жауап алынды. Енді әр топқа шығармашылық тапсырма берілді. Әр топ өз Қожаларын қорғау керек болды. Тапсырманы орындауда бастапқыдағыдай емес топта бір-бірімен ақылдасып, ойларын бөлісе бастағандары байқалады.






Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет