Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. Сабақтың мақсаты



Дата27.07.2017
өлшемі34,34 Kb.
#22134
түріСабақ
8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені, Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақтардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;

  • Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау қабілетін жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ Биоақпараттану және синергетика БжС технологиясы бойынша жүргізіледі.

Негізгі түсініктер: жерге мемлекеттік меншік, 60-90 ж. әкімшілік реформалар, Қазақстанды кең көлемде отарлау, басыбайлы тәуелділік, Столыпиннің реформасы, тоғышарлар мен мещандар, жатақтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Үй тапсырмасын сұрау:(жалпы сұрақтар)

1.Реформалардың жүргізілу себептері (XIX ғасырдың 60-жылдарындағы)

2.Қай жылы ережелерге қол қойылды?

3.Бұл реформаның жағымды жағы болды ма?

4.Реформа бойынша сайлау жүйесінде қандай өзгерістер болды?

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:


  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.

  2. Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.

  3. Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.

  4. Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.

  5. Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.

  6. Қоныс аударушылар мен қазақтар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар

Тірек сөздер

1.Басыбайлы

2.Тәуелділік

3.Ходоктар

4.Столыпин

5.Реформа

6.Жатақтар

7.Батыс Сібір

8.Ереже

9.Автохтонды



10.Десятина

11.Транссібір

Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде осы тірек сөздерді естеріне сақтап, дәптерлеріне жазуы тиіс.Уақыт мүмкіндігіне қарай тірек сөздерге қысқаша түсінік беріп кетуге болады.

Жаңа сабақ БжС технологиясының ФСС технологиялық картасы бойынша түсіндіріледі. (Қысқаша жоспар)

ФАКТ-Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты

СЕБЕП:1.Шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды

2.Қазақ өлкесінде сенімді тірек қалыптастыруды мақсат етті.

3.Қазақ халқын отырықшылықпен айналысуға көшіргісі келді

4.Орыстандыру туралы ниеті болды.



САЛДАР:Жер тапшылығы сезілді

Қазақтардың жері тартып алынды

Мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты

Демографиялық жағдай өзгерді



Қалған тарихи мәліметтер өзіндік жұмыс ретінде сабақты бекіту бөлімінде беріледі.

Бекіту:

1-топқа тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):

Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды орналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.



2-топқа тапсырма:

Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары






3-топқа тапсырма:

Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:


  • отаршылдық тәуелділік

  • Басыбайлы тәуелділік

  • Жергілікті (автохтонды) халық

  • Үлеске тиген жер, кесілген жер

  • Столыпиннің аграрлық саясаты

  • Ходоктар

  • Хутор

  • Жатақтар

  1. Мына адамдар жөнінде не білесіңдер?

Г.А.Колпаковский

П.А.Столыпин



Куропаткин

Үйге тапсырма:мәтінді түсініп оқу.Құжатпен жұмыс


Сабақ тақырыбы:

Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясаты

Теректі ауданы

ШағанЖОББМ

тарих пәні мұғалімі: Имангалиева А.Г.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет