Сабақтың тақырыбы : А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»



Дата26.06.2018
өлшемі31,83 Kb.
#45051
түріСабақ
Ашық сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек »
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
Дамытушылық: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
Тәрбиелік: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Әдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, топпен жұмыс
Көрнекіліктері: Абай Құнанбаевтың портреті, Абайдың отбасы, еңбектері және Абай атындағы Семей қаласындағы мәдени құндылықтарға арналған буклет топтамасы. слайд
Ашық сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық әзірлік. Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? ( оқушылардың ойлары ).
« Жақсы сөз – жан азығы » - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, біз өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған?
- Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.
Біз өткен сабақта «Алғырлар», «Зеректер», «Ойшылдар» болып үш топқа бөлінгенбіз. Үш топқа үш түрлі тапсырма берілген болатын.
І топ: С. Көбеевтің өмірбаяны туралы мәлімет жинап келу
ІІ топ: «Менің арманым» шығарма жазып келу
ІІІ топ: Спандияр Көбеевтің шығармашылығы туралы мәлімет жинау.
Мәтінді мазмұндату. ( бірнеше баладан) үй тапсырмасына қаншалықты дайын екенін тексеру.
III. Жаңа сабақ
- Бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.
Күн ретін, тақырыпты жазу.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері.Абай – кемеңгер, Абай – дара. Абай Құнанбай ұлы 1845 жылдың 13- тамызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауының етегінде, Қасқа бұлақ өзенінің жотасында дүниеге келген.1904 жылы о дүниелік болды.
Абайдың дүниеге келуі жайлы ел аузындағы ең көне әңгіме - әкесі Құнанбайдың түс көруі. Құнанбай Өсенбайұлының түсіне 18 ғасырда өмір сүрген қазақтың кемеңгер биі, тобықты руынан шыққан Әнет баба түсіне кіріп Ибраhим деп пайғамбардың атын айтып, ғайып болады. Осы түстен кейін көп ұзамай Ұлжан босанды деген сүйінші хабар келеді. Сол кезде Құнанбай жас сәбиге Ибраhим деген ат береді. Бірақ әжесі Зере немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында Ибраhим деген аты аталмай, Абай аталып кетеді.Абайдан қалған мұра: 169 өлең, 4 поэма, 54 аударма, 45 қара сөзі.
Көрнекіліктерге тоқталу. Семей қаласындағы Абай атындағы мәдени мұраларға тоқталу.
1. Мәтінді таныстыру
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім кітаптан оқып беремін.

- Балалар, енді кітапқа көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?


2. Сөздік жұмысы
Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан.
Күндейді – қызғанады.
Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді.
Мертігеді - бір жері шығады, сынады
Міндейді - мін тағады, жамандайды
Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтын
3. Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту( балаларға мәнерлеп оқыту).
4. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез - құлықтары
- Балалар, сендер Абай аталарыңның адамның мінез-құлқын жырлайтын тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. Осы өлеңді кім жатқа айтады?
( Оқушылардан сұрау)
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы. - Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.
Осы орайда үшінші қара сөзден үзінді тыңдайық.
1 – тапсырма
« Кім шапшаң ?» ойынын жүргізейік. Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және « Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін салыстыра отырып, адамның жағымды, жағымсыз қылықтарын жазу.
(Әр оқушыға вен диаграммасы сызылған бет таратылады).

ІV. Сабақты бекіту:
- Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?
- Қандай мінез – құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек?
(Адамның мінез – құлықтары кестесін пайдалып қайталап шығу.)
V. -Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі -
деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау)
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.
Үйге: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама , өлеңді жаттау.

Бекітемін

«А.С.Макаренко атындағы орта

мектеп мектепке дейінгі

шағын орталықпен» КММ

директоры Р.Мауленова

абақтың тақырыбы: Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек

Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстым, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи аламын.

Түрі: танымдық сабақ.

Типі: жаңа білімді меңгеру

Жаңа технология: сындарлы оқыту

Әдіс – тәсілдер: «Ыстық орындық» әдісі, диалог құру, «Өлеңді жалғастыр», ВЕНН диаграммасы. «Өкіл жаттығуы»

Көрнекіліктері: АКТ

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасы: «Ыстық орындық» әдісі

III. Жаңа сабақ.

Тақырыпты ашу. Диалог құру.

1. Абай жайлы мағлұмат беру. «Мен не білемін?» оқушылардың ізденіп келуі бойынша деректер алу.

3. Өлең мазмұнымен жұмыс.

4. Сөздік жұмысы.

5. «. Кім шапшаң?».

6. «Өкіл жаттығуы»

IV. Сабаққа кері байланыс, бағалау.

V. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алма, алмұрт, өрік» жаттығуы.

Шаттық шеңберін құру. Оқушыларды алма, алмұрт, өрік етіп бөліп шығу. Шеңберде тұрып орныңды тап ойынын ойнау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» әдісі арқылы.

1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?

6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Жаңа сабақ: (Тақтаға немесе интерактивті тақтаға)

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»

- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

- Абай ата туралы не білеміз?

- Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

Абайдың шығармалары:

• Ғылым таппай мақтанба

• Интернатта оқып жүр

• Пайда ойлама, ар ойла

• Жасымда ғылым бар деп ескермедім

• Әсемпаз болма әрнеге

• Жазғытұры

• Жаз

• Күз


• Қыс

• Желсіз түнде жарық ай

Сабырсыз, арсыз, еріншек

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан, алауыз.

Өзін - өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол – арсыздық белгісі.

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір - ақ секіріп шығам деп,

Бір - ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.

Сөздікпен жұмыс

Алауыз – береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз.

Күндейді — қызғанады.

Мертігеді – бір жері шығады.

Міндейді – мін тағады, жамандайды.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр

• Жағымды - Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды...

- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым...

• Жағымсыз - Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ...

Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

«Өкіл жаттығуы» әдісі.

І топ – «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ – Абайдың 3 - ші қара сөзін оқып, түсінгенін айтады.

ІІІ топ - Абай аудармаларынан мысалынан көрініс көрсету.

Кері байланыс: «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру



Бағалау: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына формативті баға береді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жатқа айту.Тақырыбы : А. Құнанбаев . «Сабырсыз, арсыз. еріншек»
Каталог: uploads -> doc -> 06fa
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06fa -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы К. Қасымұлы бастаған ұлт азаттық қозғалыс. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет