Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев «Қыс» Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата05.11.2016
өлшемі67,15 Kb.
#708
түріСабақ
Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.

Тәрбиелік: Эстетикалық және еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өлеңнің  мазмұнын түсіну, ақын-жазушының стилін меңгеру, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының лексикалық қорын молайту. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білуге баулу.

Түрі: таным сабағы

Пәнаралық  байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі

Әдістері: жинақтау, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытынды жасау,

Көрнекіліктері:электронды  слайдтар,  кітаптар, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Барысы:

Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, бүгін бізде ерекше таным сабағы өтеді. Бұл сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Үй тапсырмасын тексеру: Балалар,біз өткен сабағымызда «Дүние қалай етсең табылады?» тақырыбындағы әңгімені өткен болатынбыз. Оқушылардан әңгіменің мазмұнын сұрап, мынадай сұрақтар қойылады.

1.Бұл әңгіме не туралы?

2.Еңбек етуден ерінбеген адам кедей болатынын, қайыр сұраудан арланбайтынын байқадың ба?

3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқы.

Енді балалар 3 топқа бөлініп, еңбек туралы мақал-мәтел айтып жарысамыз.

Өткен сабақта оқушылардың жаңа сабақты түсінуге психологиялық жағынан


дайындау мақсатымен алдын ала бағдарлау тапсырмалары берілген. Сыныпты 3 топқа бөлдім.

«Жазушылар тобы» қыс мезгілі жайында әңгіме жазу.

«Ақындар тобы» қыс туралы өлең шумақтарын көшіріп жазу және өлең шығару.

«Суретшілер тобы» қыс тақырыбында суреттер салу.

(Осы тапсырмалар тексеріледі, сабақ соңында бағаланады).



Жаңа сабақ: Балалар, бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін өтеміз.

Электрондық оқулық арқылы бейнефильм көрсетіледі.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Осы бір ауыз өлеңде Абай атамыздың бүкіл өмірінің терең сыры жатыр. Мұңы
қараңғы елдің мылқау күшімен арпалысқан аяулы жанның кейінгіге жолдаған арызы
деуге де болады. Абай атамыздың бұрынғы қазақ елінің әлеуметтік халін білмей,
Абай Құнанбаевтың туған айналасын өмір ұясының кім екенін түсінбей жоғарыдағы
Абай атамыздың жұмбағын шешу де қиын. Балаларға интербелсенді тақта арқылы АбайҚұнанбаев туралы жасаған слайд презентацияны көрсету арқылы өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы түсінік беріледі.

Электрондық оқулық арқылы өлеңді оқымас бұрын оқушыларға лирика туралы түсінік беріледі.

Лирика-адамның көңіл-күйін, қуаныш-реніш сезімін күйіттейтін


поэзия. Лирика бес түрге бөлінеді.

Табиғат лирикасы

Махаббат лиракасы

Философиялық лирика

Саяси лирика

Көңіл-күй лирикасы

Кітаппен жұмыс: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқимын. Оқушыларға өлеңді оқытқызамын.

Интербелсенді тақта арқылы сөздікпен жұмыс жүргізіледі.



Ұшпадай-жеке шоқ бұлт

Оқшырайтып-шошайтып, оқшауландырып

Ажарланды- сұлуланды, өңі кірді

Долданғанда- ашуланғанда

Үсік шалу- үсу, тону

Ымтығы құру- қажу, шаршау

Домбығып- үсіп

Тұмсығын салды- бұл жерде қасқыр шапты

Шидем- күпі

Қондыбай, Қанай- кедей ауылдарының аттары

Қор қылма- ысырап қылма

Мәтінмен жұмыс: Шығарманың мазмұның түсіну, идеясын меңгеру.

1.Ақын қысты қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқы.

2. «Кәрі құда» деп ақын нені айтып отыр? Өлеңнен «кәрі құда» қыстың әрекетін тауып оқы.

3.Қыс келісімен күйзелген ауыл тіршілігін бейнелейтін жолдарды тауып оқы.

4. Ақын малшыларға қандай ақыл айтады?

Балалар, енді ақын суреттеуіндегі «кәрі құда» қысқа мінездеме беріңдер. (Ол тойымсыз, қыңыр, қисық, қаһарлы, кеселді құда кейпінде суреттеледі).

«Кәрі құда» қысты осылайша мінездеу арқылы ақын нені көрсетпек болған? (Қыс
мезгілінің жайсыздығы әңгіме болады).

Міне, осындай сұрақтарға жауап алғаннан кейін ақын нені суреттеп отыр, осы


өлеңінде нені айтпақ болғандығы анықталады.

Өлеңнің көркемдігін таныту.

1.Ақын суреттеуіндегі «Кәрі құда» қыс қалай сипатталатындығына оқушы


назарын аудару керек.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Осы сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?

Электронды оқулық арқылы  эпитет туралы алғаш рет түсінік беріледі.



Эпитет- бір заттың не бір құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөз эпитет деп аталады.

Енді өлеңдегі теңеу және балама мағынасында қолданылып тұрған сөздерге тоқталамыз.

Электронды оқулық арқылы  теңеу туралы  түсінік беріледі.

Теңеу- заттың, құбылыстың қасиетін сапасын ашу, екінші бір затпен,
құбылыспен салыстыру теңеу дейміз.

«Ұшпадай бөркі, бұлттай қасы, бурадай долданғанда» деген тіркестердегі
ұшпадай, бұлттай, бурадай
-теңеу сөздер.

«Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық, дем алысы-үскірік, аяз бен қар» балама мағынасында қолданылып тұрған сөздер. Үсті басы-ақ
қырау, түсі суық деген сөз оралымы қыстағы табиғат көрінісін бейнелейді.

«Дем алысы-үскірік, аяз бен қар» деген сөздер қыстың қатал табиғатын суреттеу қызметін атқарып тұр.

Ақын «Қыс» өлеңінде қысты кімге теңейді? (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды


кәрі құдаға теңейді).

Бұл жерде Абай қысты «Кәрі құда» кейпінде суреттей отырып, өлі табиғатты


жандандыра, қимыл-әрекет үстінде көрсету арқылы жаңаша образ жасап отыр. Қыстың
жаңа образы-«Кәрі құда». Мұндай суреттеу тәсілі тек Абай ашқан жаңалық. Біз
бұдан Абай атамыздың жаңашыл-реформатор ақын екендігін көреміз.

Электрондық оқулық арқылы кейіптеу туралы түсінік беріліп, тапсырма орындалады.



Кейіптеу-табиғат құбылыстарын жандандырып, тірі кісі кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атаймыз.
Кейіптудің Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған ол әдіс орыс және батыс
Европа әдебиетінде кездеседі. (Мысалы, Некрасовтың  «Мороз, красный нос» өлеңімен салыстыруға
болады). Өлеңді оқушыларға оқып беремін. Мұнда қыс- «Воевода- әскербасы»
болып көрінсе, Абай атамыздың суреттеуінде –«Кәрі құда»

Қорытынды: Балалар, бүгін
біз Абай атамыздың «Қыс» өлеңін оқып, таныстық. Енді сабақты қорытындылай келе,
қазір сендермен  «Сиқырлы конверт» ойынын
ойнаймыз. Ойынның шарты: Балалар, «Балдырған» өзі келе алмай «сиқырлы
конверт» беріп жіберіпті. Оның іші толған төрт пен бес. Ол бағаларды алу үшін
кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керек.

1.Абай қай жылы дүниеге келген?

2.Оның шын аты кім?

3.Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?

4.Абайдың әжесі мен анасының есімдері кімдер?

5.Абай неше жасынан бастап оқу оқыған?

6.Абай неше қарасөз жазған?

Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу. Әдеби
теориялық ұғымдарды жаттау.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

 

 



 

9 орта мектебі

Тақырып:

Абай Құнанбаев

"Қыс" өлеңі

(абайтану)

11 "А" сыныптары

Өткізген: А.Д.Жаркимбаева.

Семей қаласы 2014жыл
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет