Сабақтың тақырыбы : Қағаздан бұйымдар жасау. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі69,74 Kb.
#23880
түріСабақ
Атырау облысы, Махамбет ауданы,

О.Шонаев атындағы орта мектеп

Абилтаева Алия Куандыковна



4 «б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан бұйымдар жасау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қағаз және қатырма қағаымен жұмыс істеуге үйрету; қағаз және қатырма қағазды бүктеу тәсілдерін үйрете отырып бүктеу дағдысын қалыптастыру.

  2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру және қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

  4. Сабақтың көрнекілігі: қағаз түрлері, ашық хат түрлері, интерактивті тақта, электронды оқулық.

  5. Жұмысқа қажетті материалдар: түрлі түсті қағаз, ақ қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш, желім, қол сүртетін сүлгі.

  6. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
    Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сарамандық жұмыс.
    Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, желім, қайшы, торғайлар, көбелектер, бейнесөз, жұмбақ.
    Пән аралық байланыс: еңбек, дүниетану, тіл сабағы, математика.

I. Ұйымдастыру

1) Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға гүл шашылды

Көк аспанда күн күлсін

Бірге жүрсін бүлдіршін

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн қонақтар!

2) «Есіңе сақта!»

Қауіпсіздік ережелері.

1. Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.

3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

7. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау.

8. Сәнді бұйымдарды жасай білу.

9. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.



II. Өткен сабақтың түрлерін еске түсіру.

Табиғи материал түрлері.




Ағаш Тас Сабан Құс қанаты Жапырақ

III. Қызығушылықты ояту

« Адасқан құралдар»
Қалам ----------- біріктіреді
Қайшы -------------- өшіреді
Өшіргіш ------------ өлшейді
Желім --------------- жазады
Сызғыш --------------- қияды

IV. «Байқап қал!» аялдамасы

1) «Кім тапқыр?» ойыны
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. «Естіртпе»,- деп ине - жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын. (желім)

4. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. (кітап)

2) Шығармашылық тапсырма.

1-топ: Қағаз қашан, қалай пайда болды? (слайд: 105 ж. Цай Лунь, жаңқа, жүн , жібекті , өсімдік талшықтары , бамбук суреті)

2-топ: Қағаз өндірісі. ( слайд: өндіріс орны)

3-топ: Экологиялық әсері. ( слайд: ағаш)

V. Жаңа сабақ (слайд: қағаз өндірісінің суреті)

А) Мұғалім түсіндірмесі:

1. Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал . Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі. 2. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

Қағаз (0,5мм )



Жазбалық қағаз

Қатырма қағаз (0,5мм-ден артық)



3. Қағазды қолданудың көптеген тәсілін Жапондықтар ойлап тапқан: қағазға жазу жазады, кескіндемелер салады, одан желпуіштер, ыдыс-аяқ, киім бөлшектерін жасайды.

Соңғы уақытта тек Жапонияда ғана емес сондай-ақ дүние жүзінің көптеген елдерінде нағыз қағаз шеберлері пайда бола бастады. Ендеше бүгін сабақта «киригами», «квилинг», «скрапбукинг» әдіс-тәсілдері арқылы жұмыс жасайық.



Ә) «Қалауың білсін!» Сарамандық жұмыс: (мұғалімнің нұсқауы бойынша)

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым , ақылды

Бәрін өзі атқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Топпен жұмыс (Әр топ квилинг, скрапбукинг, киригами әдісі бойынша жұмыс жасайды)

I- топ «Киригами»

Киригами- қағаздан қию арқылы жасалған пішіндер мен бұйымдар. 1980 жылы Масахиро Читани архитекторы ойлап тапқан. Киру-кесу, ками- қағаз деген мағынаны береді екен.

II- топ «Квилинг»

Квилинг – 15-19 ғасырларда пайда болған. Англия, Германия, Европа, Оңтүстік Кореядан бастап жағалап келген. Ақсүйек қауымдары осы аппликацияны ұнатып , осы уақытқа дейін сақтап келген.

III- топ «Скрапбукинг»

Скрапбукинг- Ағылшын тілінен «scrap» - қию, «book»- кітап дегенді білдіреді, «кіпатқа енгізу» - хоббидің, қолөнер шығармашылығының түрі, суреттерді сәндеп көркемдеу, альбомдар мен беттерде құрама жасаудың ерекше тәсілі.

VI.

1. Экономикалық есепті шешеді.
Дүкенге түрлі кәмпиттің үш қорабын әкелді: «Рахат», «Баянсұлу», «Қарағанды» кәмпиттері. Тасымалдау кезінде қораптардағы жазу өшіп қалды. 1 жәшікте «Рахат» емес, 2 жәшікте «Баянсұлу» емес екені, 3 жәшікте «Баянсұлу» орналасқаны белгілі. Қораптарды ашпай ―ақ 1― ші және 2―ші қораптарда қандай кәмпит орналасқанын білуге болады.

2. Қызық деректер

1). Бір жазушы жаңашыл бастама көтеріп, оны өзі жүзеге асырды. Ол әжетханалық қағаз арқылы өзінің көркем туындысын жазып, кітап етіп шығарған.



VII. Қорытындылау
1. Не үйрендік? Не білдік?

1). Қағазды кім ойлап тапты? (105 ж. Цай Лунь)

2). Қағаздың отаны қай ел? (Қытай)
3). Қай ғасырда пайда болды? (ҮІІ ғ)

4) Квиллинг дегеніміз не? (Квиллинг қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау)


5) Киригами дегеніміз не? (Киригами- қағаздан қию арқылы жасалған пішіндер мен бұйымдар)

2. Топтау әдісі.
Еңбекқор боласың Бақытқа жеткізеді

Биік белестен Еңбектің пайдасы Рахатқа

көрінесің бөлейді

Қуанышқа бөлейді Мұратқа жеткізеді

VIІI. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
IX. Кері байланыс
– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неге? (пікірлерін тыңдау).


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет