Сабақтың тақырыбы : Қасым Аманжолов «Өзім туралы»



Дата31.12.2019
өлшемі83 Kb.
#53932
түріСабақ
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Арал қаласы
Арал қалалық №83 мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарманова Шолпан Ажайповна

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты: І. Ақын өмірімен таныстыру,

«Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

ІІ. Оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу

мәдениетін жетілдіру.


ІІІ. Ақын өлеңі арқылы Отанды, туған жерді сүюге,

қастерлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу
ІІ. Жаңа сабақпен жұмыс

Үнтаспадан Қ.Аманжолов туралы ой-толғау

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик ақынымыз Қасым Аманжоловтың дүниеге келгеніне биыл ғасыр толып отыр. Бұл ғасыр –Қасымның ғасыры, қазақ жырының жиырмасыншы жүзжылдықта жаңа реңк алған бір дәуірін өз қолымен сомдаған атақты ақынымыздың ғасыры. Қасымның жыры мен сыры, ғұмыры, өнері, майдан кешкен талайлы тағдыры, жетімдік қамытын мойнына ілген балалығы мен азаматтық асқақтығының бәрі-бәрі тұтасып, ғасыр өріне келіп тұр.

Қасымның ақындық болмысын, жүрегінің лүпілін, сезімінің сыңғырын тану үшін оның өлеңбаянына айналған өмірбаянына үңілмей болмайды.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
а) Жаңа материалмен жұмыс

(Бейнебаян,ақынның өмірі мен шығармаларын тыңдатамын)
ә) Ақынның өмір жолы

Аты: Қасым Аманжолов

Туған жылы: 1911жыл

Туған жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Өскен ортасы: Жастай жетім қалады, Семей қаласындағы интернатта тәрбиеленеді.

Алған білімі: Семейдің малдәрігерлік техникумында оқиды. Ленинградтың орман шаруашылық институтында оқып, бірақ оны бітіре алмайды.

б) Қасым Аманжолов шығармашылығы


Ақын Сазгер

Өлеңдері Поэмалары Аудармалары Сазгер

1938жыл «Ақын өлімі туралы аңыз» «Полтава» «Дариға сол қыз»

«Өмір сыры» «Құпия қыз» «Маскарад «Туған ел»,» дауыспен» « Жамбыл тойында» «Жас дәурен»

«Дауыл» «Бикеш» «Өзім туралы»

в) «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып, үнтаспадан тыңдату


Лирика дегеніміз не?

Лириканың түрлеріне тоқталу:
г) Лирика түрі - Көңіл-күй лирикасы

Тақырыбы: - Лирикалық кейіпкердің өзі туралы ақындық толғанысы

Идеясы: - Ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім артуы,

ақын өз тағдырын өлең құдіретімен оқушыларға жеткізуі;
е) Тақтамен жұмыс

Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру
Төмендегі жетелейтін сұрақтар арқылы кейіпкерге мінездеме берегіземін
Кейіпкер кім? Ақын

Қандай ақын? Өршіл, патриот

Қандай жан? Өз елін сүйетін, өз жерін сүйетін, жаны нәзік

Кімдерге сенеді? Ұрпаққа сенеді, өлең құдіретіне сенеді

Өлеңде ақын не туралы айтады? Ішкі психологиялық толғанысы, өмір жайлы толғанады.

Ақын Өршіл Патриот



Өз елін Өмір жайлы толғанады

сүйетін

Өлең құдіретіне сенеді



Өз жерін сүйетін

Жаны нәзік Ұрпаққа сенеді



д) Оқушымен жұмыс. «Ізденіс» кестесі. (кестені толтыру)


р/с

Негізгі ой

Шумақтар

1

Ақынның өзін таныстыруы

1,2,15

2.

Өлең туралы толғанысы




3.

Өмір мен өлім туралы толғанысы




4.

Туған елі, жері туралы толғанысы





Сөздікпен жұмыс

Мейман-қонақ

Бір мезет-бір уақыт

Тымырсық,түнек- көп сөйлемейтін, сыр ашпайтын

Торқадай-қымбат, жібек матадай
ж) Кітаппен жұмыс

Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау

Теңеу Эпитет Метафора

Бөбегіндей, торқадай, қызыл шоқ Асылымын, адамзат

найзағайдай, қанатындай, ала құйын заманалар, сапарының мейманымыз,

өртке тиген дауылдай, қап-қара түнек, кеудем-көрік, жүзім-жаз,

серінің семсеріндей алтын сарай, көңілім-көктем,

ақ көңіл сезім-жыр, лебізім-күй

з) Дәптермен жұмыс

(буын, бунақ түрлеріне талдау)



Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, а

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында, а

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді ә

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да. а
11 буынды, 3 бунақты
Шығармашылық жұмыс.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ»

Сабақты бекіту:

Топтастыру
ақын әнші



аудармашы сазгер

жауынгер патриот

Пайымдаулар
Поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі- онда ақын өзінің атынан сөйлеп кететін шағы жиі болады. Лирикалық поэзияда автор көбінесе өз сезімін береді. Оның өз көңіл-күйі жалпы адамға тән жәйтті, жан сырын ашып отырады.
Орыстың ұлы ақыны Қазақтың бір туар тұлғасы

Сергей Есенин Қасым Аманжолов

(суреті) Өз жүрген жолдарыма келем жазып

(өзінің өмірбаяны туралы жазған Сырымды, барлық өмірбаянымды

бір мәліметінде қай жылы, бұл жай ақын шығармаларында

қай жерде туғанын айтып кетеді) (мол ұшырасады)

«Енді қалған өмір тарихым-менің

өлеңдерімде»,-деген екен.



«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»

Тахауи Ахтанов

Үйге тапсырма

Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау



Бағалау парағы




Оқушылардың аты-жөні

Билет саны

Қорытынды бағасы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18










19










20










21










22










23










24










25










Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет