Сабақтың тақырыбы : Ауа қабығы Сабақ мақсаты: Мәтін мазмұнын меңгерту. Ауа туралы білімдерін тереңдету



Дата28.07.2017
өлшемі68,05 Kb.
#22314
түріСабақ
Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы:Ауа қабығы
Сабақ мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын меңгерту.Ауа туралы білімдерін тереңдету.

2. Баланың танымдық белсенділігін арттыру.Өз бетінше білім алуға ,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.1-топ,2-топ,3-топ.
.Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқытудың әдіс –тәсілдері: Интерактивті технология,СТО технологиясы
Бағалау түрі: Топтық бағалау. Балл беру. Тапсырма орындау деңгейіне сай 10балл,20 балл , 30 балл жазылған дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп отырады..

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта ,глобус, слайдтар,тірек сигнал, дүниетану бойынша тест тапсырмалар жинағы.
Сабақ барысы:

I Қызығушылықты ояту.
1) Психологиялық дайындық

1. Танымдық ойын «көз байқағыш»

Тақырыптық сурет ( слайд) көрсету 30 секунд . Суретті жабу. Нелерді көрдің ? Дәптерге жазу. 1 минут. Ең көп сөз жазған топты анықтау.Топтарға балл беру.

Мақсаты: Баланың ойын жинақтау

.

II. Ой шақыру



2. Жұмбақты оқып жауабын табайық.

Ұстасаң ,қолға ілінбес,

Қарасаң ,көзге түспес.(Ауа)

- Оқушылар, біз өткен сабақта «Ауа» тарауын бастадық. Олай болса, өткен сабаққа байланысты білімдеріңді байқайық.



3. "Біліміңді байқап көр"

"Ауа құрамы" тақырыбын тесттік бағалау.

1.Ауа тірі ағзаға не үшін қажет?

2.Ауа құрамына кіретін , жануды қуаттайтын газ.

А) озон В) көмірқышқыл газ С) оттегі

3. Ауаның қасиетін көрсет.

А) иіссіз, дәмсіз , сығылады, ағады

В) иіссіз, дәмсіз, мөлшері мен салмағы бар, тығыз, түссіз, жануды қуаттайды

С) иісі, дәмі ,мөлшері бар

4. Ауадағы ең көп таралған газ:

А) азот В) оттегі С) су булары

5. "Ауадай қажет"сөзі нені білдіреді?

А) көмір қышқыл газы В) инертті газдар С) оттегі
Дұрыс жауапты электронды тақтада көрсету.

Өзін-өзі тексеру.

Дұрыс жауапқа - "1" балл. Дұрыс емес жауапқа –"0" балл

Тест жауаптары:

1.Тыныс алу үшін

2.с) оттегі

3.в) иіссіз , дәмсіз, мөлшері мен салмағы бар, тығыз, түссіз, жануды қуаттайды.

4.а) азот

5. с) оттегі

Өзін-өзі бағалау.Бағалау нормасы. 5 балл-"5", 4 балл-"4", 3 балл-"3", 2,1балл-"2"

Тест нәтижесін(сапасын) салыстырып топтарға балл беру

.

III Мағынаны тану 4, 4.Слайд-шоу қарау."

Ғарыш әлемі"(Интернет материалдары 24 слайд)



5.- Оқушылар, « ғарыш » дегенде сенің ойыңа нелер түседі?

Ассоциация жасау





6."Сенің қолыңнан келеді"

"Ауа қабаты" тақырыбын оқу, " Insert" кестесін толтыру.

."Insert" стратегиясы .(Оқулықпен өзіндік жұмыс)

V (білемін)

- (келіспеймін)

+ (жаңалық)

? (білгім келеді)













3 топ оқушылары кестесін толтырады. Жұпта , топта талқылайды. Мазмұны ең толық кестені ұсынады.3 топтан 3 оқушы кестесін оқиды. Топтарға балл беріледі.
7."Идеяны толықтыру" стратегиясы .

Мұғалім слайдтар пайдалана отырып жаңа тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттарды хабарлайды.


1-слайд «Жер». Күн жүйесіндегі ғаламшар. Ауа қабатымен қоршалған.Жер бетінде тіршілік бар. Жарық шығармайды.Су бар. Шеңбер бойымен қозғалады. Жер 3 қабаттан тұрады.1. Литосфера – жер қыртысы мен мантия.2. Гидросфера- су қабаты ( Мұхит, теңіз , көл, өзен, жер асты сулары.) 3. Жердің ауа қабаты – атмосфера деп аталады.

2-слайд «Ауа қабаттары». Жердің қорғаныш қабығы –атмосфера : Тропосфера , Стротосфера , Мезосфера , Термосфера қабаттарынан тұрады.Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана тропесфера қабатында болып тұрады. Тропосфера қабатының биіктігі – 11 км.-ге дейін.

3-слайд «Комета-Құйрықты жұлдыз» -дегеніміз аспан денелерінен жер бетіне қарай ұшып жатқан темір, тас бөлшектер. Ауа қабатына келгенде үйкелістен қатты қызып жанады.Оның жер бетіне жетіп түскен бөлігін метеориттер деп атайды.

4-слайд «Ай» . Айда ауа қабаты жоқ.Өлі ғаламшар.Жарық шығармайды.Айда су жоқ. Айда таулар бар. Ай элипс бойымен қозғалады.

5-слайд. «Ауаның ластануы» . Өндіріс орындарының және автомобильдердің қалдық газдары атмосфераға араласады. Ондағы көмірқышқыл газының көбеюіне ықпал етеді. Ауадаға су буымен араласып оны қышқылға айналдырады. Қышқыл жаңбыр ауыл шаруашылығына , жан- жануарға , өсімдіктерге үлкен зиян келтіреді

.

8. Сергіту сәті

(танымдық ойын-тапсырма арқылы қимыл-қозғалыс жасату)

Шарты: Компьютер құрылғысы айтылса орныңнан тұр. Ғарыш денелері айтылса шапалақта.

Жұлдыз, үстел, диск, ай, дйсплей, күн, пернетақта, жер, тышқан, комета , дискета, т.б

9. « Тапқырларға тапсырма»

Топтық тапсырма беру

I топ «Ауа қабатын» бейнеле

II топ «5 минуттық эссе» Ауа- өмір тынысы.

III топ Венн диаграммасы «Ай» және « Жер»


IV Ой толғаныс

10. 5 жол өлең құру

1. Не? Атмосфера

2. Қандай? Тұнық, мөлдір

3. Не істеді? Қорғады, сақтады, уланды.

4.Атмосфера- жердің қорғаныш қабаты.

5.Ауа



11.Топтық бағалау.

Топ басшылары алған балдарының нәтижесін кестеге жазады. Жеңімпаз топ анықталады.



1-топ

2-топ

3-топ

70 балл

100 балл

110 балл



12..Ттапсырма: 1. «Жеңішке , жуан сұрақтар стратегиясы.» Тақырып бойынша 5 жеңішке(қарапайым, оңай) , 5 жуан (күрделі, танымдық) сұрақтар дайындау.

2.«Метеориттер» Мәнжазба жазу.



3.Семантикалық кесте толтыр

N 50 орта мектеп

Ашық сабақ

Дүниетану 4-сынып


Тақырыбы : Ауа қабығы

Дайындаған : Жукаева А.К.


2015 -2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 067f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
067f -> Сабақ тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғылары. Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру және бекіту
067f -> Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының
067f -> Оқулық 9 сынып Қазақ тілі С. Дюсебаева, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева «Мектеп» 2012ж Бағдарлама орыс тілінде оқытылатын мектептің 5- 9 сынып қазақ тілі бағдарламасы. Астана 2013 ж
067f -> Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет