Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Сабақтың мақсаты



Дата14.04.2017
өлшемі67,17 Kb.
#13792
түріСабақ
Ербосын Бақтыбай

ОҚО Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылы

««Атбұлақ» жаныңда интернаты бар жалпы орта мектеп» КММ
Қазақстан тарихы. 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты - Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын қайталау.

2. Дамытушылық мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін жинақтау мен реттеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік мақсаты - Қазақстанның XVIII ғасырдағы тарихын оқыта отырып, елжандылық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, тақырып бойынша арнайы плакаттарда суреттер,сызбалар, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,ой қорытындысын жасау

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы,география

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қайталап, жинақтау сабағының жоспары.

1. «Иә» не «жоқ» ойыны.

2. «Тарихи блиц» ойыны.

3. «Тұлғаны таны» ойыны.

4. Сәйкестендіру тесті.

5. Мәтінді толықтыр.


І. «Иә» не «жоқ» ойыны.
І – топ «Әбілқайыр хан» тобына берілген сұрақтар.
1. Әбілқайыр хан «Аңырақай шайқасында» аға хан болды ма? (жоқ)

2.Түмен бекінісі 1587 жылы салынды ма? (иә)

3.Жәміш бекінісі Жоғарғы Ертіс бойына салынды ма? (иә)

4. Тәуке хан билеген кезде қазақ хандығының сыртқы жағдайы жақсарды ма? (иә)

5. 1711-1717 жылдар аралығында жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кірді ме? (иә)

6. 1718 жылы Аягөз өзені бойында Қабанбай батырдың басшылығымен қалмақтар жеңіске жетті ме? (жоқ)

7.П.И.Рычков Семей тарихын зерттеді ме? (жоқ)

8. И.Г.Ренат (тұтқындағы швед) «Жоңғария картасын» жасады ма? (иә)

9. Тәтіқара ақын Орта жүздегі болған оқиғаларға белсене қатысты ма? (иә)

10.С.Датұлы 1778 жылы Кіші жүзде көтеріліс бастады ма? (жоқ)


ІІ-топ «Абылай хан» тобына берілген сұрақтар.
1.Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан аға хан тағына таласты ма? (иә)

2. Томск бекінісі 1604 жылы салынды ма? (иә)

3. Ресей қазақ хандарының ойраттармен күресін өз мақсатына пайдаланды ма? (иә)

4. Өскемен бекінісі 1721 жылы салынды ма? (жоқ)

5. Ресей үкіметі мен Әбілқайыр арасындағы жікті жамауға Тевкелев әсер етті ме? (иә)

6. 1735 жылы Башқұртстандағы көтерілісте 100000 башқұрт қазақ жеріне бас сауғалап қашты ма? (жоқ)

7.Әмірсананы Қытай императоры Цянь-лун әскер беріп, қазақ жерін басып алуға жіберді ме? (жоқ)

8. Бұқар жырау 1684-1781 жылдары өмір сүрді ме? (иә)

9. Миллер «Сібір тарихының атасы» атанды ма? (иә)

10. Е. Пугачев Кіші жүзде 1772 жылы көтеріліс бастады ма? (жоқ)

ІІІ-топ «Тәуке хан» тобына берілген сұрақтар.
1. Нұралыұлы Есім 1793 жылы хан болып сайланды ма? (жоқ )

2. Горькая шебі Ертістен Жайыққа дейінгі жерді алып жатыр ма? ( жоқ)

3. Бұқтырма бекінісі 1761 жылы салынды ма? (иә)

4. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы үш кезеңге бөлінді ме? (иә)

5. С.Датұлы байбақты руынан шыққан ба? (иә)

6. Сырым батырды казактардың тұтқынынан 1775 жылы Нұралы хан босаттырды ма ? (жоқ)

7.Үмбетей жырау Бөгенбай батырға арналған жоқтауды шығарды ма? (иә)

8.Жанақ ақын 1775-1846 жылдары өмір сүрді ме? (иә)

9.Сырым Датұлы көтерілісіне 7000 адам қатысты ма? (жоқ)

10.XVIII ғасырдың 40 жылдарының соңында кіші жүзді үш хан биледі ме? (жоқ)


ІІ . “Тарихи блиц ” ойыны
І – топ «Әбілқайыр хан» тобына берілген сұрақтар.
1. Қара сиыр деген жерде болған қанды шайқас тарихта қандай атпен қалады ? ("Қалмақ қырылған»)

2.1723 жылы жетекші хан болып кім танылды? (Әбілқайыр)

3.1771-1781 жылдары билік еткен қазақ ханы кім? (Абылай хан)

4.Тәуке ханның мирасқоры кім? (Қайып)

5. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары қай жылдар ? (1723-1727)

6.И.К.Кириллов басқарған экспедиция қай жылы жабдықталды? (1734)

7.Пана табу үшін Орта жүзге қашқан жоңғар тағының дәмеленушісі? (Әмірсана)

8.Абылайдың мирасқоры кім? (Уәли)

9.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі қай жылдары болды? (1783-1797)

10.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері қай жерде бас қосып, жоңғарларға қарсы соққы беру мәселесін талқылады? (Қарақұмда)


ІІ-топ «Абылай хан» тобына берілген сұрақтар.
1.Аңырақай шайқасы болды? (1729/1730)

2.Абылай хан жоңғарлардың тұтқынында қашан болды? (1741-1743жж.)

3.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі? (Жетісу)

4.Е.И.Пугачев көтерілісіне қай қазақ жүздері қатысты? (Орта және кіші)

5.Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына орыс үкіметінің бекініс тұрғызған жылдары? (1740-1760)

6.Тәуке хан қай жылы қайтыс болды? (1715 жылдың күзінде)

7.1845 жылы Кенесары Сарыарқадан қайда бет алды? (Ұлы жүзге)

8.1718 жылы Қазақ жерінде салынған бекініс? (Семей)

9 .Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде рухын көтерген ірі шайқастар. (Бұланты, Аңырақай)

10.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі. (Башқұрт,татар, қазақтардың қатысуы)

ІІІ-топ «Тәуке хан» тобына берілген сұрақтар.
1.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін қолдаған Кіші жүздің сұлтандары. (Ералы, Айшуақ)

2.Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді? (1675-1768)

3.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды? (1771ж)

4.С. Датұлы бастаған көтеріліс созылды? (14 жылға)

5.1706-1778 жылдары өмір сүрген белгілі жырау? (Үмбетей)

6.Абылай ханның Қытаймен жүргізілген келіссөз нәтижесінде қайтарылған жер. (Тарбағатай)

7.Игельстром жоспары бойынша шекаралық сотқа беру көзделді?(Кіші жүздегі әкімшілік билікті )

8.1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін кім

шақырды?(В.Н.Татищев)

9. «Жоңғария картасын » кім жасады? (И.Г.Ренат)

10.Петропавл қамалы қай жылы салынды? (1752)
ІІІ .«Тұлғаны таны» ойыны

1.Ол 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген, байбақты руының старшыны болған. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі. Ол Ресей патшасының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды . Орынбор генерал-губернаторына жазған хатында: «Сіздер түрлі тәсілмен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі. Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін , ханға сенбесін , сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.»

2.Ол былай деп жоңғар қонтайшысына айтқан: « Біз қазақ деген –мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз . Елімізден құт-береке қашпасын деп , жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпен басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз . Достығымызды сақтай білген елміз , асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң , біз – қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң , біз-көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз . Сен қаблан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз.Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Берсең жөн деп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!»

3.Бұл хан - хандықтың бөлшектенуін тоқтатып, бір орталыққа бағындырды . Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері. Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді. Құрылтай Күлтөбеде өткізілді. Сұлтандар билігін шектеуге тырысты . Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық үкіметті орталықтандыруға ұмтылды .Бұқар хандығымен бейбіт қатынаста болды. Қырғыздарды би Қоқым Қорашор ,Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.

IV. Сәйкестендіру тесті.
1771-1781 Аягөз шайқасы

1723-1727жж Жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды жаулап алды

1718 Тәуке хан дүние салады

1684-1781 Абылай билік құрды

1725 Бұқар жырау өмір сүрді

1715 «Ақтабан –шұбырынды,алқакөл сұлама» жылдары



V. Мәтінді толықтыр.

  1. 1715 күзде __________ қайтыс болды.оның орнын баскан ___________ хандықты әлсіретіп алды.Келесі басқарушылардың бағытының бірдей болмауынан (Кіші жүзді Әбілхайыр, орта жүзді ______________,ұлы жүзді ______________ басқарған кезде) үш жүздің бірлігі әлсіреді.

  2. Цинь императоры __________өлгеннен кейін 1723 жылы осы елмен қарым – қатынасын ретке келтірген Жоңғария қазақ жеріне қарсы шықты. Қазақ жерін талқандауға тырысқан ________ өздерінің жоспарын тезірек іске асыруға тырысты. ____________жылдары «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары болды.

  3. 1726 ж Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, ________ өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы ____________ жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен қаруланған жоңғарлардың қалың қолы қазақтардың біріккен күшіне төтеп бере алмады. «Қара сиыр» деген жерде болған қанды сайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың ____________ қолының толық жеңісімен аяқталды.

Каталог: materialy -> tarix
tarix -> Кенесары Қасымұлы (1802-1847)
tarix -> Сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов-Тәуелсіздік күрескері.»
tarix -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
tarix -> Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
tarix -> Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтардың батыр ұл- қыздарының ерлігі мен қосқан үлесі жайлы түсінік беру
tarix -> Сабақтың тақырыбы: §24. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Сабақтың мақсаты
tarix -> Бауыржан Қазақтың нар перзенті
tarix -> Xv-xviii ғасырлардағы Қазақ
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанаты Сабақтың мақсаты
tarix -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті саласындағы өзгерістер Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет