Сабақтың тақырыбы : «Банк және олардың түрлері» Топ: Қаржы-21 Өткізілетін мерзімі : 16. 11. 2012ж



Дата01.06.2017
өлшемі95,09 Kb.
#17509
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Құқық және бизнес колледжі

Бекітемін

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

___М.Б.Бекмухамбетова

«____»_______2012 жыл

«Экономика негіздері» пәні бойынша Қаржы-21 тобында өткізілетін

Ашық сабақ жоспары

Пән оқытушысы : Тукенова В.Д.

экономика және информатика

отырысында қарастырылып, бекітілген.

Хаттама № «____»_____ 2012ж

ПЦК төрайымы _____Касимова А.М.

Семей

Сабақтың тақырыбы: «Банк және олардың түрлері»

Топ: Қаржы-21

Өткізілетін мерзімі: 16.11.2012ж

Өткізілетін орыны: 522 аудитория

Қолданылған әдебиеттер:

Жолдасова Г «Экономика негіздері» 22-23 б

Осипова Г«Экономикалық теория» 55-57 б

Мақыш С «Банк ісі» 11-18 б

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Банк туралы жаңа мағлұмат беру, банктердің түрлері туралы білім қалыптастыру, сабақта алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың , жекелей, өздігінен жұмыс жасау іс-әрекеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Бәсекеге қабілетті білім негізі қалыптасқан, өмірге бейімделген ұлт жанды тұлға тәрбиелеу.

Әдісі: Сатылай кешенді түсіну, тану, қолдану, жұппен жұмыс

Типі: Білімді жүйелеу интерактивті тақта , дидактикалық материалдар.

Сабақтың алгоритмі:

Ұйымдастыру кезеңі



1.Оқушылық деңгей

2.Алгоритмдік деңгей

3.Эвристикалық деңгей

4.Шығармашылық деңгей

Қорытынды



Қ.Р. Әнұраны

Оқушыларды түгендеу



1.Оқушылық деңгей: оқушыға алдын ала тапсырма беру арқылы өз бетінше білім алу процесінде бірлесіп әрекет ету мақсаты.

Уйге берілген тапсырманы орындау. Баяндама тақырыбы «Қаржы ерекшелігі».



2.Алгоритмдік деңгей

Жаңа білімді игеру кезеңі

Кейбір ғалымдардың пікірінше,алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы,Италияның жекелеген қалаларында XIV-XVғғ. пайда болған.

XVI-XVIIғғ. Венецияда,Генуеде,Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады.Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы»тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болғандықтан,олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап,оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе,айырбастаушылар бұл салымдарды,сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп,пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп,айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады. Банк қызметтерінің қолайлығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп,сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.

Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1- бабына сәйкес, «банк-осы заңға сай банктік қызметі жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».



Банктік қызмет ол-банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

  • Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау,банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау,банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

  • Заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • Кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау,беру,қайта санау,айырбастау,ұсату,сорттау,қаптау және сақтау;

  • Аударым операциялары: Заңды және жеке тұлғалардың вексельдердің және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • Заемдық операциялар:ақы төлеу,мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

  • Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты,олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  • Сенім операциялары:сенім білдірушілердің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай,ақшасын,құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • Клирингтік операциялар:төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

  • Сейфтік операциялар:клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын,құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету,сондай-ақ жәшіктерді,шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

  • Ломбардтық операциялар:тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып,қысқа мерзімді несиелер беру;

  • Төлем карточкаларын шығару;

  • Банкнота мен монеталарды және бағалы заттар инкассациялау және жөнелту;

  • Шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

  • Төлем құжаттарын инкассоға қабылдау(вексельден басқаларын);

  • Чек кітапшаларын шығару;

  • Бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • Аккредитивті ашу,растау, және ол бойынша міндеттемені орындау;

  • Ақшалай нысанда орындалуды көздейтін,банктік кепіл-хаттарды беру;

  • Үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.



«Біздің банк қызметі» іскерлік ойын арқылы жаңа білім бойынша оқушылар өз жобаларын ұсынады, бірлесе отырып болжамдар жасап, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Коммерциялық банктердің ерекшеліктерін және халықпен жұмыс жасау түрін нарықтық экономикада алатын рөлін көрсету қажет.



Аударма әдісі

(3 тілге тән грамматикалық ерекшеліктерді шерту үшін, өзара салыстыра отырып сөздерді аудыру.Интерактивті тақтаны пайдалану)



Банк-банк-

Бәсеке-конкуренция-

Тұтынушы -потребитель

Ақша-деньги

Тауар-товар

Уақыт-время

Бағалы қағаздар-ценные бумаги

Коммерциялық банк-коммерческий банк

Банкир-Банкир

Менеджер-менеджер

Жасырын сөздерді тап

эко

Кәсіп

Бәсе

уар

пай

пания

моно

нушы

сау

кер

инф

нес

жар

ке

вал

лекет

мем

да

тұты

номика

өндір

ляция

биз

полия

өнер

юта

та

іс

ком

нама

нар

ық

3.Эвристикалық деңгей - сабақты бекіту кезеңі

Іскерлік ойын «Туған қалам Семейім»

(2 топқа бірдей плакат ұсынылады , плакатқа Семей қаласының экономикасын көтеру үшін, дамыту жолдарын жаңа кәсіби маман ретінде көзқарастарын байқаймыз)

4.Шығармашылық деңгей-сабақты қорытындылау

Тапсырма:Экономикалық домино ( жағдаяттан шығу)

1.Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік туралы қандай жаңалықтар бар?

2.Сіз бір кәсіпорында жарнама бөлімінде істейсіз және сізге осы кәсіпорын жарнамалау жүктелді .Сіздің іс-әрекетіңіз?

3.Егер сіз бір шағын кәсіпкерлік иесі болсаңыз осы Семей қаласының экономикасына қосатын үлесіңіз?

4.Кәсіпкерлік құру үшін қандай этаптардан өту керек деп ойлайсыз?

5.Болашақта қандай коммерциялық банк ашар едіңіз?

6.Сіз ауылда тұрасыз қолыңызда 5 сиыр, 65 қой бар, бірақта жұмыссызсыз, жанұяңызды қалай асырайсыз?

Қорытынды



Бағалау

Үй тапсырмасы:

  • Осипов А “Экономика негіздері” 102-115 беттер

  • Үлгіні толтыру

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет