Сабақтың тақырыбы : Батырлар жыры туралы. «Қобыланды батыр» жыры



Дата02.02.2017
өлшемі86,24 Kb.
#8560
түріСабақ
Қазақ әдебиеті 6- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры туралы.

«Қобыланды батыр» жыры.



Мақсаты: 1. Батырлар жыры туралы түсініктерін одан әрі дамыту.

2. Тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып, батырлар ерлігіне деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру

Көрнекілік: «Батырлар жыры» туралы кесте.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе жазу. Оны тыңдау, бағалау, сұрақтар қою.



III. Жаңа сабақ.

    1. Қызығушылығын ояту.

  • Көркем туындыларды көрсету, ол қандай кітаптар, не туралы екенін сұрау.

  • «Батырлар жыры » не туралы ? Қандай батырларды білесіңдер ?

    1. Мағынаны ажырату.

  • Іштей 6- беттегі мәтінді оқиды.

  • Сұрақтарға жауап іздейді.

  • Батырлар жыры не туралы ?

  • Басты кейіпкерлер кім ?

  • Қалай аяқталады ?

  • Сөздерінің ерекшеліктері неде ?

  • 7- беттегі сұрақтарды қарастыру.

«Қобыланды батыр» жыры.

Жоспар.


  • Жырды мәнерлеп оқи отыра мазмұнын айту

  • Жоспар құрып отыру

  • Қиын, көнерген сөздердің мағыналарын ашу

  • Кейіпкерлерге мінездеме беріп отыру

  • Нақтылау үшін сұрақ қою.

Үйге тапсырма 5-7 беттерді оқу, мазмұнын айту. Жоспар құру

Бекіту

Қазақ батырларының қару-жарақтарын, сауыт- саймандарын атаңдар.



Қазақ әдебиеті 6- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры.

Мақсаты: 1. «Қобыланды батыр» жырындағы патриоттық сезімдерді саналарына дарыту, бейнелі сөздерге қөңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін тереңдету.

2. Қобыланды батыр” жырындағы асыл сөз айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.

3. Оқушыларды туған жерін суюге, эстетикалық сезімін оятуға, ана тілін ардақтауға, оны қорғай білуге, адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру, оқыту.

Көрнекілік: «Қобыланды батыр» жыры туралы кесте.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Батырлар жыры туралы түсініктерін ортаға салу. «Қобыланды батыр» жырын жоспар бойынша айту, толықтыру. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, түзетеді, жауап береді.



  1. Жаңа сабақ.

-«Қобыланды батыр» жырын одан әрі оқыта отырып, жоспарды жалғастыру.

- нақтылау сұрақтарын қою.



  • Қандай кейіпкерлер қосылды ?

  • Қобыланды неге намыстанды ?

  • Қараман қандай ұсыныс айтты ?

  • Мына жолдардың мағыналарын түсіндір.

Асып- тасып екеуі

Алланы алман аузына

«Барайық десең жүр» деді

Екі батыр жөнелген

Сиынбай пірге жаңыла.


  • Тағы қандай кейіпкерлер қосылды ?

  • Бурыл ат неге басын төмен салады ?

  • Қарлыға Қобыландыға неге көмектесті, қалай көмектесті, оның ісі дұрыс па ?

  • Сөздікпен жұмыс жасау.

  • Баяндау жоспары:

      1. Тоқтарбайдың қайғысы

      2. Қобыландының тууы

      3. Естеміс ердің баулуы

      4. Қызылбас елі. Қыз Құртқа

      5. Қызыл ермен жекпе-жек

      6. Қыз Құртқаның таңдауы болған бурыл құлын

      7. Қараман батыр

      8. Ер Қазанның жеңілісі

      9. Көбіктіге шабуылы

      10. Қарлыға сұлу

      11. Еліне шапқан Алшағырды жеңуі

      12. Артық туған Қобыланды.

Үйге тапсырма 5-7 беттерді оқу, мазмұнын айту. Жоспар құру

Бекіту

Бағалау.

Қазақ әдебиеті 6- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы : Жырдың композициялық құрылымы.

Мақсаты: 1. Жырдың тілі мен ойының көркемдігін түсіндіру.

2. Тайбурылдың шабысындағы әсірелеу өрнектерін тапқызу, тарихи тақырыпқа байланыстығын дәлелдеу, елі үшін еткен еңбегін дәріптеу.

3. Оқушыларды туған жерін суюге, эстетикалық сезімін оятуға, ана тілін ардақтауға, оны қорғай білуге, адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру, оқыту.

Көрнекілік: «Қобыланды батыр» жыры туралы кесте.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қобыланды батыр» жырын жоспар бойынша айту, толықтыру. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, түзетеді, жауап береді.



  1. Жаңа сабақ.

-«Қобыланды батыр» жырын одан әрі оқыта отырып, жоспарды жалғастыру.

- нақтылау сұрақтарын қою.



  • Қандай жаңа кейіпкерлер қосылды ?

  • Бурыл аттың ерекшеліктері қандай ?

  • Қобыландының достарын атаңдар?

  • Екі батырдың шайқасы қалай деп аталады ?

  • Жыр қалай аяқталады ?

  • Мазмұнын аяқтап, қорытынды шығару

  • 38 беттегі сұрақтарды қарастыру.

1.Қобыланды қандай ерліктер жасады ?

2.Құртқа қандай қыз ?

3.Венн диаграммасын құр.

Қобыланды Қараман

4.Жыр неге үйретеді, тәрбиелік мәні қандай ?

Үйге тапсырма Батырдың суретін салу. Тайбурылдың бейнесін салу. Жырдың мазмұнын айту.

Бекіту .

Бағалау.

Қазақ әдебиеті 6- сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы : “Қобыланды батыр” жырындағы кейіпкерлер әлемі.

Мақсаты: 1. Білімділік: “Қобыланды батыр” жырындағы кейіпкерлер әрекетіне талдау жүргізу, жырдағы патриоттық сезімдерді саналарына дарыту, бейнелі сөздерге қөңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: “Қобыланды батыр” жырындағы асыл сөз айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін суюге, эстетикалық сезімін оятуға, ана тілін ардақтауға, халқының тәуелсіздігін сақтауға, оны қорғай білуге және жыр кейіпкерлері арқылы адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу, ойын арқылы тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру, оқыту.

Көрнекілік: «Қобыланды батыр» жыры туралы кесте.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Батырдың, Құртқаның және Тайбурылдың суретін салу, мінездеме беру, эссе жазу.



III.Жаңа сабақ.

Жырдағы кейіпкерлерге тоқталу. Оқушылар жырдағы кейіпкерлерді атау.



  • Досы көпті жау алмайды...”

(жырдағы кейіпкелерді атау)

Тоқтарбай Аналық Қобыланды Қараман Естеміс

Қарлыға кейіпкерлері Көбікті Қарлығаш

Тайбурыл Құртқа Алшағыр Қазан Қызыл ер



  • “Өткірдің жүзі, кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас ...”

(мақал-мәтелдер сайысы)



  • Венн диаграммасы

Құртқа Қарлыға



  • «Әдебиет лотосы» ойыны



Жырдың аты

Қазақ әдебиетінің

түрі


Басты кейіпкерлер

Жағымды кейіпкерлер

Жағымсыз кейіпкерлер

Батырлар жырының тәрбиелік мәні неде ?



















Үйге тапсырма 39-45- беттерін оқып шығу, түсіну.

Бекіту . Ойларын толықтырып, дәптерді жинап алу.

Бағалау.
Каталог: download -> version -> 1347620728 -> module -> 6197998978 -> name
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы
name -> Сабақтың тақырыбы : Батырлар жыры туралы. «Қобыланды батыр»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет