Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»



Дата27.12.2016
өлшемі344,91 Kb.
түріСабақ
Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Қ.Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»

Сабақтың мақсаты: Өлеңдегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасап, түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйренеді.

Сабақтың әдістері: Болжау, жинақтау, топтау, әңгімелесу, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, құстар суреті, плакаттар мен маркерлер                                                   

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу;

Психологиялық ахуал:       

Әрбір адам – досым,сыныптасым,

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық,бірлік, адалдық,

Әрбір сабақ – оқу, үйрену, іздену.        

Оқушыларды топқа бөлу.         

Өткен сабақтарды пысықтау

Тест орындату:

1. Диалог дегеніміз не?

         а) Өзімен – өзі сөйлесу

         ә) Екі адамның бір – бірімен тікелей сөйлесуі

2. “Ұшқан ұя” мәтіні кімнің балалық шағын суреттейді?

         а) Бауыржан Момышұлы

         ә) Бердібек Соқпақбаев

         б) Ахмет Байтұрсынов

3. “Менің атым Қожа” әңгімесіндегі Қожа қандай бала?

         а) Білімсіз, надан

         ә) Айлакер, қу, ақылды

         б) Тентек бірақ алдына мақсат қоя алатын, өз – өзіне сенімді

4. Өзінің досының сенімді екендігін әкесіне дәлелдеген қай ертегі?

         а) “Бұғышақ пен оның серігі”

         ә) “Ақыл мен Бақыт”

5. “Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?” ертегісіндегі Ананси ұрпақтарының есінде қалған қай сөз еді?

         а) Досы көпті жауалмайды, ақылы көпті дау алмайды

         ә) “Бір бас жақсы, екі бас болса бекем болар”

         б) “Отан – отбасынан басталады”

Дұрыс жауаптары: 1) Ә;     2) А;      3) Б;       4) А;         5) Ә;

Жаңа сабақ: 1 – слайд: - Суретті бір сөзбен қалай атар едіңдер?

Атап шық.



2 – слайд:  

Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын      

Балықты сүзбей

 Ұстайтын шоқып,

 Тұмсығы біздей.    (Тырна)

Сөйлесе сөзді,

Айтса ауызды,

Тынысы басқа

Маңдайы қасқа.      (Тоты)

Тоқылдатып мазаны ап,

Ағашты тазалап.

Орманды емдейді,

Зиянкесті жазалап.        (Тоқылдақ)



3 – слайд:  Біздің тақырыбымыз: «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»

Миға шабуыл: Осы құстар жайлы не білесіңдер? (постермен жұмыс)

4 – слайд:  Оқулықпен жұмыс: Әр топ шумақтан оқи отырып талдайды.

Оқыған өлең мысал ма, ертегі ме?



5 – слайд:  Дәлелдеу

6 – слайд:Автормен танысу

7 – слайд: Әр топқа сұрақ:

І - топ: Тырнаның қылығына қарап, білімін сипаттаңдар.

ІІ - топ: Тоқылдақтың мектеп мүлкіне қандай зиян келтіргенін айт.

Екі топқа ортақ сұрақ:Тотының мінез – құлқына ұқсас балаға қандай ақыл айтуға болады?

8 – слайд: Дәптермен жұмыс

9 – слайд: Сергіту сәті: ойын

10 – слайд: «Сен білесің бе?»

11- слайд: «Шығармашыл балалар» бөлімі:

  1. “Тырна мен түлкі” сахналау

  2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру

12  – слайд: Сабақты қорытындылау:

Осы құстарға ұқсас мінезді балаларға қандай ақыл айтар едіңдер?



13 – слайд: «Мен болашақта...»  гүл шоғын құрастыру

14 – слайд: «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді»

Бағалау.


15 – слайд: Үйге тапсырма: Құстарға байланысты болжамдар мен ырымдарды жазу.



Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі



ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

Сабақтың тақырыбы: «ТЫРНА, ТОТЫ, ТОҚЫЛДАҚ»



(3 СЫНЫП)

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Б.Қ.



2015 – 2016 оқу жылы
Каталог: F247AC88B66B8B30
F247AC88B66B8B30 -> Лекция Дайындаған және өткізген: Бірлестік орта мектебінің тәрбие ісінің
F247AC88B66B8B30 -> Әдістемелік бірлестік туралыереж е І. Жалпы ережелер
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық
F247AC88B66B8B30 -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебі
F247AC88B66B8B30 -> Менің арманым олимпиада чемпионы болу
F247AC88B66B8B30 -> Өткізген: Оспанова Ш. С. 2016-2017 оқу жылы Сыныбы
F247AC88B66B8B30 -> 1 оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау
F247AC88B66B8B30 -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Баянбай. «Тырна, Тоты, Тоқылдақ»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет