Сабақтың тақырыбы : Бетпақдала Сабақтың мақсаты : Бетпақдала туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері



Дата02.07.2018
өлшемі48,53 Kb.
#45773
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Санкибаева Мадина Амангелдиевна



Сабақтың тақырыбы: Бетпақдала

Сабақтың мақсаты: Бетпақдала туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

1.Аңыз туралы ұғымдарын дамыту

2.Бетпақдаланың табиғи ерекшеліктері туралы түсініктерін молайту

3.Табиғатты аялауға, қорғауға шақыру



Сабақтың көрнекілігі: слайд, жануарлардың, құстардың суреттері, бағдаршам белгілері, стикерлер, А3 форматты ақ қағаздар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, алты қалпақ әдісі

Күтілетін нәтиже: Аңыздың өмірмен қаншалықты тығыз байланыста екендігін анықтайды, жұппен және топпен жұмыс жасайды

Негізгі түйін: оқушылардың еліміз табиғатының ерекшеліктері жөнінде ойларын дамыту, жинақтау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылар, барлығымыз орнымыздан тұрайық. Әрқайсымыз өз атымызға байланысты ең жақсы теңеулерді қосып айтайық. Мысалы: менің атым Мадина Амангелдіқызы. Мен өз атыма байланысты «мейірімді Мадина» дер едім.Ал, бастайық!

Балалар, көңіл күйіміз көтерілді ме? Өте жақсы! Олай болса бүгінгі сабағымызға байланысты «Сабағымыз сәттілікке толы болсын!» деп бәріміз бірге айтайық.

Балалар, бүгінгі сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз. Саяхатты еліміздің Шу өзенінің терістігі мен Сарыарқаның арасында жатқан тылсым далаға жасаймыз. 2-минут



Саяхаттың 1-кезеңі «ой қозғау» деп аталады.

«Ой қозғау»

Біз аяқтауға жақын қалған тарау не деп аталады?

Табиғатпен үндескен тақырыптардың атын еске түсірейік, мен тақтаға автордың аты-жөнін ілемін, сендер тақырыптың атын атайсыңдар.

1.Ыбырай Алтынсарин

2.Мағзұм Сүндетов

3.Сәкен Сейфуллин

4.Кәдірбек сегізбайұлы

- Жарайсыңдар, олай болса осы тақырыптардың қайсысы үйге тапсырма ретінде берілді?

-Иә, олай болса осы тақырып бойынша түсінгендеріңді сұраймын.

Сыныпта біз төрт топ болып отырмыз. Үйге тапсырмаға берілген бөлімдерге байланысты суреттер ілемін. Осы суреттерге байланысты топтан топ басшысы шығып мазмұнын баяндайды. Қалған оқушыларға тест сұрақтарын таратамын. Сол сұрақтарға топпен бірге жұмыс жасай отырып белгілеуіміз қажет.

1-топ орманның суретіне байланысты топ басшы бөлімнің мазмұнын айтады. Тест сұрақтары:

1-топ:

1.Ақжал ненің есімі?

А.Орманшының ә.Аттың

2.Қошанның атасы кім?

А. Орманшы ә.Егінші

3.Айранды неге құйып берді?

А.Ыдысқа ә. Жанторсыққа

2-топ:

1.Арқардың мүйізінің суреті беріліп сол бойынша топ басшысы тақырыптың мазмұнын айтады.Топқа тест сұрақтары:

1. «Бұл бір біз білмейтін жай екен» деп ойланған кім?

А.Қошан Ә.Атасы

2. «Қасқырлардан қорықпау үшін керек» деген кімнің сөзі?

А.Әкесінің Ә.Қошанның

3.Атасы немересіне нені табуды тапсырды?

А.Орманда не бар екенін табуды тапсырды

Ә.Арқарға үлкен мүйіз не үшін керек екенін табуды тапсырды.

3-топ

3-топқа дүрбінің суреті қойылады да топ басшы осы суретке қатысты тақырыптан түсінгенін айтады. Топқа берілетін тест сұрақтары:

1.Қызылшағылдың жартастарының бірінде не тұрған болатын?

А.Қасқыр Ә.Құлжа

2.Құлжаның тұрысын сипаттаған жерді тап.

А. Тым кербез, тұрысының өзі ерекше салтанатты.

Ә.Жусап жатқан бір топ арқарды көрді.

3.Атасы не үшін Қошанға дүрбіні берді?

А.Сауалдың жауабын табу үшін

Ә.Орманды тамашалау үшін



4-топ:

Арқардың суреті беріледі.Топ басшысы тақырыптың мазмұнын айтады. Топқа берілетін тест сұрақтары:

1.Арқарлар қауіптің таянғанын қалай сезді?

А.Құлжаның пысқырғанынан

Ә.Қошанның дүрбісінен

2.Арқарды не құтқарып қалды?

А.Мылтық Ә.Мүйіз

3.Арқар биіктен секірген кезде жерге қалай түсті?

А. Екі аяғымен Ә.Мүйізімен

Бағалау кезінде әр топ бірін-бірі бағдаршам белгілері арқылы бағалайды.Мұғалім асықтар арқылы бағалап барады.10 минут



2.Тұсаукесер

-Балалар, саяхаттың 2-кезеңі «Суреттер сөйлейді» деп аталады

Суретпен жұмыс

-Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Табиғаттың әсемдігі неде деп ойлайсыңдар?

-Адамдар табиғатты өзгертуге әсерін тигізе ала ма?

3.Негізгі бөлім

Саяхаттың 3-кезеңі «Бетпақдала» деп аталады.

-Балалар, Бетпақдала туралы не білесіңдер? Мәлімет іздеп келген оқушылар бар ма?

-Бетпақдала туралы аңызды естігендерің бар ма?

Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» аңызы біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз болып саналады.

Тақтаға күннің жады, тақырыптың аты жазылады. Балалар, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

1.Отан –оттан ыстық

2.Туған жерге туың тік т.б.2 минут

Дәптермен жұмыс.

Мақалды диктант түрінде жазайық.



  1. «Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылар»

  2. «Жұт жеті ағайынды»

Бағалау кезінде әр оқушы жеке өзіне баға береді. Мұғалім дәптерді тексеру арқылы өз бағасын береді. Жақсы жазған оқушыларға стикерлер таратылады. Стикер алған оқушылар қолдарын көтереді. Осы арқылы санақ жүргізіліп сыныптың қатесіз жазу бойынша сапа пайызы шығарылады.6 минут

Сергіту сәті: Математикалық жаңылтпаш

Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш

Сәйкес бұрыш құрған бұрыш 3 минут

Саяхаттың 4-кезеңі «Кітаппен жұмыс» деп аталады.

Мұнда біз оқулықтағы аңызды 4-топқа бөліп алып оқимыз және топтық жұмыс жасалады. Топтық жұмыс жасағғанда біз Эдвард Де Бононың «Алты қалпақ» әдісінен өзіміздің жұмысымызға сәйкестендіре 4 түсін таңдап аламыз.Топтық жұмысқа шектеулі ғана уақыт беріледі. Топ жұмысын қорғау ерікті түрде жүзеге асырылады, яғни бір немесе бірнеше оқушы қорғауына да болады.



1-топ: Ақ қалпақ

Бізде қандай мәліметтер бар? Мәтіндегі айтылған пікірді растайтын дәлелдеріміз бар ма?

1.Ертедегі оқиға

2.»Жері байдың-елі бай»

3.Елді аузына қаратқан хан

4.Өзен жағасындағы көрініс

2-топ: Қара қалпақ

Қандай қатеге жол берілді? Оның салдары қандай қауіптерге әкелді?


  1. «Ақылгөй қарт

  2. Боз жусан тіршіліктің тірегі

  3. 3.Күтпеген сұмдық

3-топ: Жасыл қалпақ

Кезіккен қиын жағдайдан қалай шығуға болады?

1.Қарақұрт

2. «Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ашу болып шашылар»

3.Құстардың қырылуы



4-топ: Көк қалпақ

Қателер арқылы неге қол жеткізді? Біз болашақта не істей алар едік?

1.Күтпеген нәубет

2. «Жұт жеті ағайынды»

3.Жері тозып, елі босқан хан

Топтардың өз жұмыстарын қорғауы

Бағалау кезінде әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұнда эмоциялық бағалау жүргізіледі. 18 минут



Саяхаттың 5-кезеңі «Табиғатты аяла» деп аталады.

-Балалар, хан ең алдымен нені жойды?

-Жусанды жойды

-Жусанның жойылуы нендей апатқа әкелді?

-Құрт-құмырсқа, бүйі-шаян,қарақұрт пен өрмекшіге толды.

-Хан осыдан кейін нені жоюға бұйрық берді?

-Барлық жәндіктерді жойды

-Жәндіктердің қырылғаны нелерге әсер етті?

-Құстар қырылды

-Құстардың жоқ болуы қандай апатты әкелді?

-Құстарды қорек ететін тұйғын, сұңқар, жапалақ, қаршыға, лашын сияқты қыран құстар қырылды

-Көп кешікпей қандай нәубет келді?

-Тышқан мен жылан көбейді.

-Тышқандардың көбеюі қандай апатқа әкелді?

-Егістерді жайпап кетті.

-Тышқан көбейген соң даланың қайсы аңдары көбейді?

-Қасқыр мен қарсақ

-Жалпы бұрынғы әсем көрініске ие елдің табиғаты қандай күйге түсті?

-Балалар, біз табиғатты өзгерте аламыз ба екен? Өзгерістер неге әсер етпеуі қажет?

Бағалау кезеңінде әр оқушы жеке өзіне баға береді. Мұғалім асықтарды беріп қорытынды бағасын береді.3 минут



Саяхаттың 6-кезеңі «Кері байланыс» деп аталады

Көңіл гүлі

Маған ұнады



Маған ұнамады 3 минут

Үйге тапсырма беру: үйге мәтінді оқып келу, суретпен жұмыс жасау 1минут
Каталог: uploads -> doc -> 0608
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0608 -> Новобогат орта мектебінің Өзін-өзі тану мұғалімі Жумаева Ләззат Орынғалиқызы
0608 -> Сабақтың тақырыбы: «Ойын сабақ»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет