Сабақтың тақырыбы : «Денсаулығымызды дәрі-дәрмексіз нығайтайық»



Дата01.04.2017
өлшемі263,05 Kb.
#12908
түріСабақ
Бекітемін:

Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев



Сабақтың тақырыбы: «Денсаулығымызды дәрі-дәрмексіз нығайтайық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дені сау адамдарды салауатты өмір салтын ұстана отырып, денсаулығымызды дәрі дәрмексіз қалай нығайтуға болатындығын түсіндіріп, жастарды өзіндік және қоғамдық денсаулықты қалыптастыруда белсенділікке үйрету.

Тәрбиелігі: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Ашық сабақ

Көрнекілігі: буклеттер, плакаттар, слайд, жеміс-жидектердің муляждары.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.

Жалпы медицина дегеніміз - (дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Өткен тақырыбымызда біз медицинаның даму тарихын оқи отырып, әйгілі Гиппократ анты жөнінде де толық мағұлмат алған болатын быз. Ендеше сол тақырыптан түйгенімізді пысықтай отырып, қайталау сұрақтарына жауа берейік. Ең бірінші тақтада ілініп тұрған теректегі стикерлерді алып, ондағы жасырынып тұрған сұрақтарға жауап берейік.

  1. Медицицна дегеніміз не?

* (дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу;

2. Медицина ғылымында елеулі із қалдырған энциклопедист-ғалымдарды ата?

* Әл-Фараби, Әбу-Мансұр,  Қожа Ахмет Ясауи,  Мұхаммед Хайдар т.б.

3. Медициналық эмблеманы ажыратып ал және оның таңдалу себебін, тарихын айтып бер.

* Жалпы медицина кәсібін, оның ішінде кейбір бағыттарын және жекелеген медицина мамандықтарын білдіретін нышандар. Негізгі кең тараған медициналық эмблема асатаяққа, тостағанға , шыраққа оратылған жылан бейнесі. Жыланға табынушылық пайда болғаннан кейін, оған екі түрлі мағына берген - зұлымдық және мейірімділік: бір жағынан арамдық пен қулықтың, екінші жағынанақылдылық, білімділік, өлместің мәңгі белгісі ретінде есептелген.

4. Әйгілі Гиппократ заңы

* Гиппократ  – ежелгі грек дәрігері. Ол Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді, Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.ю

5. Кез келген дәрігер Гиппократ жайында білуге міндетті 4 аспектісі.

* 1. Гиппократ антын, 2. Гиппократ маскасын,

3. Гиппократ шапкасын, 4. Гиппократ темпераменттерін.



6. Гиппократтың өмір сүрген жылдары?

* Гиппократ біздің эрамызға дейін 460-370 жылдары өір сүрді.


ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы:

«Денсаулығымызды дәрі-дәрмексіз нығайтайық»

«Ой шақыру» (1-2мин видео арқылы тақырыпты айқындап алу)

Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады

Жалпы денсаулық өзі 6 аспектіден тұрады:

а) физикалық денсаулық.


б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
в) жеке.
г) рухани денсаулық.
д) эмоционалды денсаулық.
е) әлеуметтік денсаулық.

  1. аспекті туралы мағұлмат

1.ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
2. ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.
3. ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.
4. РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.
5. ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.
6. ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).

Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар. Дәрі- дәрмек қолдану, екпе яғни укол қолдану біздің денсаулығыызды бір сатыға дейін жоя беретініне ешкімнің таласы жоқ Жалпы әр адамда Имунитет деген бар.

Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік  организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.  Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды.

Алайда имунитетімізді сақтай отырып, денсаулығымызды қалай нығайтуға қалай болады?

Бұрынғы ата-бабаларымыз осы қазіргі дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмек болмаған жағдайда, денсаулықтарын шұбат, қымыз, айран, сүзбе тағысын тағы сияқты тағамдармен, емделген, яғни сүт тағамдары. Ал қазіргі уақытта біз осы ата бабаларымыздың жолы арқылы таза, қоспасыз тағамдарды күнделікті өмірімізде пайдаланамызба? Сүтті тағамдардың пайдасы жөнінде қандай мағұлматтар білеміз?!

Сүт өнімдері, яғни шұбат, қымыз, айран, сүзбе, құрт – басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт және оның өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді. Сүттің жоғары коректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: бір литр сүт құрамындағы белок мөлшері – 150 г., ол сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белоққа тең.

Бұл сүт тағамдары арқылы, дәрі дәрмексіз емделу екен ал Дәрілік шөптер арқылы біз өз денсаулығымызды қалай нығайтамыз?



Шалфей(сәлбен) - Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады.

Череда(итошаған) - дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады

Алоэ - Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады.

Ромашка (түймедақ) – ангина, ауыз қуысының ауруларында, асқазан-ішек жараларында қолданылады.

Күлгін ағаш – бұл аллергиялық ауруларда қолдануға болады. Сусабын ретінде пайдаланылады.

Қызыл май - тыныс алу жолдарына, урологиялық ауруларда қолданады. Құрамы итмұрын, шырғанақ шөптерінің жапырақтары.

Адам баласы өз денсаулығын сақтау үшін, иммунитетін қалыпты ұстау үшін, дәрі-дәрмекті көп өлшерде пайдаланбау тиіс. Ол үшін күнделікті тағам түрлері де кейбір ауру түрлеріне көмектеседі екен.









Денсаулығымызды нығайтудың тағы бір жолы, ол әуенмен емделу. Әуенмен емдеу құпияларын ашу - әркім үшін мықты денсаулыққа және өмір жасының ұзақтығына апаратын шынайы жол. Әуенмен емдеу жолы адамдарды созылмалы аурулардан арылтады, жедел өтетін ауруларды, жүйке күйзелістері мен невроз сияқты ауруларды емдеп-жазуға көмектесе алады.
Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? 
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 

Жаңа сабағымызды пысықтауымыз үшін тапсырмалар орындайық.

1 тапсырма тақтамен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу. Мандарин сөзіне мағұлмат беру.

Биологиялық диктант. 1. ____________ латынша арылу, күшею деген мағынаны береді. 2. Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде ___________, _____________ т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. 3. ____________ табиғаттың ең қымбат сыйы.

4. ____________ адамның бүйректеріне өте ұқсас. 5. ___________ тыныс алу жолдарына, урологиялық ауруларда қолданады.

2 тапсырма «Сіз білмейтін қызықтар» дәптермен жұмыс. Слайдта көрсетілген мәліметті назарға ала отырып, Сәйкестендіру кестесін толтыру.

Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері, қабығында – эфир майы болады. Лимон жемісі тұрмыста аспаздықта кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, мармелад, джемдер, шараптар, түрлі иістендіргіштер жасалады. Суық тигенде лимонды шайға салып ішеді. Сонымен қатар лимон шырыны косметикада да қолданыс тапқан. Оның шырыны теріні тазартып, ағартатын қасиетке ие.

Грек Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, өкпені тазалап, ішекті дымқылдандырады және дене әлсіздігіне, бел сыздап ауырғанда, бас айналып, құлақ шыңылдағанда да пайдалы. Ол үшін жаңғақ дәнінен 600 грамм, қара бұршақтан 300 грамм талқандап, балға араластырып, күніне 2 реттен ішеді.

Шабдалы - Ароматерапевтердің зерттеуі бойынша шабдалы адамды күйзелістен құтқаратын, көңіл-күйді көтеретін, ойлау және есте сақтау, зейін аудару қабілеттерін арттыратын адам денсаулығына пайдалы дәрмек. Ал Қытай ғалымдары шабдалы өмірді ұзартатын ең тиімді жеміс екенін дәлелдеген. Жүрек бұлшық етін нығайтады, Асқорытуды жақсартады, Иммунитетті көтереді.

Банан – Көңіл-күйді реттейтін В6 дәрумені басқа жемістерге қарағанда бананда көп болады.

Қызығы - банан диетасы да бар. Алайда оның нәрлілігі картопқа қарағанда бір жарым есеге көп. Егер бананды кептірсе, калориясы 5 есеге дейін өседі.

Сондай-ақ, оның құрамында калий болады. Ол адамның қалыпты қысымда жүруі үшін өте қажет. Сонымен қатар, калий жүрек бұлшық етін қатайтады. 

Сүт өнімдері – кальций

Газдалған су – Артық салмақ, тіс кариесі... Сәйкестендіру кестесі.


3 тапсырма «Баяндаушылар» 2 сөздің мағынасын ашу.

Оң жақтау «Денсаулық зор байлық»

Сол жақтау «Өмірің өз қолыңда»
IV. Сабақты бекіту.
Әдісі: «Мина» ойыны және сергіту сәті

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Ортаға сұрақтар жазылған қағаздар тасталады. Бір оқушының көзі байланып ортадағы қағаздардан аттап өту керек. Аяғы тиіп кеткен қағазды алып, сұраққа жауап беру керек, солай кезектесіп береді. (Сұрақтар)


Сабақты қорытындылау: (мына 2 қорапқа алдымызда берілген, заттардың қайсысы денсаулығымызға пайдалы және зиянды екенін ажыратып, тиісті қорапқа салайық)
V. Оқушылар білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында шағын шығарма жазу.

VІІ. Қорытынды

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. 
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер. 

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Ел, жер аман болса, сіздер де, мен де аман, оқушылар. Осымен сабағымыз аяқталды.
Каталог: uploads -> doc -> 0ddf
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ddf -> Сабақ: информатика Мектеп: Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясы Күні
0ddf -> Атаулар Тәжірибе Құбылыстар Заңдар Көмекке келетін жұмбақ Сиқырлы кубик Капитандар сайысы Атаулар 1


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет