Сабақтың тақырыбы : Әбділдә Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаты



Дата13.02.2017
өлшемі164,52 Kb.
#9212
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі:________Жармуханов А.К

Күні: 09.12.2015

Сынып: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Әбділдә Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Әбділдә Тәжібаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Толағай» ертегісі жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың әдеби және көркем ой-пікірін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сөздік, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы:


Сымайыл, Зәмзәм

ІІІ..Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдеби ертегілер. Әбділда Тәжібаев «Толағай» (ерлік туралы аңыз)

Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.

Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.





Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.

  • 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

  • 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

  • Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

  • Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

  • Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.

  • «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған

  • «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.

  • Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.




Мазмұндау жоспары

 «Толағай» әдеби ертегісін құрылысы




1. Ерекше өскен Толағай
2. Толағайдың жолбарыспен
айқасы
3. Елі үшін құрбан болған Толағай.


Басталуы. Саржан атты мерген болуы
Дамуы. Толағайдың дүниеге келуі
Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасуы
Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы
Шешімі. Еліне жауын жаудыруы
Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.

Ертегінің тақырыбы:

Ерлік туралы,Ерлікті дәріптеу.



Ертегінің идеясы:

Отан үшін,ел үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек,ниет.





Дерек:Толағай тауы- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы..Қалбатауының бір бөлігі.Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.


Ертектегі Толағай Шығайы өмірдегі Толағай
Сөзмаржан

Отыз күндік мереке-қазақта үлкен қуанышты ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. «Отыз күн ойын, қырық күн тойы» деген сөз содан қалған

Жай оты-найзағай

Сұсы басты-айбатынан сескенді

Еткен еңбек ұшты желге- пайдасы болмады, зая кетті.

Егілмеген-жыламаған.
Тапсырма: Ертегі туралы ойларын дәлелдеп жазу.

Әңгіменің аты:

Толағай

Жаныры:

Әдебие ертегі

Оқиға болған орын:

Ертіс жағасында

Оқиға болған уақыты:

500 жылдар шамасында

Кейіпкерлер:

Әкесі- Саржан,Шешесі -Айсулу, Баласы-Толағай

Ертегінің тақырыбы:

Ерлік туралы,Ерлікті дәріптеу.

Ертегінің идеясы:

Отан үшін,ел үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек,ниет.

Толағайдың портреті:

Кере қарыс,ақша маңдай,

Күн нұрынан жаралғандай,

Көзі түскен таңғалғандай

Туған айдай екі қасы,



Ақ тістері-ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.




Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған? Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді деп ойлайсың?

  2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

  3. Шығарманың мазмұнын ,ақынның айтпақ ойын өз сөзіңмен әңгімелеп бер

  4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.

  5. Ертегінің қысқа мазмұн-жоспарын құр.

  6. Толағайды әдебие кейіпкер ретінде сипатта (дүниеге ерекше болып келіп , бөлекше өсуі, портреті, мәнез-құлқы, адамгершілік сезім –қасиеттері, ерлік істері, ел есінде сақталуы. )

  7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда-жалда жұрт күйзелсе, сен не істер едің? Жазбаша жауап жаз

  8. Толағайды бұрын оқыған ертегідегі кейіпкерлермен салыстыр


VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.



2.Толағайды оқып мазмұндау.


Каталог: uploads -> doc -> 0713
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0713 -> Сабақ барысы׃ I.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай»
0713 -> Оқырман конференциясы Өткізген кітапханашы: Тыныбаева а кештің мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет