Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби



Дата31.12.2019
өлшемі16,53 Kb.
#53936
түріСабақ
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- Фараби

Сабақтың мақсаты : а) Әбунасыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;



б)екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың жұмысы: мәнерлеп оқу, талдау, өздік, топпен.

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың технолог: СТО стратегиясы

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Оғыз қаған жырын мазмұндау.

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

  2. Әл-Фарабидің өміріне кесте құру

870 жыл

Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген.

Толық аты-жөні

Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан

Әкесінің аты

Ұзлағ

Арғы атасының аты

Тархан

Туған жері

Ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады

Қазіргі атауы

Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Ғалымды

Әл-Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезде-ақ, Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған

Білімі

Ол он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды.

Еңбегі

Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.

Әл-Фарабидің «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Логика», т.б. еңбектері бар






Кітаппен жұмыс:

Әл-Фараби шығармаларын оқиды.

«Қашықтасың, туған жер - қалың елім,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен, жанарым талды менің,

Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмәй жылдарым жәтыр әғып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

0, Жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

* * *

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.


Кітаппен жұмыс:

Әл-Фараби өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.

Өрге жүзген// өнегелі ісімен, 1 шумақ

Танда адал //дос теңіңнің ішінен. 4 тармақ

Жүргендер көп// достық атын малданып, 8 бунақ

Алайда тек// қәлма оған алданып. 11 буынды


Топтастыру кезеңі

Музыка математика


Әбунасыр айналысқан ғылым салалары

Логика


философия

астрономия әдебиеттану



Білімді бекіту :


Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма

Әл-Фараби өлеңдерін жаттап келу.

Сабақты бағалау




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет