Сабақтың тақырыбы : «Әңгімедегі Бала Шоқан»



Дата05.06.2017
өлшемі54,33 Kb.
#17790
түріСабақ
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «В»
Күні:____________
Сабақтың тақырыбы
: «Әңгімедегі Бала Шоқан»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқан Уалихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру; Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу;
Тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, салалылыққы тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау, шығармашылық және репродуктивтік, топтастыру, эвристикалық әдіс;
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың портреті, қима қағаздар, салыстыру кестесі, интерактивті тақта;
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, математика;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Отырыңдар.

- Кезекшімен сөйлесу:

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кім жоқ?

- Үйге қандай тапсырма берілді?


- Оқушыларды екі топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Сапарғали Бегалиннің өмірбаянын оқу, «Бала Шоқан» әңгімесін оқу
«Білмеу ұят емес» әдісі
1.
Сапарғали Бегалиннің туған жері
2. Бала Шоқан әңгімесінің авторы
3. «Бала Шоқан» әңгімесі кім туралы жазылған?
4. Шоқанның әжесінің есімі
5. С. Бегалиннің туған жылы
6. «Бала Шоқан» әңгімесіндегі сары баланың есімі

III. Қызығушылықты ояту:
Кіріспе әнгіме:
Балалар, Шоқан Уалиханов 1835 жылы Қостанй облысында Құсмұрын деген жерде туған. Ол ғалым, суретші, қазақ тарихын және өнер зерттеушісі, этнограф, географ, тарихшы, саяхатшы, жазушы, ақын. Осы көрмеде Шоқанның суреттері бар. Шоқан қазақ халқының тарихын ғана емес, басқа – қытай, қырғыз, дұнған, ұйғыр халықтарының тарихын зерттеген.
Ал енді, біз, қазір «Бала Шоқан» әңгімесін әрі қарай жалғастырып, тереңірек оқып талдаймыз.

1.«Ой жинақта »әдісі . Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құрылып,реттік сандары ауыстырылып,оқушыларға ұсынылады.Оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша жоспар тақырыптарын дұрыс орналастыру керек.

Мына жоспарды дұрыс орналастыр:

1.Жасқаншақ Мысық.

2.Өнерді сүйген Шоқан.

3. Қайырымдылық.

4. Мүсінші Мысық.

5.Уәде еттің,орында.

Дұрыс құрылған жоспар слайд бойынша көрсетіліп,оқушылар өздерін тексереді.

1. Мүсінші Мысық.

2. Жасқаншақ Мысық

3. Өнерді сүйген Шоқан.

4. Уәде еттің,орында.



5. Қайырымдылық.

2. «Ақиқат пен жалған» әдісі
1 топ.

Тұжырым

ақиқат

жалған

Шоқанның әкесінің аты - Сапарғали




+

Сары баланың есімі - Мысық

+




Сары бала ойыншықтарын балшықтан жасаған.

+




Шоқанның інісі Жақып тәртіпті, ақылды бала болған.




+

Кәмила –ол Шоқанның анасы




+

Айғаным- Шоқанның әжесі







Шоқан Мысыққа берген уәдесінде тұрды

+




2 топ.

Тұжырым

ақиқат

жалған

Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалды

+

+

Шоқанның әкесінің аты - Сапарғали




+

Шоқан сары баладан ойыншықтарын сұрағанда ол бірден берді




+

Шоқанның інісі Жақып тентек, бұзақы бала болды

+




Шоқан Мысыққа өз киімдерін берді

+

+

Айғаным- Шоқанның әжесі

+




Шоқан Мысыққа берген уәдесінде тұрған жоқ




+

3. «Зерделі сұрақ,ұтымды жауап». Сұрақтарға жауап беру.

1 топ.«Ә,жарайды,бара ғой,екі айтпаған жақсы»,-деді. Бұл сөздерді кім айтты?


2 топ. «Шоқан-ау, мынауың кім? Қайдағыны қасыңа ертіп, үсті басы немене, қасына жоламашы»,-деді. Бұл сөздерді кім айтты?

4. Тақтамен жұмыс
1 топ
Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерді жазу.
Шоқанның бойындағы асыл қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік, уәдеге беріктілік, білімділік, шеберлік, зеректік, мырзалық, жанашырлық, қайырымдылық, жылылық, аяушылық, достық, суретшілік;
Шоқанның мысыққа жасаған жақсылықтарын жазу.
Шоқанның мысыққа жасаған жақсылықтары: үйіне ертіп барды, Жақыптан қорғады, үрейін басты, тамақ берді, киімін бергізді, уәдесінде тұрды;мысықтың еңбегін бағалады.

5. «Ментальді карта» әдісі
«Бала Шоқан» тақырыбы жазылған парақ таратылады.Аталған тақырыпта оқушылар жалпы түсініктерін жазып, басқа топпен салыстыра отырып, тақтаға шығып қорғайды,.


IV. Мағына тану:

6. «Бортовой журнал» әдісі

Мен бұл тақырып бойынша не білемін

Мен бұл шығармажан не білдім







7. Математикалық ойын.

1) Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(100-70)-25 = 5

2) Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?


(57-50)+(7+14) = 18

3) Шоқан неше жасында дүниеден өтті?


(250-200)-20 = 30

4) Ә. Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?


(100 х 3)-(10 х 15) = 150

V .Рефлексия:
8. Венн диаграммасы.

Шоқан мен Жақыптың іс-әрекеттері арқылы мінездерін салыстыру.


1 және 2 топ


Шоқан

Ортақ қасиет

Жақып










9. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі


Осы әдіс бойынша топтық жұмыс жасалынады.
Парақтың бір бағанасына шығарманың әсер еткен тұсын жазып, екінші бағанасына не үшін әсер еткенін жазады. Сынып алдында жұмыстарын қорғайды.

Шығарманың әсер еткен немесе ұнаған жері

Не үшін әсер етті? Себебі қандай?







Сергіту сәті:
«Ол қандай мамандық?» ойыны.
1 топ.
Ал – ғым - ғалым
Лорист – лькоф – фольклорист
Шіре – тсу – суретші

2 топ.
Шыжа – уз - жазушы


Его – граф - географ
Қн – аы – ақын


VI. Үйге тапсырмасы : «Ғалым Шоқан» тақырыбына шағын эссе жазып келу


VII. Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 05b1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b1 -> Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағындағы Қ. С. Е
05b1 -> Сабақтың тақырыбы: Мен менің досым. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет