Сабақтың тақырыбы: § Ежелгі Вавилон Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі77,22 Kb.
#18748
түріСабақ
Бекітемін: МДОІЖО Г. К. Ибрашева

Күні: 22. 09. 2016 ж 6 класс пәні:Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон

Сабақтың мақсаты: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне айналғаны жайлы айту.

Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы баяндау.

Дамытушылық: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше кесте толтырту, тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Карта,

Сабақтың жоспары:

  • Вавилонның өрлеуі

  • Хаммурапи туралы мәліметтер мен заңдары

  • Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.

  • Семирамида аспалы бағы

  • Вавилон мұнарасы


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші есебін тыңдап, оқушылардың көңіл күйін бағдарлау, сабаққа назарларын аудару

«Шаттық шеңберін» құрып көңіл күйін көтеру

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

  • Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.

  • Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.

  • Қосөзен қалаларының бірігуі.


Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.

2. Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге «Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.

Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала тұрғынының әңгімесі..

Вавилонның өрлеуі

Бабыл (Арабша: بابل,) немесе ВавилонВавилония – [1] ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды.

Урдың III əулетінің билігі кұлағаннан кейін Қосөзенде ұзақ уақыт қырқысу соғыстары болып тұрды. Елдің оңтүстігінде Элам өктемдігі басымдау болса, солтүстіктен ассириялықтар шапқыншылықтар жасап отырды. Осындай жағдайда басқа қалалардың ішінде ерекшелене бастаған Вавилон қаласы болды. Аккад тіліндегі бабилу -құдайға барар қақпа деген ұғымды білдіреді. Өйткені қала керуен жолдарының қиылысқан жерінде орналасты. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері де Вавилонарқылы шектесіп, түйісіп жататын. Бұның бəрі Қосөзеннің басқа қалаларының арасында Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Оның артықшылығы, əсіресе Хаммурапи атты билеушінің тұсында айқын көрінді.

Ежелгі Вавилон шумерлердің ескі Кадингир қаласының орнында пайда болды. Вавилон туралы алғашқы рет аккад патшасы Шаркалишарри дың (б.з.б XXIII ғасыр ) жазба деректер інде айтылған. Б. д.б. XXII ғасырда Вавилон шумер патшасы Ур жаулап алды, кейін барлық Месопотамияны биледі

Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.



Хаммурапи туралы мəлімет

Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына бағындарды. Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.

Суретте ақ сақалды, басында сəлдеге ұқсас бас киімі бар Күн құдайы бейнеленген. Ол салтанатты тақта отыр. Екі иығынан сəуле шашып тұр. Оң қолында биліктің асатаяғы мен заңдар жинағы. Күн құдайы бұларды Хаммурапиге ұсынып тұр. Хаммурапи оның алдында сол қолымен тағзым ете кеудесін басып, тікесінен тік тұр.

Ғалымдар заңдар жинағын 282 бапқа бөлген


ұрлық, тонау, қашқан құлдарды жасырғандары үшін – өлім жазасы.

  • Шығынды өтеу, әрбір вавилондықтың өз жұмысына мұқиятты қарауы

  • Төменгі топтағы адамдардың жағдайы

  • Құлдарға зат ретінде қарау, оны сатуға және сатып алуға болады.

  • Егер де адам қарызын қайтара алмаса, онда оның 3 жылға кепілдікке баласын, қызын немесе әйелін беруге болады.

  • Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы

  • Некелесудің, бала асырап алудың ажырасудың, мұрагерліктің ережелері бекітілген.

  • Әр түрлі төлемдердің бағалары  нақты белгіленген (емшілерге, зергерлерге, құрылысшыларға)


Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.

Хаммурапи қайтыс болғаннан кейін жүздеген жылдар өтті. "Вавилон" жері ұзақ уақыт Ассирияға бағынышты болып келді. Ал б.з.б. VII ғасырда "Вавилон" тəуелсіздігін алып, қайта гүлденді. Ол, əсіресе б.з.б. 604 - 562 жылдары билік еткен "Навуходоносор" патшаның кезінде көркею шегіне жетті. Оның билігі кезінде "Вавилон" ең əсем қала ретінде бүкіл əлемге əйгілі болды.



Семирамида аспалы бағы

Алыстан шағын ғана көгілдір жазық бұлдырап көрінеді. Бірітіндеп жақындай келе жолаушы оның жер мен көктің арасындағы əйгілі "Аспалы бақ" екенін көріп, таңдана да, тамсана да қарап қалатын. Одан көз ала бере жолаушы қаланың биік қамалының ар жағынан көкке таласа өрлеп тұрған зəулім мұнараны көреді. Бұл екі көріністен көңілі қамшы басқан оның алдынан үлкен канал кездеседі. Бұл - суы қамалды қоршай ағып, қаланы жаудан қорғап жатқан əрі терең, əру кең канал. Қала қамалын айнала жүрген адам, оның жүз қақпасы бар екенін көретін еді.



Вавилон мұнарасы

«83 Су-лу-ку жылының Кис-лимму айының 26 күні» деген уақыт көрсетілген. Біздің жыл санауымызға бүл «б.д.д. 229 жыл, 12 желтоқсан» деп аударыла-ды. Құжатта қүрылыстың барлық жеті бөлігінің өлшемдері келтіріледі. Іргетастық төменгі бөлік 300/300 фут (1 фут = 0,305 м), яғни 10 мың шаршы ярд (1 ярд = 0,91 м) шамасында болса, биіктігі 110 фут бола-ды. Жогарғы жеті бөліктің ұзындығы — 80, ені — 70, биіктігі — 50 фут болған. Ғимараттың жалпы биіктігі 300 футқа жақын, сондықтан жазық кеңістікте ғимарат 60 миль жерден көрінген.


«Вавилонда 53 ғибадатхана болған. Ең үлкені, танымалы 7-қабатты «Вавилон мұнарасы» еді. Мұнараның ұзындығы мен ені 90 м; төбесіне Мардук құдайдың салмағы 23 700 кг мүсіні орналастырылған. Мүнараны парсы патшасы Ксеркс қиратқан»

Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:

· Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өз ойларын айтады.

IV. Сергіту сәті «қара жорға биі»

Ү. Жаңа сабақты пысықтау

Вавилонның өрлеуі

Хаммурапи туралы мəлімет

1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс істеймін.

Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең еделгі заң үзінділерінде былай делінген:

186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз әкесі мен шешемін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен шешесін үйіне қайтып бара алады.

188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне үйретс, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа тартылады.

Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды білдіріңдер.


ҮІ. Cабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақты қорыта келе сіздер не білдіңіздер?

Әлемнің жеті кереметіне жататын «Аспалы бақ» және «Вавилон мұнарасы» туралы мәлімет алдыңыздар. Вавилонның өрлеуі , Хаммурапи туралы мəліметке де қанық болдыңыздар деп ойлаймын.


Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

Ежелгі Вавилон тақырыбын мазмұндап келу және әңгіме құрып келу




Ш. Берсиев атындағы орта мектеп


Ашық сабақ

6 класс
Өткізген: Әділова Ғайни Нағиқызы

2016-2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 07bd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07bd -> Сабақтың тақырыбы: хіхғ ІІ жартысындағы Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі
07bd -> Сабақ №21 Мерзiмі 08. 02. 16 Тақырып Мөлдір бұлақ жасыл құрақ Құндылық қиянат жасамау
07bd -> Әдебиеттік оқу Кімнің мекені жақсы? Қызығушылықтарын ояту
07bd -> Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі өнеге тұту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет