Сабақтың тақырыбы : Ғ. Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»



Дата02.07.2018
өлшемі14,2 Kb.
#46189
түріСабақ
Ай – күні----------------------- Сабақ--------------------Сынып-----------------------------

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі, сөз өнерінің алыбы Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, «Автобиографиялық әңгімесін» оқып, әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өзіндік ерекшеліктерін меңгерту; -ә) оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу; -б) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін , сөздік қорын дамыту;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау, сын тұрғысынан ойлау;

Сабақ көрнекілігі: Ғ. Мүсірепов портреті, Б. Өтетілеуов портреті, карта, хранологиялық таблица.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, география.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушы назарын жаңа сабаққа аудару.

Өткен тақырыпты еске түсіру. М. Әуезовтың өмір сүрген жылдары. Туған жері. 3.М. Әуезовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Жаңа сабақ. Ғ. Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Кіріспе. Ғ. Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келді.Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашақ жазушының әдебиетке құштарлығын осы мектепте орыс тілі мен орыс әдебиетінен сабақ берген ақын, әрі педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды. Оны өзінің «Автобиографиялық әңгімесінен» де оқуға болады. Пресногорьков училищесін 1921 жылы тамамдайды. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшылар факультетіне оқуға алынады. Бұл тұста ол орыс әдебиетінен білімін байыта түседі, орыс классиктерінің ( Л. Толстой, А. Чехов, Н. Гоголь, М. Горький) шығармаларын айрықша қызығып оқиды; «Едіге» деген қысқа әңгімесін 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялайды. «Рабфакты бітірер кезде жазу талабы менде ояна бастады»,-дейді жазушы өзінің өмірбаяндық әңгімесінде. Шығармалары: «Тулаған толқынды», «Өмір ертегісі», «Көк үйдегі көршілер», Талпақ танау», «Шұғыла»,ана туралы новеллалар(«Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», « Ана кесімі айнымайды» т.б.) Б.Майлинмен бірге жазған «Аманкелді» пьесасы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы, «Боранды түнде», «Қазақ солдаты» романы т.б.

Ғ. Мүсіреповтың «Автобиогрфиялық әңгімесін» оқу.

Сұрақтар мен тапсырмалар.



  1. И. А. Крылов мысалдарын қазақшаға аударған тағы қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

  2. Жазушының ұстазы Б. Өтетілеуов туралы сенің пікірің қандай? Оның жақсы ұстаз екенін неден көруге болады?

  3. Жазушы неліктен өзін оқытқан ұстаздарын, оқыған мектебін зор алғыс сезіммен есте сақтады деп ойлайсыңдар?

  4. Ұстаз туралы қандай ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер білесіңдер?

  5. Әңгімеде суреттелген ХХ ғасырдың бас кезіндегі ауыл өміріне , бала оқытуға жалданған молданың тұрмыс күйіне ой жіберіп, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Жаңа сабақты бекіту: сұрақ-жауап.

Үй тапсырмасы: «Жапон балладасын» оқу.



Оқушы еңбегін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 01f6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01f6 -> Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет