Сабақтың тақырыбы : Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Сабақтың мақсаты



Дата10.06.2017
өлшемі291,22 Kb.
#18568
түріСабақ
Сабақ жоспары :                                                                                 «Бекітемін»

                                                                                                       Оқу ісінің меңгерушісі

                                                                                                        «_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып :

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен

белгішелерді құру. Атын өзгерту.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды файлдар, бумалар және белгішелерментаныстырып, оларды ұйымдастыруға, құруға үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар бумалар мен белгішелерді құруыкерек.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға файлдар, бумалар және белгішелерді құруды көрсету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

Жаңа сабақ

       Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

                                     Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсчіндіру.

Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:

Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.

Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.



Буманы құру

               Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруыңа болады.

Жарлық құру

            Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.



  1. Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.

  2. Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить          Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.




Нысандардың атын алмастыру

          Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.

        Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.

Бекіту:Тапсырма: Бумалар мен белгішелерді құрып тінтуірдің оң батырмасын шертіп жұмыс үстеліне өзіміздің атымызбен жаңа бума құру.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.



Сабақты қорытындылау: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 110e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
110e -> Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен оның шығармаларын кеңінен таныту, сол арқылы болашақ қазақстандықтардың өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру мақсатын
110e -> Қауымдастықтың 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
110e -> Тақырыбы: «Жыл басы Наурыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет