Сабақтың тақырыбы : Қыс келді сабақтың мақсаты: Білу және түсіну. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту



Дата15.09.2017
өлшемі61,77 Kb.
#32975
түріСабақ
91 ЖББОМ, Қарағанды қ.

Қазақ тілі мұғалімі

Мырзагулова Г.Ж. және Өмірбекова Ж.



Қазақ тілі 3-сынып

күні:

Сабақтың тақырыбы:   ҚЫС КЕЛДІ

Сабақтың мақсаты:

Білу және түсіну. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту;

Қолдану. Мәтінмен жұмыс атқару, мәтінді қолдана отырып, сөйлеу тілдерін дамыту;

Жинақтау /бағалау. Тақырып бойынша әр түрлі тапсырмалар түрін орындауды бақылау

Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиясы, сұрақ - жауап, талдау -

жинақтау.



Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

Көрнекілік: қыстың суреті, кеспе қағаздар, слайд,

өзін-өзі бағалау парағы.



Ұйымдастыру формасы: жұппен, жеке жұмыс.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Түгендеу.

Кезекші мәлімдемесі

Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер).



Психологиялық жағдай құру

-Ал, балалар сабағымызды бастамасы бұрын орынымыздан тұрып, бір сергіп алайық!

(балалар бір-бірлеріне қарап, қолдарынан ұстап, келесі өлең жолдарын айтады)

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Тіл дамыту кезеңі.


- Қазір қай сабақ?

- Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?

-1 жылда неше ай бар?

-Ал, 1 жылда неше мезгіл бар?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыстың қай айы?

- Бүгін нешесі?

- Үй тапсырмасы кемпірқосақтың түстерін жаттап келу болатын. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Бинго» ойынын ойнайық. Яғни, қазір мен сіздерге парақшалар таратам бұл парақшалардағы түстердің атауларын жазасыңдар.

Бірінші болып жазған бала «Бинго» деп қолын көтереді. Алғашқы бес бала оқиды.



Қызыл







Голубой

Қызғылт сары







Синий

Сары







Фиолетовый

Жасыл




Сабаққа назарын аудару.

-жақсы, балалар, қазір мен Сіздерге бейне ролликті көруді ұсынамын.



Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті-басы – ақ қарау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

  • Бейне ролликті қалай атауға болады? -Ендеше, балалар,бүгінгі тақырыбымыз «Қыс келді» деп аталады.

Сабағымыздың мақсаты: ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП, жаңа сөздермен танысып, сұрақтарға жауап беру.
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық! Үй жұмысы мен сынып жұмысының арасынан екі жол қалдыруды ұмытпайық.
-Балалар, қыс дегенде Сіздерде қандай ассоциация пайда болады? (кластер)

ақ

қар әдемі

ҚЫС


Жаңа жыл 3 ай


шана,

Аяз Ата суық, ұзақ

коньки


  • Енді, жаңа сөздермен танысайық

Ең суықсамый холодный

Ұзақ – длинный

Қалың – толстый слой

Сырғанау – кататься

Сыйлық – подарок

А) сөздерді сөздік дәптерге жазып алу;

Ә) сөздерді дұрыс айту;

Б) сөз тіркестерін құрау.


  • Мәтінмен жұмыс.

Ең суық жыл мезгілі – қыс. Қыста түн ұзақ болады. Жерді қалың қар басады. Қыста жел соғады. Балалар коньки тебеді, шанамен сырғанайды.

Қыста Жаңа жыл мерекесі болады. Жаңа жылда Аяз Ата сыйлықтар береді.


-мәтінді мұғалім дауыстап оқиды балалар тыңдайды;

-балалар оқып, аударады;

-сұрақтарға жауап береді.
-ал балалар мәтіндегі асты сызылған сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

Қандай? – суық, не? – қар, не істейді?- тебеді, сырғанайды, кім? – Аяз Ата.




  • Мәтінге қандай атау қоюға болады?

  • Ең суық жыл мезгілі қандай?

  • Қыста күн қандай болады?

  • Балалар не істейді?

  • Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

  • Аяз Ата не береді?

-Балалар, қазір мен Сіздерге сөздер беремін, сол сөздерден топ болып сөйлем құрайсыздар. Бірінші болып аяқтағандар қол соғып, белгі береді.


1. Қыста түн ұзақ болады.

2. Қыста күн суық болады.

3. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады.


Қыс.

Суық, ақ.

Соғады, борайды, жауады.

Қыста қалың қар жауады.

Қар.


Қыс.

Әдемі, ақ.

Соғады, жауады, сырғанайды.

Қыста күн суық болады.

Аяз.

Қорыту: Синквейн стратиегиясы

Бекіту: Өзін-өзі бағалау тесті.

-Ал балалар, енді мен Сіздердің сабақты қалай түсінгендеріңізді тексеру үшін тест беремін

(3 мин)

1.Ең суық жыл мезгілін ата.

а) күз ә) қыс б) көктем



2. Қыста қандай мереке болады?

а) қар ә) Жаңа жыл б) Аяз Ата



3. «Қыс» сөзінде неше буын бар?

а) 1 ә) 2 б) 3



4. Қыста дала қандай?

а) жасыл, ыстық

ә) ақ, суық

б) көк, жылы



5. Қыста ... жауады?

а) жаңбыр

ә) қар

б) бұршақ



6. Қыс айлары:

а) желтоқсан, қаңтар, қараша

ә) наурыз, сәуір, мамыр

б) қыркүйек, қазан, қараша



Бағалау критерилері: «5» ұпай – 6 жауап

«4» ұпай – 5,4 жауап



«3» ұпай –3 жауап

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: сөздікті жаттау, мәтін бойынша 4 сұрақ әзірлеп келу.

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.
Каталог: uploads -> doc -> 0db9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db9 -> Тәйімбет Көмекбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет