Сабақтың тақырыбы : Ислам діні Сабақтың мақсаты : а білімдік Оқушыларға ислам діні жайлы түсінік



Дата11.03.2017
өлшемі54,42 Kb.
#11450
түріСабақ
И. ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ОҚЫТУШЫСЫ - Абуова Рахия

Мәдениеттану негіздері пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ислам діні

Сабақтың мақсаты: а) білімдік Оқушыларға ислам діні жайлы түсінік,

мағлұмат беру.Ислам дінінің Қазақстанға таратылу тарихымен, қазақ халқының тарихында, мәдениетінде, жалпы өмірінде исламның алатын орны туралы ой толғау. Діни сауатын көтеру

ә) тәрбиелік

Ислам дінінің тарихымен, қағидаттарымен таныстыра отырып, имандылыққа баулу.Өз халқының болмысын (менталитетін) сезіндіру. Қоғамда болып жатқан түрлі

жайттарға өз ойын қалыптастыруға баулу.

б) дамытушылық

Өзара сұхбаттасу арқылы оқушылардың ойлау жүйесін дамыту, таным көкжиегін (кругозорын) кеңейту, ислам діні жайлы мағлұматтар ала отырып, өмірге деген сенімін нығайту

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сұхбат – сабақ

Оқыту әдістері: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары:

ой-шақыру, әңгіме-сұхбат, түсіндіру, демонстрациялық,пікірталас.



Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы: Интерактивті

тақта, интернет материалдары діни әдебиеттер, «Құран-Кәрім», баспасөз материалдары, тақырыпқа сәйкес слайдтар, карта, видеокөріністер



Пәнаралық байланыс: дінтану, Қазақстан тарихы, саясаттану, география

Сабақтың барысы



Ұйымдастыру кезеңі

А) Аудиторияның сабаққа дайындығы

Б) Оқушылардың сабаққа қатысуы

Сабақта жасалатын әрекеттер:

Оқытушының сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлауы.

Топпен жұмыс

Сұрақ-жауап

Интерактивті тақтамен, слайдпен жұмыс

Оқушылардың жұмысы

Оқушылардың слайдпен жұмысы

Сұхбатқа тартылу сұрақтары

Сұхбатты жүргізу

Оқытушының сөзі

Бағалау, комментарий т:б

І фаза. Қызығушылықты ояту

Ой-шақыру әдісі: Оқушыға ой шақыру мақсатында мынандай сұрақтар қоямын:


  1. Ұлтымыз бойынша біз кімбіз?

  2. Кімнің милетіненсің ? Қай діннің өкілісің?

  3. Мұсылман екеніңді қалай дәлелдейсің?

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсатын түсіндіру

ІІ фаза. Мағынаны тану

Жаңа сабақ тақырыбы: Ислам діні

Жоспары: 1. Ислам дінінің шығы тарихы

2. Мұхамед пайғамбардың өмірі

3. Ислам дінінің шарттары мен қағидаттары

4. Ислам дінінің Қазақстанға таралуы.

4 сұраққа 4 оқушы өз бетттерінше даярланып келеді. Өздері ізденіп келген материалдарымен тақырып бойынша айтып шығады.

Оқытушының жаңа сабақты лекциялық материалмен, баспасөз материалдарымен, түрлі қосымша және мәдени әдебиеттермен, слайдтармен қорытындылауы .

(лекциялық материал, оқушылардың дайындаған материалдары қосымша беріледі.)

ІІІ фаза. Ой-толғаныс

«Пікірталас, сұхбат» әдістерін пайдалану арқылы сабақты пысықтау мақсатында оқушыларды сұхбатқа , пікірталасқа шақыру. Сұхбатқа шақыру сұрақтары:



  • 1. Ислам дінінің қағидаттары мен шарттарын орындап жүрміз бе?

  • 2. Намазға жығылу жастар және атақты адамдар арасында “модаға” айналып кеткен жоқ па ?

  • 3.Мұсылмандықты сезіне отырып, қатты таңқалған немесе Сізді таңқалдырған нәрселер, оқиғалар, құбылыстар, жайттар болды ма?

  • 4. “Ислам әлемі және ғылым “ Бұл туралы Сіздің ойыңыз?

  • 5. Сіз мұсылман екеніңізді айналаңызға қалай білдіресіз, өзіңіз қалай сезінесіз?

  • 6.”Қасиетті ҚҰРАНды, Пайғамбардың хадистерін” оқығандар бар ма?

  • 7. Жұма намазға барасыз ба, не үшін немесе сонымен мұсылмандық міндетіңіз біте ме?

  • 8.Батыс елдерінің журналистері байбалам салып шулайтын «мұсылман терроризмі» бар ма? Олардың іс-әрекеті туралы не ойлайсыз?

  • 9. Діни секталар туралы ойыңыз, Сізді шақырып көрді ме, таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында басқа дінге кіргендер бар ма, олар туралы не ойлайсыз.Біздің қаламызда қандай секталар бар екенін білесіз бе?

  • 10. Қазақ қыздарына хиджаб киген дұрыс па, ол біздің менталитетімізге сай келе ме?

  • 11. Жасына жетпей қауғадай сақал қойған жас жігіттердің мұсылмандығы сол сақалға қарап тұр ма?



(оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады)

Сабаққа колледждегі «Аллаһжар» діни-қоғамдық бірлестігінің жетекшісі ЭСХ-170 –тобының студенті Еркебеков Нұржан шақырылады.

Көрнекіліктермен жұмыс

Оқытушының қорытындылауы

Үйге тапсырма: Ислам діні (оқып келу) Эссе: «Мен және ислам әлемі»

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мәдениеттану – Астана., 2007

2.Шәкәрім. Мұсылмандық шарты-А., 1993

3. «Нұр» газетінің топтамасы

4. Имандылық шарттары – А, 2013 ж



5. Баспа және интернет материалдары

Мәдениет пен діннің арақатынас мәселелері әр түрлі ғылыми мектептер мен дүниетанымдық бағдарлар ойшылдарының арасында әрқашан қызығушылық тудырып келеді. Мәдениеттану пәнін оқытқан кезде әлемдік діндерге да бірнеше тақырып бөлінген. Дүрбелеңге толы мына дүниеде діни қақтығыстар жиі орын алып отырған кезде жас білімпаздарға өз дінін, ділін сүюге баулу әрбіріміздің міндетіміз. Әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы ислам дүниесі туралы, оның қағидаттары мен шарттары туралы шәкіртке алғашқы білім беру, олардың дінге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына ықпал жасау- бұл ашық сабақтың міндеті болып табылады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет