Сабақтың тақырыбы : «Жеңіс туралы жыр»әні Ж. Еңсепов. «Ақ кептерлер»



Дата25.08.2017
өлшемі68 Kb.
#26536
түріСабақ
30 орта мектебі


Ашық сабақ

Ән – күй


Тақырыбы :

«Жеңіс туралы жыр»

«Ақ кептерлер»
5 «Ә» сыныбы

Ән – күй пәнінің мұғалімі : Дарменова Ж.
Тараз – 2012 ж.

Пәні : Ән – күй

29



Сынып : 5 «Ә» сыныбы
Сабақтың тақырыбы : «Жеңіс туралы жыр»әні Ж. Еңсепов. «Ақ кептерлер»

әні Н. Тілендиев.


Сабақтың мақсаты :

Білімділік : 1. Оқушыларды Ж. Еңсеповтың «Жеңіс туралы жыр» әнімен, Н.Тілендиевтің өмірбаянымен, «Ақ кептерлер» әнімен таныстыру, нотамен

жұмыс жүргізу.



Дамытушылық : 2. Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Жеке тұлға және жалпы қабілеттілікті дамыту .

Тәрбиелік : Ән-күй арқылы бойына сіңірген шығармашылық қабілетін дамыта отырып , тәрбиелеу .
Сабақтың типі : Жаңа білім беру сабағы .

Сабақ әдісі : Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру, ҮҰБ стратегиялары .

Пән байланысы : Сурет , тарих, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Музыкалық нота , кітаптар, музыкалық аспап , бейнетаспа, интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа, буфер .
Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру кезеңі : 1) оқушыларды түгендеу .

2) оқушылардың назарын сабаққа аудару .

3) жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру .

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту .

1. «Ой шақыру» сатысы.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. «Жеңіс туралы жыр» әнімен таныстыру.

4. Ж. Еңсеповтың өмірбаянымен таныстыру.

5. Музыкалық жазбамен жұмыс.

6. «Ақ кептерлер» әнімен таныстыру.

7. Әннің авторы – Н. Тілендиевтің өмірбаянымен таныстыру.

8. Оқушыларға айтқызып , әнін үйрету.
ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.


ІV. Қорытындылау, бағалау.

«ҮҰБ стратегиясы»


V. Үйге тапсырма .


ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. «Ой шақыру сатысы».

1) Балалар, бізге қандай мереке жақындап келе жатыр ?

2) 7-мамыр қандай мереке ? 9-мамыр ше ?

3) Жеңіс туралы қандай ән мен күйлерді білесің ?


2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
9-мамыр – Жеңіс күні. Бұл күні 1945 жылы екінші Ұлы Отан Соғысының аяқталған күні. 1945 жылы 9-мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне қызыл ту тікті . 1941-1945 жылдары соғысқа қазақтың көптеген жастары қатысты. Олар: Б. Момышұлы,

Т. Бигелдинов, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова т. б. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды.



3. «Жеңіс туралы жыр» әнімен таныстыру.
Жеңіс туралы жыр.
1. Жеңіс келді далама, 2. Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама . Келді ауылға сән-көрік .

Жеңіс келді әке боп, Жеңіс келді, алақай ,

Елдегі бар балаға, Тоя жейтін нан болып,

Елдегі бар балаға . Тоя жейтін нан болып .
3. Күн көзінен арайлы

Нұрлы шуақ тарайды.

Әр ауылға, әр үйге ол

Жеңіс болып қарайды,

Жеңіс болып қарайды .

Қорытындылау.


4. Ж. Еңсеповтың өмірбаянымен таныстыру.

Жүсіпбек Еңсепов – Қазақстанның атақты сазгер – композиторы . Балаларға арналған көптеген әндерді шығарған . Солардың бірі – «Жеңіс туралы жыр».



Қорытындылау.
5. Музыкалық жазбамен жұмыс. Берілген ноталармен жұмыс жасау, ауызша сұрақ-жауап арқылы талдау жасату. Ноталарды әнімен айтқызу.



6. «Ақ кептерлер» әнімен таныстыру.
Ақ кептерлер.
1. Орман дала бөктерлер, 2. Енді қару алмайық,

Арпалыстар өткен жер. Өртенбейік, жанбайық.

Соғыс зарын шеккендер, Біз адасып қалмайық,

Оралмасын өткендер. Ақ аспанда самғайық.

Біз ақ қанат кептерлер Аталардың өмірін

Бізді ұмытып кетпеңдер. Әрі қарай жалғайық.


3. Көгерсін жер көгерсін,

Мол ырысқа кенелсін.

Бейбітшілік жаршысы,

Біз ақ қанат көгершін.

Біз ақ қанат кептерлер

Бізді ұмытып кетпеңдер.


7. Әннің авторы Н. Тілендиевтің өмірбаянымен таныстыру.
Нұрғиса Тілендиев (1925 – 1998) Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Домбыра тартуды 5 жасында меңгерген Нұрғиса, 12 жасында

оркестр құрамында ойнайды. Москваның П. И. Чайковский атындағы

консерваториясының дирижерлік факультетінде білім алды. Нұрғиса

қазақтың музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде

өшпес із қалдырды. Ол көптеген кантаталар, увертюралар, күйлер, әндер жазды.

Қорытындылау.


8. Оқушыларға айтқызып, әнін үйрету.

Қорытындылау.


ІІІ. Білімді тексерту.

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, пікірлері тыңдалады.




ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

«ҮҰБ стратегиясын» қолдана отырып, сабақты қорытындылау.



Не білемін ?


Не үйрендім ?


Не білгім келеді ?













Ү. Үйге тапсырма.

1. «Жеңіс туралы жыр» әнін жаттау.



2. Нұрғиса Тілендиев туралы реферат жазып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 1066
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1066 -> Мектеп: Б. Садырбайұлы атындағы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет