Сабақтың тақырыбы : Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша-бассүйексіздер өкілі



Дата10.03.2017
өлшемі54,19 Kb.
#11301
түріСабақ
Күні:_____________

Сабақтың тақырыбы: Желілілер типіне қысқаша сипаттама.

Қандауырша-бассүйексіздер өкілі.

Сабақтың мақсаты: білімділік: желілілердің жалпы сипаттамасы мен оларға тән белгілермен таныстыру, қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысына, тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.

дамытушылық: проблемалық жағдайлар мен күнделікті деңгейі артқан тапсырмаларды шешу

кезінде дербес ойлана алуды дамыту, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



тәрбиелік: барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке

ықыласты қарым қатынаста болуға, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.



Құрал-жабдықтар: (интербелсенді тақта, эл.оқулық)

Сабақтың көрнекілігі: зиянкес бунақденелілердің суреттері, жинақтамасы, олардың маңызына байланысты суреттер, қандауыршаның суреті, карточкалар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасын сұрау.

А) Фронтиальды сұрақтар.

  1. Бунақденелілердің қоректену жолдары қандай?

  2. Бунақденелілердің шөпқоректі өкілдеріне қандай бунақденелілер жатады?

  3. Жыртқыш өкілдеріне қандай бунақденелілер жатады?

  4. Паразиттік өкілдеріне қандай бунақденелілер жатады?

  5. Аса паразиттік өкілдеріне қандай бунақденелілер жатады?

  6. Олардың биоценоздағы маңызы қандай?

  7. Практикалық маңызы неде?

  8. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі қалай жүргізіледі?

  9. Неліктен құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды?

  10. Бунақденелілерді қорғау қалай жүзеге асуда?

  11. Алғашқы Қызыл кітап қай жылы шыққан?

  12. Қызыл кітапқа тіркелген бунақденелілерді атаңдар.

Ә) Сәйкестендіру тесті.


шөпқоректі бунақденелілер

ханқызы, ызылдауық қоңыз, құмырсқалар, көкқасқа шегіртке, бөгелек, сона,бит,безгек масасы,

қызылша бізтұмсығы,

колорад қоңызы, қасақы жалпайма,

алма гүлжегісі, зауза, қарағай жібеккөбелегі.


жыртқыш бунақденелілер

паразиттік және аса паразиттік бунақденелілер


Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. Тапсырмасы:


Бунақденелілердің түрі

Келтіретін зияны

Бөлме шыбыны




Бит






III Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Желілілер типінің қысқаша сипаттамасы.

    Ұрықтық даму кезінде арқа жағында

    желі болады(ол серпімді, тығыз болады),

    (жоғары сатыдағы жан-да желіден омыртқа жотасы пайда болады)

    Желінің үстіңгі жағында

    жүйке түтігі бар (төменгі сатыдағы жан-да ол өмір бойы сақталады, жоғары сатыдағы жан-да ми мен жұлынға айналған)

    Жұтқыншақтың екі бүйірінде

    желбезек саңылаулары орналасқан(төм.сат. желбезек саң өмір бойы сақталады, жоғ.сат. өкпеге айналған)

    Қан тарату жүйесі

    тұйық

    Денесі

    Үш қабатты,екі жақты симметриялы, соңғы қуысты

  2. Желілілердің үш тип тармағы бар: бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.

  3. Қандауырша- бассүйексіздердің өкілі. Оның 30 түрі бар. (видео көрсету)

Систиматикасы(жүйелеу)

Желілілер типі

Бассүйексіздер тип тармағы

Басжелілілер класы

Кездесетін жері

баяу ағатын жылы теңіздерде

Дене тұрқы

5-8 см

Дене құрылысы

Екі бүйірінен қысыңқы, алдыңғы және артқы жағы сүйір, бассүйегі жоқ,арқа жүзбе қанаты бар,ол құйрық жүзбеқанатымен тұтасып кеткен, ауыз төңірегінде 20 шақты мұртшалары бар,қандауыр деп аталатын медициналық құралға ұқсайды

Ауыз алдында

Қармалауыштар бар

Терісі

Жұқа(сыртқы қабаты-эпидермис, ішкі қабаты- нағыз тері)

Қаңқа қызметін

Желі атқарады

Арқа және құрсақ бұлшықетті

Таспа тірізді созылып жатыр

Асқорытуы

Аузы, жұтқыншағы,қысқа ішек,артқы тесік (аналь)

Тыныс алуы

Желбезек арқылы суда еріген оттегімен

Қанайналымы

Жүрек болмайды,оның қызметінқұрсақ қолқа қантамыры атқарады, қаны түссіз, қантарату жүйесі-тұйық

Зәр шығаруы

Жұтқыншақ маңында түтікшелері орналасқан

Жүйке жүйесі

Жүйке түтігі атқарады,денесіне жүйке талшықтары тарайды,онда жарық сезгіш жасушалар шоғырланған

Жыныс жүйесі

Жыныс бездері жұтқыншақ маңында ор-қан,

Көбеюі

Дара жынысты,сырттай ұрықтанады,

Дамуы

Жыныс жасушалары бөлшектенеді, дернәсілдері су ішінде үш ай еркін жүзеді

Маңызы

Тағамға пайдаланады

ІV. Сабақты бекіту.

А) «Жедел жауап» сұрақтар қою

  1. Желілілер деп неге аталған?

  2. Желілілер қайда тіршілік етеді?

  3. Желілілерге қандай жануарлар жатады?

  4. Желілілерге қандай белгілер тән?

  5. Қандауыршада қаңқа қызметін не атқарады?

  6. Қандауырша қайда тіршілік етеді?

  7. Қ. қанайналым жүйесінде қандай ерекшелік бар?

  8. Қандауыршаны қандай ғалым-зоологтар зерттеді?

  9. Қандауыршалар қай тип тармағына жатады?

Ә) Жұмыс дәптерін толтыру.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

§ 50(жаңа), § 36 (ескі) Тақырыпқа сай рефераттар жазу, суреттер салу, тақырыптың соңындағы кестені толтыру.
Каталог: uploads -> doc -> 0c18
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c18 -> Білім беру саласы: Әлеуметтік Бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет