Сабақтың тақырыбы : Композициялық орталық Сабақтың мақсаты: Оқушылардың композиция туралы білімдерін



Дата31.01.2018
өлшемі113.74 Kb.
түріСабақ
Бейнелеу өнері 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Композициялық орталық

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың композиция туралы білімдерін

кеңейту. Оқушыларды сауатты сурет салуға

үйрету. Акварель бояуымен дұрыс жұмыс

істеугеүйрету.

2 Бояулардың әр алуан қолдану әдіс-тәсілдерін

меңгерту.

3.Оқушыларды достыққа, адамгершілікке,

елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға,

ұқыпты сурет салуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындықтарын, сынып тазалығын қадағалау.

Оқушылармен сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сурет дәптерлерін тексеріп шығу



3.  

Ой қозғау стратегиясы.

(Өтілген сабақтан сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.)

* Табиғатты бейнелейтін шығарма?

* Қазақ суретшілерінің атасы?

* Суда тез еритін бояу?

* Айналамыздағы қоршаған заттардың бізден алыстаған сайын кішірейуін не дейміз?

* Қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қаламұш, қылқаламмен салынатын шығарма?

4. Жаңа сабақ.

Суреші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болу үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп , үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген- компазиция. Композиция латын сөзі, «ойлап шығару» , «құрастыру» деген ұғымды білдіреді. Композицияның қазақша атауы«үйлестіру» деп атайды. Салынған суретте болып жаткан оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасқан белгілі бір орталығы болады. Оны үйлестіру орталығы деп атайды.



Туынды жан-жағынан ешқандай нәрсемен қоршалмаған, адамның көзі ешқандай нәрсеге тоқталмайтын суретті ашық композиция деп атайды. Ал егерде салынған суретте кеңістік жоқ болса жан- жағы қоршалған болса оны тұйық немесе жабық композиция деп атайды



Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады

Композция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол-шығарманың құрлысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндау реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрлысы толып жаткан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерд өзара құрастырып, біртұтас етеді.

Бұл тақырып бойынша сурет салу өзіңді қоршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді көре және айқындай білуге, есте сақтау қабілетін, қиялдау мен аңғарымпаздықты дамытуды көп қажет етеді. Сонымен қатар бояуларды бір – бірімен үйлестіру оңайға соқпайды, себебі акварель немесе карандашпен бояғандағыдай тәсілдерді бұл жерде қолдану біраз қиынырақ болады.

Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланысып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т.б шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты.

5.Өздік жұмыс.

“ Наурыз” тақыбында акварельмен сурет салу. 



6.Сабақты бекіту

  1. Композиция латын сөзінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

  2. Жан-жағы қоршалмаған адам көзі ешнәрсеге түспейтін композиция қалай аталады?

  3. Жан-жағы қоршалған алды тұйық кеңістіксіз орындалған композиция

  4. Оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлер орналасқан орталықты не дейміз?

  5. Композицияның қазақша атауы?

7.Үй тапсырмасы: «Наурыз» тақырыбында салған жұмысты аяқтау

 
Каталог: uploads -> doc -> 101f
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
101f -> Кедей қайтіп күн көрер, Жаз жатақта жатқанын. Жаздай арық қазады, Күздей пішен шабады, Оны-пұны жиғанын Шығын деп тілмәш алады
101f -> Сабақтың тақырыбы Ғарышты игеру Жалпы мақсат: Адам баласының ғарышты игерудегі
101f -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Қайталау Ескерту
101f -> Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды азайту ережесін беріп, рационал сандарды азайту біліктілігін қалыптастыру
101f -> Ашық сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет