Сабақтың тақырыбы : Мәтінмен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет5/12
Дата13.08.2017
өлшемі2,19 Mb.
#23472
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бекіту кезеңі: Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапс-ды.


Антонимдер



Ойды бейнелі түрде жеткізеді

Мағн-ры бір-біріне

Қрма-қарсы болып келетін сөздер



әсерлі түрде

қалды


Мақал-мәтелдерде

Жұмбақтарда жарыса қодан-ды



Болымды-болымсыздық мағын-ры болад

Білімін бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : а) антонимдер(40-бетті оқу); ә) 1,2-топқа 98-жаттығу; б) 3-4-топқа 100-жаттығу.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Бақылау диктанты
Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру


ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі : мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу

Халықтық педагогика Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану : Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды түгелдеу,сыныптың тазалығына көңіл аудару.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қайырымды бала
Қыс еді.Ымырт жабылған кез.Жуырда жаудан азат етілген Курсанова селосына келдік. Жөңкіп қашқан жау әскерінің қанды жасыл ізі сайрап жатыр. Күн шағырмақ аяз. Түнеп шығатын баспана іздедік.Аязды күнді бұлтсыз аспанда қаоың жұлдыздар жымыңдайды. Әлдеқайда алыстан оқтын-оқтын атылған ауыр зеңбіректің өзімізге үйреншікті даусы естіледі.Көшеде қыбыр еткен жан жоқ.Бір балаға кездестік..Баланың ұсқыны тым жүдеу.Үстіне киген жалбыр тоны мұз болып қатып қалыпты.Белін кендір арқанның үзігімен буып алыпты.

Түнеп шығатын үй іздеп жүргенімізді айттық.Баланың аты Володя екен.Ол бізді өз үйіне алып барды.

( С.Омаров)
Үйге тапсырма : Үйге синоним,омоним,антонимдерді қайталап келуге беремін.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Мәтіннен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Өткенді еске түсіру

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,суреттер.

Халықтық педагогика Адамға саусағыңды шошайтпа.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.


1. Омонимдер дегеніміз не? 2.Синоним дегеніміз не? 3.Антоним дегеніміз не?

4.Ашық,қара,күшті сөздерінің антонимін тауып бер.

5.Сұлу сөзінің синонимін тап.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Мәтін – «байланысу,бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.

Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтін сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады.

Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар сипатталады,суреттеледі.

Мәтінге газет-журнал материалдары,өлең шумақтары,оқулықтағы сөйлесу жатады.

 Жаңа сабақтан кейін суретке қарап мәтін құрайды.


  • Жаттығулармен жұмыс жүргіземін.

  • Кеспе қағаздарды таратып,жауап талап етемін


Білімді бекіту : 1.Мәтін дегеніміз не?

2.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?

Үйге тапсырма : Үйге «Менің борышым» деген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
Бағалау : Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і.

Сабақтың тақырыбы : Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты :

а) Нақты мысалдар келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу ;

ә) Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану : Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
1.Синоним дегеніміз не?

2.омоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не?

4.Лексика нені зерттейді?

5.Денсаулық туралы мақал айт.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Лекика ( грекше-лексикос дегенді білдіреді ) тілдің сөз байлығын,олардың мағыналарын сөздік қоры мен құрамын олардың даму,баю жолдарын қарастырады.

Тілдің сөз байлығын бірімен-бірі тығыз байланысты екісаладан тұрады: негізгі сөздік қор жәнесөздік құрам.негізгі сөздік қор деп сол тілде сөйлейтін жалпы халыққа түсінікті тіл жүйесін айтады.Негізгі сөздік қор көлемі жағынан сөздік құрамнан аз болады да,сөздік құрамның бөлшегі деп есептеледі.Сөздік құрам сөздік қорға енетін түбірлік сөздерді ішіне алатын,тілде қолданылы жүрген барлық сөздердің жиынтығы болып саналады.

Сондықтан сөздік қорға қарағанда,көлемі жағынан анағұрлым көп болады.

Тілдің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамының аралары алшақ жатқан дербес,екі бөлек нәрсе емес екеуі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын біртұтас тілдік құбылыс.


Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.

Кеспе қағаздар үлестіріп,жауап аламын.


«Хан талапай» ойыны арқылы сабақты бекітемін.

1.Лексика нені зерттейді ? 2.Тура және ауыспалы мағынаны қалай түсінесің ?

3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не ? 4. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылғы бар ?
Үйге тапсырма : Үйге омоним сөздерді теріп жазып келуге беремін.
Білімді бағалау : Сабақ соңында оқшылардың білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Табу
Сабақтың мақсаты :

а) Табу туралы түсінік беру.Оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру.бір-біріне көмектесу қасиетіне тәрбиелеу ;

ә) Адам баласында кездесетін түрлі қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету.

б) Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,талдау,тіл дамыту,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақтар бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


1.Синоним дегеніміз не? 2.Омоним дегеніміз не?

3.Антоним дегеніміз не? 4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

5.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.Мифтік наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде табу деп айтылады.Мұндай тиым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі.Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының,оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Қазақтың ескі әдет-ғұрыпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарын өз атымен атамайтын болған.

Солардың әрқайсысына жақындықжолына,жаының үлкен –кішілігіне қарай лайықты атқоюға тиісті болған.Мәселен,қызға шырайлым,еркежан,бикеш десе,ұлға шырақ,мырза жігіт,төре жігіт т.б. деп атаған.

Осы ретпен абысын-ажын,,қайын-қайнаға,ата-ене,нағашы-жиен,тіпті жиеншарларға деінат қойып шығатын болған.

Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға,жыртқыш аңдар мен қауіпті жәгдіктерге,түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан.Мысалы : жай түсудің апатынан сақтанып,жайдың атын атамау үшін «жасыл» деп атаған.


∆ Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін.

∆ Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.


Білімді бекіту : 1.Табу дегеніміз не? 2.Жаңа түскен келіндер қайын сіңілілеріне қандй ат қойған?

3.Табу сөздері қай халықта көп тараған?



Үйге тапсырма : Үйге 103-жаттығу.
Білімді бағалау : Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тыйым сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушыығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорытуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.

б) Оқушыларды саналылыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу,балалардың таным белсенділігін арттыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітаптар т.б.

Халықтық педагогика Ас қайырмай дастархан басынан тұрма

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты қаншалықты меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Табу дегеніміз не? 2.Лексика нені зерттейді?

3.Антоним дегеніміз не? 4.Фонетика нені зерттейді?

5.Мәтін дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Тиым сөздердің мәнін түсіндіремін.

1.адамға саусағыңды шошайтпа 2.адамды санама. 3.Тамақты асығысып ішпе

4.Ас қайырмай дастархан басынан тұрма. 5.Ауруға күлме 6.Әдепсіз болма

7.Бас киімді айналдырып киме 8.Босағаға сүйенбе 9.Бір қолмен нан үзбе.


Сабақты түрлендіру: ( топпен жұмыс )
Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздрді теріп жазу.Сөз мағынасын ашу.

Қолқанат ішік есен түс

тымақ қыран балық күрек

нағашы шұлық қысым ұршық


Сабақты бекітіу . Бірнеше тиым сөздердің мағынасын түсіндіремін.
Үйге тапсырма : Үйге біраз тиым сөздер теріп жазып келуге беремін.
Бағалау :Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөздікпен жұмыс

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Омонимдер дегеніміз не? 2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар? 3.Мәтін дегеніміз не? 4.Ауызша тіл дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты тсіндіру :

Тақтамен жұмыс :

1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп көру.

бел құлақ

қырық қосақ

саңырау аяқ

кемпір қазық

темір бақа

тас беу


2) Оңынан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а-дан басталмайтын болсын)

Нан қақ көк тұт іні

шаш кек тот сұс құқ

3) Берілген буындардан сөз құрап жазу.



най

зе

ре

шық

ө

лау

ба

те

ғай

жа

ұр

рын

пан

ла

за

дық

ше

кө


найзағай ұршық көше терезе орындық жалау балапан



Білімді бекіту: 1. Табу дегеніміз не? 2.Көп мағыналы сөздерді қалай түсінесің?

  1. Мәтін дегеніміз не? 4.Лексика нені зерттейді?

Үйге тапсырма : Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.

Бағалау: Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Шығармашылық диктант
Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушыларды жазба жұмыстарында қате жібермеуге,өз ойларын сауатты жазуға төселдіру;

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : Түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазамын

Халықтық педагогика Көп түкірсе көл

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
1.Табу дегеніміз не? 2.Лексика нені зерттейді?

3.Антоним дегеніміз не? 4.Фонетика нені зерттейді?

5.Мәтін дегеніміз не? 6.Қандай тиым сөздерді білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Үш қатарға үш түрлі тапырма беремін.

1) Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

1.Сулы жер,егін ору,шөп шабу.

2.Уәдесінде тұру,киноға бару.

3.Үлкенді сыйлау.

4.Қуаныш,жеміс өсіру.

2) Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

1.Астық,айлық,айдын.

2.Әйгілі,әдемі,әңгіме.

3.Күләш,Кәрім.

3) Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

1.Мұндай,тұқым,үлкен,күрес.

2.Бұлбұл,мазмұн,мағлұмат.

3.Бірсігүні,Бибігүл,аққұтан.

4.Жұлдыз,ұшқыш,күндіз.
Білімді бекіту: Жазған жұмыстарын сұрап,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Үйге тапсырма : Шабыны мол,Құйқалы жер,Мұрты қияқтай.Сәулетші,Мансапқор.Ақсақал.Кереге,шаңырақ
Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрап келуге беремін.
Бағалау: Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дисфемизм

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Бейнет түбі - зейнет

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.


1.Табу дегеніміз не?

2.Қандай тиым сөздерді білесің?

3.Омоним дегеніміз не?

4.Синоним дегеніміз не? 5.Антоним дегеніміз не?

6.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

7.Лексика нені зерттейді?

8.Мәтін дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі,көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады.Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады.Бұл құбылыс тілде эвфимизм деп аталады.Эвфемизм әдепті,сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан.Мысалы, «мылжың» деудің орнына «сөзуар»,өтірік айту дегеннің орнына «қосып айту», «ұрланды» дегеннің орнына «қолды болды», «ұрлық жасамау» дегеннің орнына «ала жібін аттамау» деген сөз тіркестері қолданылады.
Білімді бекіту : 1.Эвфемизм дегеніміз не?

2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Екеуінің қандай айырмашылығы бар?
Үйге тапсырма : 106-жаттығуды Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.Әдепті сөйлеуді үйреніңдер.
Ұры,өсекші,боқмұрын,қырт,саңырау,соқыр,ақсақ,мылқау,топас,жынды.
Бағалау : Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.
5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не? 4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

5.Антоним дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Перифразаның ерекше бір түрі-эвфемизм.Өтірікші - аузының желі бар;ұры – қолының жымқырмасы бар;

Ұрлық қылмайды – біреуің ала жібін аттамайды;ұрлану – қолды болду;өлді – қайтып кету,жан тәсілім қылу .

Эвфемизмдер осылайша әр-түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап жұмсартып айтуды көздейді.

Жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы,тұрпайы сөйлеуден сақтандырып,сыпайы болуға баулитыны байқалады.

Ал дисфемизмді мәдениетті адамдар сөйлемейді.


Тақтамен жұмыс: Эвфемизм мен дисфемизмге бірнеше сөйлемдер құрап жазады.
Бүкіл оқушылармен жұмыс :

Үріп ауызға салғандай,жүрек жұтқан,жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бстан қуырдақтық ет алған т.б.

Осы берілген тұрақты тіркестедің қайсысы жағымды,қайсысы жағымсыз екенін айтып мағынасын түсіндіріп сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма : іске сәт,ұтты болсын,оң сапар,қырық жілік болғыр,сеспей қат,жер жастанғыр,мұратқа жет.

Осы тіркесті сөздерді қайсысы дисфемизм екенін ажыратып жазып келуге беремін.


Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.


5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап

Халықтық педагогика Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет