Сабақтың тақырыбы : М.Әуезов



Дата25.12.2016
өлшемі91,45 Kb.
#4745
түріСабақ
Кожамкулова Шолпан Есентаевна

.Жамбыл облысы

Мойынқұм ауданы

Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің

мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына,

идеясына, тақырыбына талдау жасату.
Тәрбиелілік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында

адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді

қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға,

оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.


Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай ибілуін,

нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту.


Сабақтың типі: Қайталау сабақ

Сабақтың түрі: Сот сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сот сабақ , «Бес жолды өлең» ,

«Әңгіме кестесі» т.б.


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Шығармаға талдау жасау.

-Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда шығарманы талдауды әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда:




Әңгімедегі негізгі ойды ашатын оқиғалар қайсы?

Жауыздық, өшпенділік Көксеректің табиғат жаратқан

болмысы ма, әлде...

Көксерек жауыздық іс-әрекет жасағанына кім кінәлі?

деген сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғаймыз.

Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін өткен сабақта жасаған трек сызбаға оралайық.

Тағылар ұрпақ қамында




Көксеректің ажалы Адамдар тағылымы


Бітпес өшпенділік «Көксерек» Тұтқын Көксерек

әңгімесі

Қараадырдағы Ұяластармен

мазасыздық табысу

7 бөлім бойынша 7 оқушыға 2-3 сөйлеммен шолу жасатқызамын.

-Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. Енді сендердің шығарманы қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқау үшін келесі іс-әрекетімізге көшеміз.
1.Салыстырыңыз

Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз.


2. Қолданыңыз

«Көксерек» сөзін қолданып, «Бес жолды өлең» құраңыз.


3.Елестетіңіз

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз


4.Суреттеңіз

Ақ қасқырдың күшігінен айырлағыннан кейінгі мінез-құлқындағы өзгерісті суреттеңіз.

5.Ауыл адамдарының іс-әрекетін құптауға болама?
6.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Сот процесін жүргіземіз.

Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?

Бұл мәселені талқылау үшін біз ортаға құқық қорғау қызметкерлерін шақырамыз.

«Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде талқыланады.

(Көрініс. Ортаға сот, ақтаушы, Көксерек,

даттаушы куәгерлер, хатшы шығады.)
Сот процесі
Хатшы:

Тұрыңыздар «сот» келді!



Сот:

Ықылым заманнан бері жер бетіне адам мен қасқырдың ізі қатар түсіп, бірін-бірі аңдумен келеді. «Даудың басы- Дайрабайдың көк сиыры» демекші, адамзат пен қасқыр атаулының арасындағы бітіспес араздықтың басты себебі- қасекеңнің төрт түлікті тіске басуға деген тым құмарлығы. Сол себепті адам баласы бөрі біткенге күні бүгінге дейін бітіспес майдан ашып, білек сыбанып, бел шешіп күресумен келеді. Тіпті біздің дәуірімізге дейінгі Ежелгі Грекия мен Рим империясында аталмыш жыртқыштың санын азайтуға үлес қосқандар мемлекеттік дәреже- деңгейдегі мадақ-марапатқа ие болып отырған. Сөйте тұра бұл жыртқыштың жалпы мөлшерін кеміту қай заманда да кім-кімге де оңайға түскен жоқ. Бүгін «Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі ме?» деген сұрақ сот процесінде қарлады. Осы іске байланысты қарсылықтарыңыз барма? Жоқ болса онда отырысымызды ашық деп жариялаймыз.


Даттаушы:

Қасқырдан басқа жыртқыщ біткеннің бәрінде тіпті аң патшасы арыстанды да, сонан кейінгі «Атаман» жолбарысты да баулуға болады екен.Тек қасқыр ғана адам баласының айтқанына көніп, айдауына жүрмей қойыпты. Расында да, қасқырды көзін ашып, бауырын көтеріп жарытпаған бөлтірік кезінен асырап, қолға үйретуге ниеттенгендер қазақ арасында да ұшырасқан. Алайда ондай жайттардың барлығы дерлік қайғылы жағдай, «Көксерегінде» әлгіндей оқиға өзек болып отыр.


Ақтаушы:

Қасқырдың да басына күн туып, запыран құсып, айналасынан, әсіресе, адамдардан аяушылық күтіп «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманға ұшырайтын кезі де аз емес. Ш.Айтматовтың «жан пида» романындағы бірнеше бөлтірігі қолды болып, аналық жүрегінің шуақ шапағатын кімге шашарын, аналық мейірімін кімге төгерін білмей шарқ ұрып, ақыр аяғында «Адам баласы болса да, бұл да менің бөлтірігіндей сәби ғой» деген аналық оймен шопанның кенже баласын алып қашып бара жтып оққа ұшқан Аққұртқа қаншықтың тағдырын еске түсірейік. Бұрындарры ең соңғы қасқырға дейін құртып жіберген елдер бүгінде табиғаттың осы бір қайсар перзентін қайта тулету жолдарын қарастыруда.


Даттаушы:

Құрмаш «Көксерек» деп ат қойды, итаяқ әзірледі, қойнына алып жатты. Ауыл иттерінен аралаш алатын.

Төраға мырза сот процесінде куәгер ауыл тұрғынын шақыруды ұсынамын.

Сот төрағасы:

Қарсылығым жоқ.



Ауыл тұрғыны:

Түнде қозылардың құйрығын иіскелеп жүреді. Қойды үркіте береді. Ұры. Асыраса да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!


Хатшы:

Келесі куәгер Құрмаштың апасы.



Апасы:

Көксерек ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды да, жемейді. Көзі тайса жоқ қылады. Кернеу, ши ішіне кіріп кетіп асулы тұрған ет болса, қазанда іркіт, қатық болса жеп қояды. Күніне екі мезгіл тамақ ішетін, кәпір.


Ақтаушы:

Ол үшін таяқ та жейтін. Талай рет оқыста төбесінен таңқ етіп оқтау мен бойын тызылтып, шыпыртып қамшы да тиетін. Ауыл иттері де талап тастайтын. Өзі ізденіп ешкімге соқтықпайтын. Атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса келетін.



Даттаушы:

Татулық жоқ, суық. Жадырап ойнап көрген емес.



Хатшы:

Айыптаушы Құрмаштың әкесі шақырылсын.



Құрмаштың әкесі:

Қойға қасқыр шапқанда өзінің ұяластарының соңынан кетті. Кәпірдің көзі жап-жасыл , тұқымын сезген жүзі қара ғой. Өлтіріп терісін алайық деп едім. Балам көнбеді.



Ақтаушы:

Халық арасында «Қасқырды аяғы асырайды» деген мәтел бар. Қасқырдың негізгі қорегі- ет. Сондықтан табиғат заңы бойынша өз қорегін өзі тауып жейді.



Хатшы:

Айыптаушы халық атынан шақырылсын.



Халық:

Қараадырдың іші-тысындағы ел түгел көресіні көрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін. Кісіден қорықпайды. Торуға мезгіл таңдамайды. Алыстан мылтық атып, қорқытпақ болғандарда бар. Одан да жасқанбады.



Ақтаушы:

Негізіне ұялас туыстар бірігеді. Қасқырлар қоғамында атам заманнан бері мәңгілік патриархат. Ерлі-зайыпты қасқырлар жұбы өмір бойы сақталады. Ересек қасқыр біткен өз ұрпағының шын мәніндегі адал тәрбиеші.



Даттаушы:

Бірақ Көксерек өзінің күшігін жерге жұлқып-жұлқып соғып, қабырғаларын сындырып, өлтіріп тастайды. Ол қандай тәрбиеші, онда жүрек жоқ.



Ақтаушы:

Аққасқырға жем таситын болады. Бөлтіріктерімен ойнайтын. Ал енді ауыл адамдары Көксеректің бөлтіріктерін де өлтіріп тастайды ғой. Бізде де аяушылық болған жоқ.



Даттаушы:

Тыным алмай баяғы ізімен елді қайта қан қақсатады. Бұрынғадан жаман құтырады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны 50-60-қа жетті.



Хатшы:

Куә күзетші шақырылсын.



Күзетші:

Менің айқайым, иттердің үріп тұрғаны бұғат бөгет емес. Мылтық та атылады, дауысынан ғана сескенеді. Біраздан соң қайта шабады. Жылқы, тай-құнанды да жеп тұрды. Сөйтіп жүріп адамға да шауып, Құрмашты мерт қылды. Бұған аяушылық жоқ. Ең ауыр жаза алғаны дұрыс деп санаймын.



Сот төрағасы:

Ақтаушы, даттаушы қосатындарыңыз барма?



Ақтаушы:

Жоқ


Даттаушы:

Жоқ


Хатшы:

Сот шешімін шығаруына байланысты, үзіліс жарияланады.


(үзіліс мезгілінде оқушылардан ойларын сұраймын)
Хатшы:

Тұрыңыздар, Сот келе жатыр.


Сот төрағасы:

М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінде бала жүрек Құрмаштың бөлтірікті асырап, өзінің бар мейірімін төгіп, тіпті қойнына алып жатып, еркелетіп, қолға үйретпекші болған. Алайда, бұл жағдай қайғылы жағдай, қанды оқиғамен аяқталып отыр. Сірә, атам қазақ «қасқырды қанша асырасаң да түзге қарап ұлиды» деп тектен-тек айтпаса керек. Ия, қасқырдың аты-қасқыр.


Жоғарыда айтылғандардың барлығы қарастырыла отырып, сот мынадай шешімге келді.

Қазақстан Республикасының атынан:

Сот шешімі:

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96-бабының 3-бөлігінің 7-тармағына сай Көксерек Құрмаштың өліміне кінәлі деп танылсын.



Сот төрағасы:

Сот отырысын жабық деп жариялаймын.


Сот процесі аяқталғаннан кейін оқушылардың ойларын сұраймын.

Сот процесінің шешіміне сендер қалай қарайсыңдар?

Келісесіңдер ме? Неге?
ІІІ.Қорытынды бөлім:

«Әңгімелесі кестесін» құру

1.әңгіме аты

2.Авторы


3.кейіпкерлері

4.Немен аяқталды.



5.Не үйретті.
(Соңынан өзім қорытындылап аяқтаймын.)
ІҮ. Бағалау

Ү.Үйге тапсырма:

«Адамның ең жақсы қасиеті-жақсылығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет