Сабақтың тақырыбы : Microsoft Excel кестелік процессоры Сабақтың мақсаты: а бiлiмдiлік



бет1/2
Дата03.07.2017
өлшемі0,58 Mb.
#20680
түріСабақ
  1   2
Тлеушова Айжан Утегеновна

Орал қаласы

Орал гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры
Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: Microsoft Excel-кестелік процессорының терезе элементтерімен жұмыс, теориялық білімді практикамен ұштастыру, электрондық кестені экономикалық есептерді шешуде қолдану.

ә) дамытушылық: Студенттердің MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып тапсырмалар орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және интерактивті тақтаны қолдану, олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау;

б) тәрбиелiк: студенттердің бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрi: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, дамыта (деңгейлеп-саралап) оқыту, сұрақ-жауап әдісі
Оқыту формалары: жеке және топтық
Инновациялық технология: интерактивті тақтаны қолдану.
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, экономика.
Сабақтың жабдықталуы: Компьютер құрылғылары, Excel электрондық кестесі, интерактивті тақта, топшамалар, үшбұрыш («3» бағасы), төртбұрыш («4» бағасы), дөңгелек («5» бағасы) фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін жарты фишкалар, тапсырмалар жазылған слайдтар, карточкалар, әр саланың бухгалтер-экономисі есептейтін жұмыстары, ортақ бағалау парағы.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: .

  • Студенттерді түгелдеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.


2. Оқытушының кіріспе сөзі

Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, студенттердің үй тапсырмасы «Excel кестелік процессоры» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады.

Үй тапсырмасы интерактивті тақтадан деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдалады. Әр студент таңдаған сұраққа жауап береді, фишкалар жинайды. Әр студент сабақ соңында жинаған фишкаларының саны мен түріне қарай ұпай жинап, бағаланады.


  1. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау

Студенттерге MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:

  1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай?

  2. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз;

  3. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?

  4. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

  5. Кестенің қатарлары мен бағаналарын ерекшелеудің айырмашылығы неде?

  6. Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық орташа шаманы қалай анықтауға болады?

  7. Ұяшыққа формулаларды қалай енгіземіз?

  8. Мәліметтердің жалпы соммасын қалай табамыз: максималды, минималды және орташа мәнін?


Жауаптары:

  1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері:

Microsoft фирмасының Excel программасы - кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын программа.

Мүмкіндіктері:



  • Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу;

  • Тиімді ету мәселелерін шешу;

  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдау;

  • Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;

  • Мәліметтер базасын даярлау;

  • Мәліметтерді статистикалық талдау, т.б.

  1. Негізгі ұғымдары:

  • Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

  • Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

  • Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

  • Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

  1. Қатарлар мен бағаналарды ерекшелеудің айырмашылығы:

  • Бағананы белгілеу – сәйкес әріпті шерту.

  • Қатарды ерекшелеу – сәйкес нөмірді шерту.

  1. Арифметикалық орташа шаманы анықтау:

  • fx батырмасы арқылы сұхбат терезесінен қажеттісін – срзнач – таңдап, екінші қадамда мәліметтер блогын енгіземіз.


2. Терезе элементтерін орналастыр

1. Тақырып жолы

2. Меню қатары

3. Стандартты аспаптар

4. Пішімдеу панелі

5. Формула жолы

6. Жұмыс парағы

7. Бағандар аты.

8. Жол нөмірі

9. Тапсырмалар аумағы

10. Айналдыру жолағы

11. Таңбашалар немесе парақ



12. Қалып-күй жолағы



  1. Кестені толтыру




Кестелік процессорды іске қосу жолы қандай

Құжатты қалай сақтаймыз

Құжатты қалай ашамыз

Жұмыс кестесінде қанша жол, баған бар

Жұмыс кестесінде үнсіз келісім бойынша неше бет беріледі


















  1. Суретке қарап терезелерді түсіндіру





Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет